Менің сүйікті мамандығым және иновациялық әдіс тәсілдерім
Автор: 36787654 • Март 20, 2022 • Эссе • 806 Слов (4 Страниц) • 607 Просмотры
Эссе
«Менің сүйікті мамандығым және иновациялық әдіс тәсілдерім»
Мамандық таңдау- жауапкершілігі мол және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне жауапкершілікпен қарау керек. Қазіргі таңда мамандықтың түрі көп. Мамандық – бұл әрбір адамның сүйіп, әрі қуана жасайтын ісі, оның ертеңгі болашағы. Әр адам мамандығын өзі таңдауы және оған құрметпен қарауы керек. Себебі мамандық таңдау үлкен жауапкершілікті қажет етеді.
Менің таңдаған мамандығым – мұғалім. Мұғалім мамандығы маған өте ұнайды. Информатика пәні өте қызықты әрі жаңашыл пән. Мен осы информатика пәні мұғалімі болғаныма еш өкінбеймін. Себебі сүйікті ісіммен айналысудамын. Әрдайым ізденіс үстінде болуды талап ететін пән. Өз білім алушыларыңмен бірге әлемді жаңа қырынан тану мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын. Мектеп ұжымынан әрбір ұстаздың бойында болатын төзімділік, сыпайылық, тазалық, адамгершілік, еңбек сүйгіштік сияқты жақсы қасиеттерді бойыма сіңірдім деп айта аламын. Қазіргі әлемде болып жатқан төтенше жағдайларға байланысты оқушыларға қашықтықтан білім беруде, жалпы адамдарды компьютерлік сауаттылыққа үйретуде, атқарылып жатқан жұмыстарға өз үлестерін қосқандар арасында информатика пәнінің ұстаздары да бар.
Информатиканы оқытуда жаңа технологияны пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Себебі, қоғамдағы жаңа өзгерістер және оның тез ақпараттандырылуы мен даму жылдамдығы білім беруге қойылатын талаптарды да түбегейлі өзгертіп, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру сапасын ақпараттандыру, интернет желісін пайдалану, электрондық оқулықтар, мультимедиялық технологияларды пайдалану, телекоммуникациялық технологияларды пайдалану қажет. Дұрыс және тиімді пайдаланылған ақпараттық технология оқушының білімі мен білік дағдысының дамуына жақсы әсер етеді.
Мұғалім - ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интелектуалды дамуын жобалаушы. Информатика пәні мұғалімі информатиканы оқытуда оқушының шығармашылығын, оқушылардың ақпараттық және коммункативтік мәдениетін қалыптастыруға бағыт беретін білім технологияларын қолдану арқылы дамыту керек деп ойлаймын. Қалай болса да, информатика сабағында оқу сапасын арттыру арқылы оқушыларға ықпал ету әрбір мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен құзыреттілігіне тікелей байланысты. Жаңа ақпараттық технология элементтерімен дәстүрлі әдістерді сабақтастыра жүргізген сабақ өз шыңына жетеді. Ал оқушының сол білім шыңына шығу үшін жоспараланатын тапсырмалар мен қолданылатын әдіс-тәсілдер әрбір мұғалімнің шеберлігімен, өмір мен тұрмыстың күрделілігіне қарамастан қаншалықты өз жұмысын сүйетініне байланысты.
Біріншіден, бала – ең басты құндылық деп есептеймін. Себебі бүгінгі оқушылар – ертеңгі болашақ. Маңыздысы осы балаларды ересек өмірге дайындау. Ұстаз өз білім алушыларына жақсы болашақты қамтамасыз ету үшін ашық және түсінікті жағдай туғызуы, оның шығармашылық қасиетін толық ашуға мүмкіндік жасауы керек. Информатика пәні мұғалімі ретінде, білім алушыларды жаңадан шығып келе жатқан иновациялық ақпараттық-технологияларды жеңіл түрде қабылдай алуына ықпал ету біздің басты міндетіміз. Ақпарат көлемі қарқындап өсуде. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгерген уақытта, бұл табысты оқу, ал одан әрі табысты қызмет орнында қолдана алады. Бұл ұмтылыс үнемі өз білімін және өзін – өзі жетілдіру.
...