Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Педагогикалық тәжірибе және озық педагогикалық тәжірибе туралы

Автор:   •  Май 6, 2018  •  Реферат  •  5,691 Слов (23 Страниц)  •  6,553 Просмотры

Страница 1 из 23

                                                      Кіріспе                                

                                                                                                Озық тәжірибе – бұл мұғалімнің биік шеберлігі, яғни жоғары педогогикалық нәтиже беретін тәжірибесі.  Тәжірибе дегеніміз педагогтың ұзақ жылдар бойындағы практикалық – педагогикалық іс – әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі.  Педагогикалық тәжірибе — мұғалімнің педагогикалық қызметінің нәтижесі, өз алдында тұрған педагогикалық міндеттерді жүзеге асырудың кәсіби шеберлігінің жиынтығы.                                                                                 Мұғалім тәжірибесінде жаңа, оригиналды ештеңе болмауы да мүмкін, бірақ ғылыммен белгіленген әйгілі принциптер мен қолдану негізінде, ол педагогикалық шеберлікке қол жеткізбеген мұғалімдер үшін жақсы үлгі болары сөзсіз. Осы педагогикалық тәжірибе арқылы мұғалімдердің білімдерін кеңейтіп, олардың білім көрсеткіштері арқылы оқушыларға тиімді әрі сапалы дәріс беруге болады.                                                                                 “Тәжірибе” және “практика” ұғымдар ұқсас емес. Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу- тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін. Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес. Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу,сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зертеудің көзі бола алады.  Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды. Ол үшін  тек мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыратын зертеушінің жеке дара қасиеттерін есепке ала отырып сүйенуге болады. Педагогикалық тәжірибені әдіс ретінде қарастырған кезде, педагогикалық тәжірибенің құндылығы ескеріледі, оны педагогикалық шындықпен оқыту және тәрбие тәжірибесін кеңейтуге мол мүмкіндік береді.Біліктілікті арттыру жүйесінің өзекті мәселесі – оқушыларға білім беру мазмұнын сапалы және тиімді түрде жүзеге асыру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Осы орайда ұстаздың өз пәнін жетік білуі оқушылардың бойында командада жұмыс істей білу, технологияларды қолдану, басқа адамдардың пікірімен санаса отырып, ынтымақтастық құру сияқты болашақ маман болуға қажетті дағдыларды дамытуға мүмкіндік беретін педагогикалық қабілетімен нығая түседі. Мұғалімнің біліктілігін білудін бірден – бір жолы ұстаздың оқушылармен қарым – қатынасын қадағалау. Мұғалім оқушылардың жеке даралығына үлкен мән беруі қажет, себебі әр бала жеке тұлға болып табылады. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұстаз дәріс беруі тиіс. Мысалы,  бастауыш сыныптағы балаларға әртүрлі эксперементтер жасауды үйреткен кезде оларға жеңілдеу болуы керек. Оқушылардың даралық – психологиялық ерекшеліктеріне, ынта-талаптарына, мақсат- мүдделеріне, бейімдігі мен қабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынастың анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді.                  Озық педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Озық педагогикалық тәжірибені кең мағынада және тар мағынада түсінуге болды. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Педагогикалық озық тәжірбиенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Ұстаздың шеберлігін арттыру кезінде оған бірнеше талаптар қойылады: Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі, яғни ұстаз дәріс берген кезде тақырыпты өмірмен тікелей байланытыруы керек. Озық тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі. Озық тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озық тәжірибе деп есептелмейді. Жаңалық – озық тәжірибенің төртінші белгісі.                                                 Қазіргі заманда шебер мұғалім атағына екіден бірі ие бола бермейді, себебі біліктілікке қойылатын талаптар өте көп. Мысалы қазіргі кезде мұғалімнің өзінің пәнінен бөлек басқа тілде сол сабақты үйретуде. Сондықтан ұстаз қазақ тілі мен орыс тілінен бөлек шет тілін білуі қажет. озат тәжірибелі мұғалімдердің озық тәжірибелерін жинақтап таратуы тиіс. Білікті ұстаз болудын бірден бір жолы тынымсыз еңбек. Егер әрбір мұғалім әртүрлі практикалардан, яғни тәжірибеден өтетін болса ол озат ұстаз бола алады. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі.  Мұғалім – оқушылардың жеке тұлғасын дамытуға басымдық беретін, күрделі әлеуметтік-мәдени жағдайларда еркін бағдарлай алатын, шығармашылық процестерді басқара алатын, адам туралы ғылымның жетістіктерін, оның даму заңдылықтарын, компьютерлік оқыту өнерін терең меңгерген жан- жақты дамыған шығармашыл тұлғаны талап етеді. Білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз пәнін жетік білетін, оқушының шығармашылығы мен дарындылығының дамуына жағдай жасай алатын, тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын жүйелілікпен атқаруға қабілетті, оқытудың жаңа технологияларын толық меңгерген және білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап сараптай алатын, отандық және шетелдік тәжірибелерді шығармашылықпен қолдана білетін кәсіби маман педагогті айтамыз.

...

Скачать:   txt (54.3 Kb)   pdf (205.9 Kb)   docx (28.2 Kb)  
Продолжить читать еще 22 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club