Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің даму тарихы

Автор:   •  Сентябрь 24, 2021  •  Лекция  •  1,296 Слов (6 Страниц)  •  600 Просмотры

Страница 1 из 6

Мектепке дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесінің даму тарихы

  1. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесінің пайда болуының негізі  — халық ауыз әдебиеті (ертегілер, санамақтар, жұмбақтар).

Халық ауыз әдебиеті негізінде балалар заттарды санауды ғана емес, айналадағы өзгерістерді де байқай бастады (маусымдық өзгерістер, күннің шығысы мен батысы).

1574 жылы тұңғыш баспагер Иван Федоров басылып шығарылған «Букварь» атты кітабында балаларды есептеуге үйретуі керектігіне ұсыныс жасайды.

ХVIII-XIX ғасырларында  мектепке дейінгібалаларды арифметиканы оқыту әдістеріне ең алдымен көлем, өлшем, уақыт және айналаны бағдарлау  оқыту қажет деп айтқан педагог-ғалымдар Я.А. Коменский, И.Г. Песталоцци, К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой т.б.

Чехтік гуманист-ойшыл педагогы Я.А. Коменский (1562-1670) балаларды арифметикаға оқыту бағдарламаға: 4-6жасқа екі ондықты есептеуді талап етті, үлкен мен кішкентайды білуді талап етті, заттар мен геометриялық фигураларды айыра білуге, жалпы қолданыстағы өлшемдерді білуге талап етті.

Л.Н. Толстой 1872 жылы «Азбука» атты кітабындағы «Есеп» тарауында балаларды 100 көлемдегі сандарды «алдыдан-артқа, арттан-алдыға» сау керектігіне ұсыныс жасады.

Неміс педагогы Ф.Фределя (1782-1852) және М.Монтессори  математиканы оқытуда сенсорлық тәрбиені негіздей ала отырып қарастырды.  Келесіде 3-4 жастағыларды математикалық таңбаларға үйретті.

Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі 19 ғасырдың басы мен 20 ғасырда мектепте арифметиканы оқыту әдістемесі негізінде дами бастады.

Бұл екі бағытта дамыды: сандарды оқыту, яғни монографиялық әдіс, ал келесісі іс-әрекетті зерттеу әдісі – есептік әдіс. Екі әдісте әдістеменің дамуына үлкен үлес қосты. Әдістердің негізгі міндеттері – мектеп жасына дейінгі балаларды қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру болып табылады.

2. Сандарды оқытудың монографиялық әдісі

Монографиялық әдістің аудармасы «сандарды сипаттау» бұл әдістің негізі мыналардан тұрады: балалар 100 мөлшердегі заттарды суреттей алғандықтан, олар оны әрбір сандарды сәйкес келетін нүктелер немесе сызықтар мөлшері бойынша оқиды және басқа сандармен салыстырады (қандай сандардан тұратынын, қанша мөлшердегі қандайда бір санға сиятындығын, ол басқа сандардан қаншалықты үлкен немесе кішкентай).

Арифметикалық іс-әрекеттерді балаларға оқытпайды, өйткені олар баланың білімімен сандар құрамы өздігінен шығады. Барлық зерттелген материалдар сандар бойынша және әрбір санның қызметі зерттеледі.

Монографиялық әдістің негізгі идеясын салған 19 ғасырдағы неміс педагогы А.В. Грубенің «Руководство к счислению в элементарнойшколе» атты бастау алған.

Келесіде Грубенің ізбасарларына біз:

Неміс педагогіВ.А. Лай (19ғ. басымен 20 ғ. аяғы) «Руководство к первоначальномуобучениюарифметики…»

В.А. Евтушевский (19ғ.) «Методика арифметики»

Д.Л. Волковский(1914ж) бұл әдісті балалабақшаға ауыстырды «Детскиймир в числах» атты еңбегімен.

Грубегеқарағанда Лай арнайы сандық фигураларды қолданған және де әрбір санды балаланыңқабылдауына ыңғайлы етіп бейнелеген. Оның ойынша, егер балалар бұл сандық фигураларды жеңіл қабылдаса оған сәйкес сандарды да жеңіл қабылдайды деген.

Евтушевский бұл әдісті жеңілдетті. Ол 100 көлемді сандардан 20 көлемді сандарды кіргізуге ұсыныс жасады.т Ал Вольковский бұл әдіске мектеп жасына дейінгі балаларды  20-дан 10 көлемдік сандарға ауыстыруға ұсыныс жасады.

...

Скачать:   txt (19.8 Kb)   pdf (150.2 Kb)   docx (13.3 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club