Оқылым дағдысын қалыптастыру
Автор: Nur2706 • Сентябрь 30, 2019 • Реферат • 807 Слов (4 Страниц) • 864 Просмотры
С1 деңгейі
ЖЕТІ ЖҰРТТЫҢ ТІЛІН БІЛ
ОҚЫЛЫМ
1.Майя Веронская, тележүргізуші:
Қазақшаны әкемнің арқасында үйрендім
-Эфирдегі Майя көзі қырағы көрерменге таныс, ал өмірде қандайсыз?
-...Менің мінез-құлқым һәм болмыс-бітімім жөніндегі өзгелердің айтқаны дұрыс шығар. Отбасым жайында айтар болсам, әкем-тіл маманы әрі аудармашы, анам-дәрігер. Бауырларым да бір-бір мамандықтың иесі, бірақ біздің шаңырақтан көпшіліктің көз алдында жүргені – мен ғана.
-Ұлтыңыз орыс болғанмен, қазақ тілді тележүргізуші ретінде танылдыңыз. Мемлекетттік тілді үйреніп қана қоймай, сол тілде хабар жүргізудің сыры неде?
-Жоғарыда айтып өткенімдей, әкем – филолог.Содан болар, кішкентайымнан «қызым, қазақ тілін жетік білуің керек» деп айтып отыратын-ды. Менің бастауыш сыныпты орысша оқығаныма қарамастан, 5-сыныпқа көшкенде Ш.Уәлиханов атындағы №12қазақ орта мектебіне ауыстырып, қазақ тілін меңгеруіме әсер етті. Мектеп бітіргеннен кейін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ филологиясы факультетінің аударма және құжаттану бөліміне оқуға түстім. Мектеп пен жоғары оқу орнында қазақ тілінде білім алғандықтан, хабар жүргізуде тіл жағынан қиындық көрген емеспін...
-«Көңілашарды» есептемегенде, басқа да бағдарламаларды жүргізгеніңізді білеміз...
-Иә, осыдан 3-4 жыл бұрын «Әлем арт» музыкалық хабарын тізгіндесем, соңғы жылдары «Екі жұлдыз» жобасын жүргізіп келемін.Өзіңіз айтып өткен «Таңшолпанның» (бұрынғы «Көңілашар») тізгіні де бізде. Сонымен қатар, телекөпірлер мен ресми жиындарға, сондай-ақ ән кештеріне атсалысып тұрамын.
-Солардың қайсысы жаныңызға жақын?
-Әр хабардың өзіндік қызық-шыжығы, бағыты бар. «Екі жұлдыз» сенбі күні көрермендердің асыға күтетін думанды кеші болса, «Таңшолпан» - түрлі тақырыптарға күн сайын кеңінен тоқталатын бағдарлама. Яғни, әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері жетіп артылады.
-Екеуінің де қиындығы мен қызығы бар деп қалдыңыз ғой, соған кеңінен тоқталсаңыз...
-Таңғы хабарды жүргізетін күні сағат 4-те ұйқыдан оянып, 30-40 минуттың ішінде студияда отыруымыз керек. Мамандар шашымызды сәндейді, бетімізді бояйды, киім таңдасады... Одан бөлек, «Таңшолпанға» сценарий жазатыным және бар. 30 беттік мәтінді, эфирде айтылатын әрбір сөзді қағазға түсіру, бәрінен бұрын, оны бейнекамера алдында айна-қатесіз оқу зор жауапкершілікті жүктейді.
-Жалпы, сіздің ойыңызша, отандық телевизия саласындағы кем-кетіктер қандай?
-Ойландыратын сұрақ...Кемшілік демей-ақ қояйын, мендегі бір тілек – төл бағдарламамызн, яғни қазақтың иісуі «шығып тұратын» жобаларымызк көбейсе екен. Мысалы, ұлттық өнеріміз – айтысты неге кеңінен насихаттамасқа?! Шетелдік хабарларды көшіріп, оны елімізде көрсеткеннен гөрі, жаңағы мен айтқан жобаның маңыздылығы, соның ішінде жастарға берер тәлім-тәрбиесі мол деп есептеймін.
-Қазіргі тележүргізушілер эфирге ашық-шашық, құдды тойға барғандай жылтыр түсті киіммен шығуға әуес, оған қоса тілді бұзып сөйлейді» деген пікірмен келісесіз бе?
-Киімге келер болсам, әр телеарнаның өзіндік бағыты бар. Мәселен, кейбір арнаның өкілдері эфирге джинсы матасынан жасалған киімдермен шыға берсе, бізге ондайға рұқсат жоқ. Ұлттық арна болғандықтан, бізге қояр талап өзгеше. Қыз-келіншектердің көбіне-көп көйлек киіп шыққаны құпталса, түрлі жазуы бар, бірнеше түстен құралған киімдерді мүлдем кимейміз. Себебі алдымен көрермендерімізді сыйлауымыз қажет. Ұлттық арнада «көшенің тілінде» сөйлейтін, жоғары білімі жоқ адамдар тележүргізушілікке алынбайды. Ал «көзі ашық, көкірегі ояу» жанның кітап оқымауы мүмкін емес секілді...
-Осы ретте, соңғы оқыған шығармаңызды айтып өтсеңіз.
-Негізгі жұмысым – адамдармен қарым-қатынас болғандықтан, кез келген көрерменмен бірден тіл табысуға міндеттімін. Сондықтан да психологиялық бағыттағы кітаптарды көп оқимын. Бірер апта бұрын Ә. Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдары» мен П.Коэльоның «Алхимик» кітаптарын қайта парақтап шықтым.
-Ал тележүргізушілердің әлеуметтік жағдайы қандай?
-Еңбекақымыз жоғары деп айта алмаймын. Біреуден ілгері, біреуден кейін күн кешіп жатқан жайымыз бар.
-Әңгімеңізге рақмет!
...