Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектепке дейнгі білімге үйрету

Автор:   •  Август 10, 2021  •  Лекция  •  1,203 Слов (5 Страниц)  •  296 Просмотры

Страница 1 из 5
  1. Тапсырма  Даму кезеңдерін реттеп, А-Е әріптерінің сипаттамаларына сәйкестендіріп, 1-5 саны аясында жас ерекшеліктерін салыстырыңыз.  

Жас кезеңі

Сипаты

1.   1-2 жас

2.   5-6 жас

3.   3-4 жас

4. Туғаннан – 12 ай

5.   4-5 жас

А. Балалардың қимыл-қозғалысы көбейген кезде, олардың айналаны жақсылап зерттеуі мен шынығып өсуіне мол мүмкіндік ашылады. Балалардың жас ерекшелігіне сәйкес ресурстармен қамтамасыз етілген қауіпсіз және қызықты орта балалардың әр нәрсені білуге әуестігі мен қызығушылығын дамытып, дене қабілеттері мен үйлесімділігін жетілдіруге көмектеседі. Бұл кезде балалар өзін-өзі бақылауды және басқа адамдармен қарым-қатынас дағдыларын үйрене бастайды. Соған сәйкес жағымды қарым-қатынас арқылы балалардың бойында әлеуметтік және ақыл-ой қабілеттерін дамытуды ынталандыруға болады. Өздерінің қарым-қатынас дағдыларын дамыта отырып, балалар өзін-өзі бағалау, өзінің қажеттіліктері мен сезімдерін білдіру қабілетін жетілдіре бастайды. Балалар бейвербалды қарым-қатынаспен қатар күнделікті заттар мен адамдарға қатысты қолданылатын бірқатар қарапайым сөздерді үйренеді. Бұл кезеңде педагогтердің көмегі мен қолдауының арқасында балалардың қарым-қатынас дағдылары жетіліп, сөздік қоры арта түседі.

В. Бұл кезеңде балаларда өзінің дербестігі және қоршаған әлемдегі өзіндік орны туралы түсінігі дамиды. Балалар әлеуметтік тәртіп пен ережелердің маңыздылығын мойындауды, басқаларға түсіністікпен қарауды және төзімділік танытуды үйренеді, өзінің мінез-құлқын қадағалауға дағдылана бастайды. Шағын топтарда оқу және ойнау балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі. Енді балалар көбірек материалдарды қамтитын күрделі іс-қимылдар жоспарлауды және іске асыруды  үйрене

бастайды. Бұл кезеңде балалар ересектердің және анағұрлым қабілетті құрдастарының көмегімен бірлескен іс-әрекеттер арқылы тиімді оқып-үйренеді. Сауаттылықты дамыту жалғасады және проблемаларды шеше білу үшін ойлануға дағдыланады. Балалардың себептер мен салдарлар туралы түсінігін дамыту техникалық оқыту құралдарын, бұқаралық ақпарат құралдары мен технологияларды кеңірек қолдану арқылы ынталандырылады.

С. Бұл кезеңде кішкентай балалардың физикалық тұрғыдан дамуы өте тез жүреді, олар өз бұлшық еттерінің жұмысын бақылай алады. Олар қолмен, аяқпен, баспен қимыл- қозғалыс дағдыларын дамытып, ширақ қимылдайды және заттарды бір орыннан екінші орынға ауыстыра алады. Олар алғашқы сөздерді айтып үйренгенге дейін адамдардың өзара сөйлескенін тыңдау арқылы тіл туралы біле бастайды, күнделікті өмірде өздерін ересектердің әңгімеге араластыруы олардың қызығушылығын туғызады. Балалардың артып келе жатқан түсінігі мен эмоционалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған мейірімді қамқорлық ата-аналар, отбасы мүшелері немесе қамқоршылар сияқты жанындағы адамдармен жақын байланысты нығайтуға көмектеседі. Белгіленген тұрақты (сонымен қатар икемді) күн тәртібі балаларға белгілі бір тәртіптің болатынын сезінуге және болатын оқиғалар мен әрекеттерді алдын ала болжай алуына көмектеседі. Барлық сезімдерді кең ауқымда сезіну баланы оқып-үйренуге ынталандырып, қоршаған ортаға қызығушылығын арттырады.

D. Қиял арқылы ойнайтын ойындар мен конструктор сияқты бірлескен ойынға деген қызығушылығы балаларға адамдар арасындағы ынтымақтастық және бірлескен әрекеттер сияқты әлеуметтік дағдыларды үйренуге көмектеседі. Балалар күнделікті өмірде ересектерге қалай көмектесуге болатыны, тәуелсіздік пен өзгелердің талап- тілектерін құрметтеу арасындағы дұрыс теңгерімді табу туралы көбірек білетін болады. Балалар жақын адамдар тарапынан жайлы және қауіпсіз жағдайларды қажет етеді. Педагогтердің балаларға жылы, мейірімді қарым-қатынасы олардың көп нәрсені үйренуіне, мысалы, дұрыс тамақтануына немесе жаттығу жасауына ықпал етеді. Бұл кезеңде балаларда өзінің қоршаған ортадағы орны туралы түсінік қалыптаса бастайды. Әртүрлі қызықты материалдар мен іс-шараларды қолдану олардың оқуын, жазуын және санауын тез дамытуға оң ықпал етеді. Балалардың сөйлеу тілі күрделене бастайды, олар енді күрделі ұзақ сөйлемдерді қолдана алады. Ересектермен әңгімелесу арқылы балалар белгілі бір нәрселер туралы ақпарат алады, жетекшілікке және сенімділікке ие болады.

E. Балалардың ұсақ моторикасын дамыту жалғасады, оларға әртүрлі материалдарды пайдалану, белгілі бір таңбаларды қою, суретті кітаптарды қарау және ертегілер мен әңгімелерді тыңдау сауаттылықты дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Егер ересектер балаларға тамақтану, киіну және дәретхананы пайдалану сияқты нәрселерде көмектесіп, қолдайтын болса, балалар бұларды өз бетінше орындауды және тәуелсіз болуды үйренеді. Балаларды жаңа жетістіктері үшін мадақтау олардың өзіне сенімділігін нығайтуға көмектеседі. Бұл кезеңде балалардың тілі тез дамиды және олардың көпшілігі сөйлем құрастырып айтуды үйренеді. Балаларды әңгімеге тарту – оларға жаңа нәрселерді үйретудің, келер шақ, осы шақ және өткен шақ туралы түсінік қалыптастырудың тиімді тәсілі. Баланың физикалық дағдыларын дамыту арқылы балалардың жүру, өрмелеу және жүгіру дағдыларын жетілдіруді, сондай-ақ басқа балалармен ойнауға белсенді қатыса алатындығын білдіреді. Бұл қауіпті және қауіпсіз нәрселердің арасын ажырата білуді үйренетін маңызды кезең болып табылады.

...

Скачать:   txt (18.3 Kb)   pdf (187.3 Kb)   docx (18.5 Kb)  
Продолжить читать еще 4 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club