Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мен және менің мамандығым

Автор:   •  Сентябрь 27, 2024  •  Эссе  •  411 Слов (2 Страниц)  •  49 Просмотры

Страница 1 из 2

«Мен және менің мамандығым»

Дүние есігін ашқан әрбір адамның өз миссиясы болады. Ол – жалпы адамзатқа, қоғамға пайдалы қызмет ете алу. Бұл көбінесе біздің мамандығымызбен тікелей байланысты. Сондықтан да мамандық таңдауда өмірлік миссиямызды орындаумен қатар, өзіміздің де ішкі дауысымызды ести алуымыз қажет. Жан дүниен қаламайтын іспен айналысып және де өмір ағысына қарсы жүзгендей сезініп, өзіңді пайдалымын деу қисынсыз секілді. Осылайша мен қалауымды ескеріп, «Қоғамға қандай пайдам бар?», - деген сұрақпен өз мамандығымды таңдаған болатынмын. Бала кезімнен сандар әлемі мені таңдандырып, олардың ішкі заңдылықтары қызығушылығымды оятты. Математиканың әрбір есептеуі, әрбір теоремасы – бұл логика мен шығармашылықтың үйлесімі. Осыдан-ақ, менің болашағым осы пәнмен тығыз байланысты болатынын түсіндім.

Математика – әлемді танудың және түсінудің әмбебап тілі. Ол тек есептеулер мен формулалар ғана емес, ол ойлау қабілетін дамытатын ғылым. Бұл таңдауымның басты себебі мен білім алған сыныбымның ахуалы болды. Олардың бұл пәнге деген ынтасыздықтарын көріп, болашақ білім алушылардық қызығушылықтарын ашатын жаңашылдық алып келгім келді. Осылай математикаға деген құмарлығым мен осы пәнге деген сүйіспеншілігімнің арқасында және де математика пәнін қызықты пән ету ниетіммен мұғалім болуды мақсат еттім. Мұғалім – білім беруші ғана емес, ол болашақ ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына әсер ететін маңызды тұлға.

Мен мұғалімдік мамандықтың қаншалықты жауапты және де қоғамдағы орны ерекше зор екенін жақсы түсінемін. Біріншіден, өткізетін әр сабағымыз – оқушыға жаңа білімнің есігін ашу,

...

Скачать:   txt (5.7 Kb)   pdf (37.2 Kb)   docx (8.7 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club