Түркі халықтары
Автор: aewkinn • Февраль 27, 2018 • Доклад • 1,437 Слов (6 Страниц) • 1,421 Просмотры
Түркі халықтары түсінігі, олардың саны, тілі, діни сенімдері және қоныстанған аумақтары
Сақтар мен ғұндардан кейін тарих сахнасына шығып, бүкіл дүниені дүр сілкіндірген халық – ежелгі түркілер. Олар батысында Византия елімен, оңтүстігінде Персиямен, Үндістанмен, шығысында қытаймен шектесіп жатқан орасан үлкен мемлекет құрды. Осылайша Ұлы Түрік мемлекеті өмірге келді. Ұлы Түрік қағанатыынң шынайы шежіресі, таңғажайып тарихы бұдан он үш ғасыр бұрын қағазға емес, құлпытастарға қашап жазылған. Бұлар – «Күлтегін», «Білге қаған», «Тоныкөк» секілді руна жазуындағы жәдігерліктер. Бұдан 1250 жыл бұрын жазылып кеткен ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлігі тұрғысынан да күні бүгінге дейін таңдандырып келеді.
Ғұндар, хундар – түркі халықтарының арғы тегі. Тәңірлік дін ұстанып, түркі жазуын қолданған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Негізінен, түпкі мекен-жайы қазіргі қазақ даласы. Бастапқы кезде солтүстік Қытайда, Моңғолияда,Байкал өңірінде қоныстанған. Ендеше ғұндар тікелей біздің арғы ата-бабамыз. Ғүндар негізінен көшпелі болғандықтан мал өсіріп, аңшылық құрған, сондай-ақ, отыырқшы өмір сүріп, егін салған. Кен қазып, металл қорытқан, саз балшықтан түрлі бұйымдар жасаған. Ер азаматтың барлығын жауынгер санаған. Ғұндар, яғни біздің ата-бабларымыз табиғатынан батыр, ержүрек болған.
Ғұн әскерінің негізі атты әскерден тұрды. Олардың қару-жарақтары – садақ, семсер, қанжар, найза, бұғалық болған. Қазіргі түркі халықтарының арғы ата-бабалары саналатын ғұндардың біздің заманымыздан бұрынғы бірінші мыңжылдықтың өзінде-ақ төл жазуы, әдеби тілі, жоғары мәдениеті, сан салалы ғылымы, сәулет өнері, металл қорыту, қару-жарақ жасау кәсібі болғанын дәлелдейтін көптеген еңбектер жазылды. Алайда, сақ, ғұн, оғыз және қыпшақ тайпаларының ең асыл қазынасы саналатын рухани байлығы – ауыз әдебиеті жайында жазылған зерттеулер жеткіліксіз дәрежеде деуге болады. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ғұндар дәуірінде дүниеге келген түрлі аңыз-афсаналар, мақал-мәтелдер, тұрмыс-салт жырлары, лирикалық өлеңдер және батсырлық эпосы әлі күнге дейін толық зерттеле қойған жоқ, Ауыз әдебиетінің бұл үлгілері, біздің заманымызға толық күйінде емес, қысқа-қысқа үзінділер түрінде ғана жетті. Ал, кейбір батырлық жырларының жалпы сюжеттік желісі ғана сақталып қалған.
Ғұн, қыпшақ және қазақ халықтары арасындағы этнографиялық, мәдени байланыстарды жан-жақты зерттеп жүрген ғалым С. Өтениязов ұрпақтар жалғастығы жайында құнды түйіндер жасайды. «Ғұндардың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріндегі кейбір ерекше түрлерінің бұл күндегі бірден-бір мұрагері – қазақ халқы. Олар: баланы бесікке бөлеу, жылқының етін жеп, қымызын ішу, қойдың басын сыйлы қонаққа тарту...Көшпелі өмір кешкен ғұндардың киіз үйі мен арбасы, бәйге шауып, көкпар тартуы, зергерлік өнері, алаша тоқуы, қару-жарақтары, ер-тұрмандары, ыдыс-аяқтары қазақтың байырғы тұрмыс-тіршілігін еске түсіреді»
Түркілер, Түркі халықтары — б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: “Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкалдың жағасы, Ангара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрды. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкал өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатты”. Яғни көне түркілердің жері мен оның шекарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Махмұд Қашқаридың “Түркі тілдерінің лұғатында” былай деген: “Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!” Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, “Өз қосыным” деп атаған. Оған қоса, “түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар” деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Египетке дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Махмуд Қашқари анықтамасының дәлелі. Себебі, түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезарь мен Македонскийді емес, ғұн патшасы Аттиланы “Құдайдың қамшысы” деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі – олар ағылшындар мен голландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ. Себебі, түркілер алдымен үлкенді сыйлап, аруаққа тағзым еткен және зұлымдық дегенді білмейтін табиғат діні Тәңірге табынса, соңынан адамды ұлты мен нәсіліне бөлмей, барлығын ағайын деп қарайтын мұсылман дінін ұстанды.
...