Мамандығым – менің болашағым
Автор: Sabina0003 • Ноябрь 11, 2021 • Доклад • 399 Слов (2 Страниц) • 535 Просмотры
Мамандығым – менің болашағым
Мамандық – әр адамның өміріндегі маңызды таңдаулардың бірі. Мамандықты жүректің, ойдың қалауымен таңдаған дұрыс. Өзін тартып тұрған салаға барып жатсан, сол саланы ойдағыдай алып кетуін әлдеқайда оңайрақ. Мамандықтың жақсы, жаманы жоқ. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» - деп Жүсіпбек Аймауытов атамызда айтып кеткен. Әрине, қауіпті жақтары бар, бірақ жүрек қалап тұрса, оған да қараймайсын. Себебі, өз таңдауымен барған мамандық, кемшіліктері бар болмастан өзіңе жақын болады. Ал менің таңдауым – заңгер мамандығына түсті.
Неліктен десеңіз, жүрегімнің қалауы заң саласы болды. Заңмен жұмыс істеу, заңгерлер арасында іс жүргізу, жалпы осы салаға өз үлесімді қосу - менің үлкен арманым. «Қазір қайсы бірі заңгер, ешқандай пайда жоқ» деген стереотиптер, сөздер маған көп айтылды. Таңдауымды айтқанда көбісі қолдамады, қарсы болды. Тіпті ойымды өзгертуге тырысты. Сонда да, өз таңдауымнан айнымадым. Басты мақсатымның бірі, бұл саланың маңызды өкілі болып, халық ойында қалыптасқан п жою. Диплом бойынша жұмыс табу қиын, бірақ қазіргі заманда өз бизнесін ашқан әрбір адамның жеке заңгері болу керек. Себебі, заң бойынша дұрыс жолға тартып, бизнестің кемшіліктерін жөндеп, алдыға шығаруыда заңгерге байланысты. Ал бизнес ашам деушілердің саны көп. Әлі де шаң басқан сала емес, керісінше, болашаққа өте қажетті мамандық.Заңгер мамандығының тағы бір жағымды жағы – теорияны іс жүзінде, жалпы жай ғана өмірде қолдана алу. Қай жерде, қай салада болсанда заңды білген адам ешқандай қиыншылыққа ұрынбайды. Себебі, заң бойыншы қай істің дұрыс, қай істің бұрыс екенінің біліп тұрады. Жалпы өмірде өз құқықтарын білген адам әрдайым биікте тұрады, үлкен жетістіктерге жетеді. Ал өзін қорғай алатын, өзінің құқықтарын дұрыс біліп тұрған адам болшаққа нық қадам жасай алып, елдің болашағын жақсы жақа өзгертеді. Өзінің өмірінен бөлек, халықтың өміріне де пайдасын тигізеді. Заң жүзінде көмек беріп, дұрыс бағыт сілтейді. Сала бойынша прокурор, адвокат, сот мамандары біреудің құқығын бұзған, елге зардап тигізген, заңға қарсы әрекет жасаған адамға тіпті жаза беріп, қолданады. Ол елдің ішіндегі тыныштықтың, болашақтың таза болуының кепілі десекте қателеспейміз. Бұл саланың осындай қасиеттеріне қарап, мамандық таңдауда шатаспағаныма көзім жетеді.
...