Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қалыптастырушы бағалау технологиясы негізінде шет тілін жазу дағдыларын қалыптастыру (В1 деңгейі)

Автор:   •  Март 27, 2022  •  Доклад  •  4,362 Слов (18 Страниц)  •  246 Просмотры

Страница 1 из 18

МРНТИ 14.15.27

С.Ш.Арыстанбек

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Казақстан, Алматы қ.

e-mail: sara.arystanbek@mail.ru

ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ БАҒАЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ ШЕТ ТІЛІН ЖАЗУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ (В1 ДЕҢГЕЙІ)

Аннотация

        Ұсынылып отырған мақалада білім алушыларда шет тілін жазу дағдыларын В1 деңгейінде қалыптастыру ерекшеліктері қарастырылды.Жазу адамзат баласының дыбыстық сөйлеу негізінде, әр елдің мәдениеті мен дәстүрінің айнасы ретінде, тұлғаның білім мен жинақталған тәжірибесінде пайда болды. Ол шетелдік оқытуда маңызды рөл атқарады.Бұл мақалада Шет тілін жазу дағдыларын меңгертудің тәсілі ретінде қалыптастырушы бағалау технологиясының тиімділігі сараланады. Шет тілін оқытуда маңызды болып саналатын - жазу дағдысының алатын рөлі және оның ерекшеліктері туралы ақпарат берілді.  Сонымен қатар, мақалада оқу мен оқытуды жетілдірудің тетігі – қалыптастырушы бағалаудың оқу үдерісіндегі маңыздылығы көрсетілген және қалыптастырушы бағалау технологияларының түрлері, оны қолдану әдістері қарастырылды. Күнделікті сабақта оқушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін қолданылатын қалыптастырушы бағалаудың негізгі мақсатымен компоненттері көрсетілген.Қалыптастырушы бағалау технологиясы негізінде оқушыларды бағалауда бағалау критерийлері және параметрлер,  пайдаланылады, бағалаудың әртүрлі нысандарын қолдануға болады: өзара бағалау, өзін-өзі бағалау, топтар арасындағы бағалау. Зерттеу нәтижесі бойынша шет тілін жазу дағдыларын жақсартуға қалыптастырушы бағалауды қолданудың әсері анықталып және соның аясында қолданылған түрлі әдіс-тәсілдердің тиімділігі анықталды.

        

Кілт сөздер: тіл, жазу дағдысы, шет тілі, қалыптастырушы бағалау, технология, хат, сөйлеу, деңгей, ереже.

Кіріспе

Жазу адамзат баласының дыбыстық сөйлеу негізінде, әр елдің мәдениеті мен дәстүрінің айнасы ретінде, тұлғаның білім мен жинақталған тәжірибесінде пайда болды. Ол шетелдік оқытуда маңызды рөл атқарады. Шет тілінде жазу мәселесімен бірқатар зерттеушілер айналысты, олардың ішінде: Л.С.Выготский, Н.И.Гез, М.В.Ляховицкий, А.А.Миролюбов, И.А.Зимняя, А.Р.Лурия, Д.Н.Богоявленский, Н.Д. Гальскова, Е.Н.Соловова, Д.Б.Эльконин, Л.М.Фридман және Ж.Пиаже бар.

Жоғарыда аталған ғалымдар жазу ұғымына әртүрлі анықтамалар береді, алайда барлығы дерлік жазудың өте көп өлшемді және күрделі құбылыс екенін баса айтады. Сонымен жазу жайлы авторлардың пікірі  төмендегіше өрбиді.

Е.Пассов жазуды – сөйлеу тілінің тәуелсіз, репродуктивті және өнімді түрде жүзеге асыратын негігі түрі деп есептейді. (Пассов Е.И : 2000) [1,21б]

Г.Рогов жазуды күрделі сөйлеу қабілетіне телиді, графикалық белгілер жүйесінде адамдардың қарым-қатынасын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді деп санайды. (Рогова Г.В:1988) [2,135б]

Е.Солововада да «жазу - күрделі сөйлеу қабілеті, графикалық белгілер жүйесінің қосымша көмегімен жүзеге асырылатын қарым-қатынас құралы» дейді. (Соловова Е.Н:2002) [3,114б]

Н.Гальскова жазуды - жалғастыру және бекітумен байланысты өнімді сараптамалық-синтетикалық қызмет ретінде анықтайды. (Гальскова Н.Д:2003) [4,94б]

Байқағанымыздай әртүрлі авторлардың пайымы бір тұжырымның аясында өрбиді. Жазу қабілеті - күрделі құбылыс және келесі дағдыларды қажет етеді:

  • хат белгілерінің жазылуы, яғни каллиграфия;
  • сөйлеу дыбыстарын барабар графикаға дұрыс қайта кодтау белгілері немесе орфография;
  • жазбаша мәлімдеменің құрылысы, яғни композиция;
  • жазудың лексикалық және грамматикалық дағдылары.

Бірінші және екінші топтардың дағдыларын жазу техникасы деп атауға болады. Үшінші және төртінші топтардың дағдылары құрамы жағынан да, сапасы жағынан да біршама өзгеше.  

...

Скачать:   txt (59.3 Kb)   pdf (219.3 Kb)   docx (30.3 Kb)  
Продолжить читать еще 17 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club