Оқушылардың орфографиялық білім, білік, дағдысын қалыптастыра оқытудың ғылыми-теориялық негіздері
Автор: Gulmira Zhapbarova • Май 3, 2020 • Курсовая работа • 13,266 Слов (54 Страниц) • 869 Просмотры
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақ тілі – мемлекеттік тіл. Мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылығына байланысты. Мектепте қазақ тілі пәнін жүргізудің мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын дамыту, қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру.
Қазір білім саласында оқытудың жаңа технологиясы кеңінен қолданылуда. Оқыту технологиясы – бұл, бір жағынан, оқу – ақпаратын дайындау, өңдеу, әдіс-тәсілдерінің жиынтығы, екінші жағынан, ұстаздың шәкіртіне оқыту үрдісінде қажетті технологиялық және ақпараттандыру құралдарын пайдалана отырып ықпал ету тәсілдері. Оқытудың мазмұны мен оқыту әдістері өзара тығыз байланыста болу керек.
Бүгінгі күнгі ғылым мен техниканың дамуы қазақ тілін оқытудың жаңаша жолдарын талап етеді. Тәуелсіз Қазақстанның әр азаматы мемлекеттік тілде еркін қарым-қатынас жасауы керек. Ол үшін адамдармен қарым-қатынас жасау, яғни коммуникацияға түсуді үйрету қажет.
Қазіргі жаңа педагогикалық парадигмаға сәйкес мемлекеттік тілді оқытуда озық технологиялардың қолданылуы тиімді оқыту әдістемесін жетілдіре түседі. Олардың тілдік қорын молайтуда, ауызекі сөйлеу тілін дамытуда, тілге деген қызығушылығын арттыруда коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруын жүзеге асырудың бірден-бір ұтымды жолы болып табылады. Оқушының білім деңгейін көтеруде, жан-жақты білім беру ортасын құру. Әр оқушы өзін-өзі жеке тұлға ретінде қалыптастыруына, қарым-қатынасының нығаюына, оқушының білім алуына қолайлы жағдай туғызу, тілге деген қызығушылығын арттырып, оқушылардың сөйлеу тілін, сауаттылығын таныту, тілді үйретуде әдіс-тәсілдер, оны қызықтырып оқыту амалдары арқылы еркін сөйлей білу дағдыларын қалыптастырып, оқушылардың лексикалық қорын байытып, мемлекеттік тілде сөйлей, оқи, жаза білуге үйрету.
Тіл дамыту - тіл үйретудегі қарым-қатынас құралын іске асыру. Оқушының тілін дамыту лексикалық және грамматикалық тұлғаларды меңгерту, оларды сөйлемде қолдану дағдыларын қалыптастыру, сөз, сөз тіркесі, сөйлем арқылы тілдік әрекетке жетелеу болып табылады.
«Қазақ тілінің» жаңа бағдарламасында «Білім берудің негізгі сатысында қазақ тілін оқытудың мақсаты – ана тілінің қоғамдық- әлеуметтік мәнін түсінген, тілідің қызметін жүйелі меңгерген, қатысымдық біліктілігі дамыған дара тұлға даярлауға мүмкіндік туғызу» деп көрсеткен [2,6]. Бұл – өмірдің өзі туғызып отырған талап. Оқушылардың дүниетанымдылығын қалыптастыруда, олардың ойлау, қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіруде сауатты жазу мен мәдениетті сөйлеудің маңызы ерекше. Бұл үшін оқушы тілдің фонетикалық жүйесін, сөздің орфоэпиялық нормаларын, сөз және оның мағынасына орай орнымен қолдана білу, сөздің морфологиялық құрылымы, сөзден сөйлем құрау жолы сияқты күрделі нәрселерді меңгеруі қажет. Сонымен қатар, бүгінгі таңда қазақ тілінің қоғамдық - әлеуметтік маңызы артып, қолдану өрісі кеңейіп отырған жағдайда орфографиялық білімдерін кеңейтіп, өз тәжірибесінде қолдана білуге жаттықтырудың маңызы арта түсуде.
Зерттеу нысаны. Оқушылардың орфографиялық білім, білік, дағдысын қалыптастыра оқыту үдерісі.
Зерттеу пәні. Оқушылардың орфографиялық білім, білк, дағдысын қалыптастыра оқыту.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Орфографиялық білім, білік, дағдысын қалыптастыра оқытып оқушылардың сауаттылығын арттыру әдістемесін ұсыну.
1.Сауатты жазу мәселесінің зерттелуін талдау;
2.Орфографиялық білім, білік, дағдысын қалыптастырудағы ұстанымдарын (принциптерін) анықтау;
3.Орфографиялық икемділік пен дағдысын қалыптастырудың ғылыми негіздерін белгілеу,
4.Қазақ емлесі туралы жүйелі білім, білік дағдысын қалыптастырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін анықтау;
5.Қазақ тілін оқытудың тәжірибелік әдістерін жүйелеу негізінде оқушылардың сауатын арттырудың,
...