Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Бастауыш сыныпта оқушыларды сөйлеуге үйрету

Автор:   •  Март 16, 2018  •  Курсовая работа  •  12,044 Слов (49 Страниц)  •  2,107 Просмотры

Страница 1 из 49

[pic 1]

                                                 Кіріспе

«Сөйлегенде сөздің жүйесін, қисынын келтіріп сөйлеу қандай керек болса, жазғанда да сөздің кестесін келтіріп жазу сондай керек.»,-деп  қаламынан  бал тамған Ахмет Байтұрсынов айтқан сөзімен  курстық жұмысымды бастағанды жөн көрдім.

        Курстық жұмысым  бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамыту жолдарын қарастыру мәселесіне қатысты. Курстық жұмыс тақырыбына сай оқушылардың сөйлеу тілін дамытуды маңыздылығы, нәтижелі дамуының шарттары, сөйлеу тілінің машықтары мен ептіліктері және осы мәселені шешу жолдары сипатталған.

Сауат ашу мен әдебиеттік оқу сабақтарында оқыту барысында жұмыстың барлық түрлері қарастырылуы тиіс. Курстық жұмысымда  сөйлеу тілін дамытуға ықпал тигізетін ойын әрекеті, көрнекіліктер, кешенді оқыту түрлерін қолданып түрлі жаттығулар сияқты әдістері қарастырылған.

Курстық жұмыстың көкейкестілігі мен  өзектілігі: Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан-2030»  стратегиясында негізгі бағыттардың бірі халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білімі менбілігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлтттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттілігі баса айтылған.:

Зерттеу обьектісі:Бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері және  сауат ашу пәнінде сөйлеу тілін дамытудағы әдіс-тәсілдерін қолдану.

 Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: Бастауыш сынып оқушыларын оқыту үрдісінде балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету үрдісі.
        Курстық жұмыстың зерттеу пәні:  Бастауыш сынып оқушыларын  байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі.

Курстық жұмыстың  мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларын сөйлеуге үйрету үрдісінде ғылыми-теориялық тұрғыда негізделген тиімді әдіс-тәсілдер арқылы балаларды сөйлеуге үйретудің әдістемелік жүйесін негіздеу және тәжірбиеде қолдануға ұсыну.

Курстық жұмыстың міндеті: зерттеудің мәселесі, нысанасы, пәні және мақсатына сәйкес зерттеудің мынадай міндеттері таңдап алынды:

  1. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын, сөз мәдениетін қалыптастырудағы теориялық білімдер мен педагогикалық еңбектерге тоқталып, шолу жасау.
  2. 1-сыныптың сауат ашу сабағында оқушылардың сөздік қорын, сөз мәдениетін дамытып, қалыптастырудың тиімді жолдарын құру.
  3. Бастауыш сынып оқулықтарының балалардың сөздік қорын байытудағы маңызын ашып, ұсынылған бағыттарды іс-тәжірибеде  қолдана білу.

        Курстық жұмыстың зерттеу болжамы: Бастауыш жұмыс оқушыларын  байланыстырып сөйлеуге үйретудің тиімділігі мынадай шарттар орындалған жағдайда артады: егер балаға берілетін мәтін жайлы теориялық білім мен  қажетті білік, дағдылар нақтыланып, мәтін құрастырудың әдіс-тәсілдері  саналы түрде меңгерілсе, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмысы жаңа технология талаптарына сай (аудио, визуальдық, компьютерлік және электрондық оқу құралы арқылы т.б.) жүргізілсе, онда балалардың өзіндік әрекеттері мен шығармашылық белсенділігі қамтамасыз етіліп, ойын тиянақты түрде  жазуға дағдыланады, өйткені баланы байланыстырып сөйлеуге үйрету әдістемесі жүйелі сөйлеу мәдениеті мен  логикалық ойлау қабілетін жетілдіруге мүмкіндік ашады.

Егеменді еліміздің бүгінгі таңдағы ең басты мақсаты жан-жақты әлемдік білім кеңістігінен орын алу болып табылады. Бүгінде қоғамды дамыту факторы ретінде білім беру жүйесін қайта құру, ұлттық мектептерде білім сапасын жақсарту мәселесі қолға алынып отыр.

Бүгінгі таңда еліміздің білім беру жүйесінде оқыту үрдісін тың жаңалықтарға негізделген жаңа мазмұнмен қамтамасыз ету міндеті тұр. Соның бірі – қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға қабілетті, өзіндік пікірін ауызша және жазба түрде тиянақты, анық, жүйелі жеткізе алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында «бастауыш мектептің мазмұны баланың жеке тұлғасын қалыптастыруға, жеке қабілетін ашуға және дамытуға бағытталып, оның қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, шығармашылықпен өзін-өзі көрсетуін қалыптастыру қажеттігі» көрсетілді.

...

Скачать:   txt (162 Kb)   pdf (890.7 Kb)   docx (1.6 Mb)  
Продолжить читать еще 48 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club