Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Орта топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету әдістемесі

Автор:   •  Май 4, 2018  •  Лекция  •  955 Слов (4 Страниц)  •  2,399 Просмотры

Страница 1 из 4

37. Орта топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету әдістемесі.

       

       Музыка тыңдау жөніндегі бағдарламаның талаптары балалардың музыкалық қабылдауын одан әрі жетілдірудің алғы шарты болып табылады. Ол музыканың жаңалық, толқыныс жайлы «әңгімелейтіндігін», балалардың музыканы тыңдауға деген қызығушылығы мен оның дыбысына деген ынтасынан келіп туады. Сондықтан да онша күрделі емес шығармаларды: салтанатты-көңілді, нәзік сезімді, байсалды, біркелкі секілді алуан әсерлердің бейнеленуі маңызды.

Бұл жастағы балаларда музыканы ақырына дейін тыңдау кезінде есту қабілеті мәдениетінің қарапайым дағдысы қалыптасады. Мұның өзі пьесаның жалпы сипаты мен бағдарын, оның айқындаушы құралдарын балалардың түсінуіне көмектеседі. Егер шығарманың жоғарыладтық, ырғақтылық, темптік, динамикалық сан қырлылықты ұштастыра отырып, музыкалық образ жасайтын жарқын сипатты әуені болса, онда оны тұтастай қабылдау мазмұнды бола түседі. Орыс композиторы С.Рахманинов әуенді музыканың «жаны» деп атаған.

Музыканы балалардың түсінуіне және есте сақтауына көмектесетін әр түрлі ойын тәсілдерін, музыкалық жұмбақтарды, ойыншықтарды қолданған жөн. Әрбір жаңа шығарма-әсер алу, толқу,жаңалық болып табылады.

       Сабақтарда педагог тыңдау дағдысын тәрбиелеу жұмысын ұдайы жүргізіп отырады. Балалар енді музыканы ақырына дейін тыңдау керектігін, ол кезде сұрақ қоюға болмайтындығын білетін болады. Оқыту барысында балалардың әннің, пьесаның ұнаған-ұнамағаны, онда не туралы айтылатындығы жиі сұралады. Балалардың музыканы саналы түрде тыңдағаны жөн.

Педагог жыл аяғында балалардың музыкаға деген ынта-ықыластарының бар-жоқтығын, музыканы тыңдағылары келетін келмейтінін, қандай шығармаларды сүйіп тыңдайтынын, әр алуан музыканы қалай қабылдайтынын, таныс әндер мен пьесаларды әуеніне қарап білетін-білмейтіндігін анықтайды. Бұндай сапа көптеген сабақтардың барысында айқындалады.

38. Ересек топтағы балаларды музыка тыңдау дағдысына үйрету әдістемесі.

      Бағдарлама балаларды сан алуан шығармалар мен тақырыбы, жанры, сипаты және бейнелеу құралы жағынан әр қилы аспаптық және вокалдық шығармалармен таныстыруды қарастырады. Осының негізінде айналадағы өмірге деген эстетикалық көзқарас, қызығушылық ынтасы тәрбиеленеді.

Танымдық міндеттер балалардың музыкалық қабілеті мен әсерленуін жетілдірумен тығыз байланыста шешіледі. Олар қоғамдық оқиғаларға қызықтыра түседі, оларға кітап оқып беріледі. Ленин жайлы, Отан туралы, өздерінің туған қаласы, үлкендердің еңбегі, басқа ұлттардың балалары жайлы ән шырқалады, әңгіме айтылады. Мұның бәрі де музыкаға тән құралдар арқылы бейнеленеді. Мәселен, А.Пахмутованың «Біздің Кеңестік Отанымыз туралы» («Про нашу Советскую Родину») әнінде Кеңес елінде балалардың көңілді, жақсы тұратындығы, батыл да күшті болып өсе алатындығы айтылады. Бұл сезім-күйлер поэтикалық тексте де, көңілді вальс жанрында жазылған музыкада да бейнеленген.

Бағдарлама сондай-ақ тыңдалған әндер мен пьесаларды, олардың ерекшеліктерін есте сақтау қабілетін дамытуды да қарастырады.

Сөйтіп бағдарлама талабы ересек балаларға музыканы зейін қоя тыңдауды көңілді, қайғылы әуендері, марш, би, бесік жырларын айыра білуді, шығармаларды есте сақтауды және оны кіріспесінен білуге саяды.

Тыңдау мәдениетінің дағдысын игеру жұмысын жалғастыра отырып, педагог балалардың эмоционалды әсерленуіне  жеткізеді, сонымен қатар баланың есту, аңғарымпаздығын жетілдіреді, музыка жайлы қысқа мәліметтер береді, пікірін айтуды ұсынады. Бұл жаста балалар пьесаның бірнеше бөліктен тұра алмайтындығын көз алдарына елестетеді. «Бөлік» (констрасты музыкалық эпизодқа қолданылады), «Кіріспе» ұғымдарын олар көбінесе қатесіз анықтайды. Музыка жөнінде мәліметтерді иллюстрациямен нақтылап отыру қажет. Мәселен, бала назарын музыканың жоғары немесе  төменгі дауысына аудара отырып, педагог бір пьесаны, ал соңынан оған кері сипаттағы басқа бір пьесаны орындайды.

...

Скачать:   txt (14.4 Kb)   pdf (76.1 Kb)   docx (14.5 Kb)  
Продолжить читать еще 3 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club