Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Автор: 120599 • Март 20, 2019 • Творческая работа • 344 Слов (2 Страниц) • 790 Просмотры
Бекітемін: әдіскер: Калмурзина Р.С
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Күні: 13.02.2019
Тобы: «Ақ бота» ортаңғы тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: 4 санымен таныстыру
Мақсаты: 4 цифрын 4 санының таңбасы ретінде таныстыру; 4 цифрының сандық қатардағы орнын анықтау; 4 цифрын өзге цифрлар арасынан табу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, әңгімелеу, сұрақ-жауап, сергіту сәті, дидактикалық ойын
Қолданылатын құралдар: көрнекіліктер, цифрлар карточкасы, үлестірмелі материал.
Сөздік жұмыс: бір-один-one, екі-два-two, үш-три-three, төрт-четыре-four
Барысы Шаттық шеңбері
Қайырлы таң көздерім!
Қайырлы таң құлақтарым!
Қайырлы таң қолдарым!
Қайырлы таң аяқтарым!
Көздерім көріп тұр
Құлақтарым естіп тұр
Қолдарым соғып тұр
Аяқтарым топылдап тұр.
- Жарайсыңдар балалар, сендердің бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін!
- Балалар мен сендерге бүгін құр қол келген жоқпын. Мына шарларды ала келдім. Қане, балалар менің қолымдағы шарларды санайықшы.
- Жарайсыңдар, балалар айтыңдаршы неше жыл мезгілі бар атап шығайықшы.
- Балалар, бұл шарлардың түсіде сол төрт мезгілдерді бейнелейді
- Ақ «қыс», сары «күз», жасыл «көктем», қызыл «жаз»-гүлдер қызыл түске боялады.
- Балалар біз шардың түстерін, қай жыл мезгіл екенін білдік, бірақ ішінде не бар екенін білмейміз. Қане, шарды жарып көрейікші
1 тапсырма: 1-ден 4-ке дейін тура және кері санау. Үш тілде
2 тапсырма: Әйгерімнің сұрақтарына жауап беру
- Төрт түлік малды атап шық
- Төрт тәулікті ата
- 4 санына ұқсайтын затты ата
Жарайсыңдар балалар! Берілген тапсырманы дұрыс орындап жатырсыңдар. Қане, бәріміз орнымыздан тұрып бір серігіп алайық.
Сергіту сәті: теледидар арқылы
...