Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зерттеу Әдістері мен материалдары

Автор:   •  Апрель 8, 2018  •  Курсовая работа  •  7,679 Слов (31 Страниц)  •  1,068 Просмотры

Страница 1 из 31

МАЗМҰНЫ

1. ӘДЕБИЕТКЕ  ШОЛУ        1

1.1 Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралу көздері        1

1.2  Ауыр металдардың биологиялық әсері.        2

1.3  Табиғаттағы ауыр металдар        5

1.4. Топырақтағы ауыр металдар.        7

2. Зерттеу Әдістері мен материалдары        9

2.1 Зерттеу тәсілдері        9

2.2 Үлгілерді алу және сақтау        10

2.3 Өлшеу заттары, қосымша жабдықтары, ыдыс, реактивтер және материалдар        10

2.4 Реактивтер және материалдар.        11

2.5 Ерітінді даярлау        12

2.6 Өлшеулерді орындау        13

3. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІМЕН ОНЫ ТАЛДАУ        15

3.1. Текелі ГОК ОАО "КАЗЦИНК" өндірісінің        15

жоспарлы құрылымына мінездеме        15

3.2 Өндіріс қалдықтарының сипаттамасы        19

3.3 СҚЗ шекарасындағы қоршаған ортаның экологиялық жағдайының параметрлері        24

Қолданылған әдебиеттер тізімі        31

1. ӘДЕБИЕТКЕ  ШОЛУ

1.1 Ауыр металдардың қоршаған ортаға таралу көздері

      Адамзат өзінің тіршілік барысында қажетті материалдарды өңдеуге байланысты алуан түрлі өндіріс көздерін пайдалануда. Осы себепті біздің негізгі тіршілік ортамыз биосфераның ластануы бүкіл планетамыздың өзекті мәселесіне айналып отыр. Түрлі өндіріс көздері: ауыр өнеркәсіп, жеңіл өнеркәсіп, автотранспорт және ауыл шаруашылығы сияқты т.б. өнім шығару барысында қоршаған ортаға (су, ауа, топырақ) және тірі организмдердегі айтарлықтай кері әсерін тигізетін орасан зор зиянды заттар, әсіресе металдар көптеп бөлініп шығуда. Мысалы: қорғасынның антропогендік әсерінен қоршаған ортаға бөлініп шығу мөлшері табиғи деңгейден 18 есе артық, кадмий – 9 есе, цинк – 7 есе, мыс- 3 есе т.т. (22).

      Ауыр өнеркәсіптен жыл сайын қоршаған ортаға 30,6 тонна сынап, 76,5 тонна кобальт, 12000 тонна никель, 15000 тонна молибден, 89000 тонна қоғасын, 121000 тонна мырыш, 154690 тонна мыс бөлініп шығады.

      Көмір және мұнай өнімдерін жағу салдарынан қошаған ортаға 1600 тонна сынап, 3600 тонна қорғасын, 3700 тонна никель бөлініп шығады. Ал автотранспортты алатын болсақ 26000 тонна қорғасын бөлініп шығады.

      Қара металлургия. Негізінен өндіріске үлкентоннажды жоғары температуралық чугун және болат еріту процессі жатады (12).  Темір кенін негізінен темір оксидіндегі түрін сутегі арқылы таза темірге дейінгі қалыптасуын сипаттайды. Кендерді алу және өңдеу ауаның ластануына әсерін тигізеді, себебі шикізаттарды даярлауда және кендерді доменді пештерге салған кезде олардан үд-лкен мөлшерде шаң түзіледі. Шығатын газдарда көп мөлшерде СО2 болғандықтан домна пештердің өздері де ластаушылардың бірі болып саналады (17). Коксты пештерде кенді салған кезде, бу және кокс суығанда шығатын ұсақ  бөлшектер, одан басқа сульфид, мекаптан және т.б. иісі жаман химиялық заттар ауаны ластайды.

      Химиялық өндіріс заттарды әртүрлі шикізат түрінде шығарады. Соның ішіндегі суперфосфатты тыңайтқыштар шығаратын зауттар, күкірт қышқылы арқылы фосфатты кендерді өңдеу барысында атмосфераға фторлы сутегі бар және басқада құрамында фтор бар газдар шығарылады (27).

      Қағаз және целюлоза өндірісінде ауаға күкірт сутек меркаптан бөлінеді.

      Автотранспорт, дамыған елдерде негізгі ластаушылардың бірі болып табылады. Бұл мәліметті  № 1 кестеге қарап көруімізге болады.

     Кесте   1

  Ластану млнТ/жыл

Көміртегі оксиді

              59,7        

Көмір сулар және т.б. органикалық зат

              10,9

Азот оксиді

              5,5

Күкірт қоспасы бар қосылыстар

              1,0  

Микробөлшектер

              1,0

...

Скачать:   txt (103.8 Kb)   pdf (410.7 Kb)   docx (92.8 Kb)  
Продолжить читать еще 30 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club