Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жастардың білімге құштарлығы

Автор:   •  Март 12, 2018  •  Реферат  •  5,872 Слов (24 Страниц)  •  2,924 Просмотры

Страница 1 из 24

ЖОСПАР:

Кіріспе

І. Білімді жас ел ертеңі

ІІ.Жастардың білімге құштарлығы

ІІІ. Қазақтың білім мен ғылымға ерекше құштарлығы

IV. Жасұлан ұйымы

V. Болашақ бағдарламасы

VI. Кәсіптік білімге құштарлық арттыру.

Қорытынды. 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Ел ертеңі - білімді жастар 23 Мамыр 2014 18769 0 «Ықылым заманнан бері қазақ атамыз „Білекті бірді, білімді мыңды жығады“ деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік — жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», — деп атап өтті Елбасы. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты тұжырымдамасымен толық таныстық. Осы тұжырымдамадағы 20 қадамда, тәуелсіз Қазақстанның 20 жылда жүріп өткен жолы, қазіргі жағдайда орын алып отырған кемшіліктері толық сараланыпты. Осында көтерілген 20 қадамды іске асыру — қоғамдағы ең маңызды мәселелер. Осында бүкіл Қазақстан халқы өз мүмкіндігіне қарай жүзеге асыруға атсалысса, бүгінгі қол жеткізгеннен-де зор жетістіктерге жетер едік. Ата тарихтың шабысында «Кеше», «Бүгін», және «Ертең" деп аталатын үш ұлы бөлік болады. Олар бір — бірінен ажырағыссыз, бір мезгілде бөлек -бөлек, тағы бір мезетте біртұтас ғұмыр кешіп, тағылым мен танымның, парасат — пен пайымның тұнығынан адамзат баласының шөлін қандырып отырады. Еліміздің Тәуелсіздікке қолжеткізген жылдарына бүгінгі күннің биігіне көз салғанда, осы ұлы қағидат бірден көзге шалынады. Өткенге көз жүгіртсек, осыдан 20 жыл бұрынғы Қазақстанды көз алдымызға елестетсек, ең алдымен аумалы — төкпелі экономика, саяси белгісіздік, сансыратқан тапшылық, жұмыссыздық, т.т. есімізге түседі. Еліміздің тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев алғашқы күннен- ақ Қазақстанда білікті мамандар даярлау мен білім саласын әлемдік стандарттарға сай реформалау мәселесіне баса назар аударды. Тәуелсіздікті баянды етуде білімнің маңыздылығын жете түсінген Елбасы экономикалық және қаржылық қиындықтарға қарамастан осы салаға барынша қолдау көрсетті. Халқымыздың «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деген ұлағатты сөзін, білімнің шындығында да баға жетпес үлкен рухани қару екендігін, тек рухани қару ғана емес, сонымен қатар аса зор өндіргіш күш екенін білуіміз тиіс. Білімнің қуатына тең келетін басқа идеялық — рухани күш, қуат көзі жоқ екені белгілі. Өйткені, білім — тек ғылымның іргетасы ғана емес, сонымен бірге тасы өрге домалаған еңсесі биік елдермен терезесі тең мемлекет болудың күре тамыры, ел дамуының алтын қаруы. Білім бар жерде даму, жетілу, кемелдену үрдісі бір сәтке толастамайды. Н.Ә.Назарбаев ең алдымен елге терең білім керек екенін елден бұрын, аңғарып, ерте түсінген тұғырлы тұлға болды. Қай жерде-де, қашан да тұңғыш болудың жүгі мен жауапкершілігі ауыр екенін білеміз, сол себепті бірінші болып жол салу, бірінші болып жеңіске жету, бірінші болып бәйгеден келу, бірінші болып биікке көтерілу т.т. секілді үлкен тәуекелге бел буды. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы Жолдауында оқыту үдерістеріне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу мәселелері кеңінен баяндалған. Осы бағытта мемлекет тарапынан ауқымды жұмыстар атқарылуда. Арнайы министрліктер мен оқу орындары әдістемелер мен технологияларды жіті меңгеріп, халықаралық тәжірибені толық зерделеуде. Аталған бағыттағы ауқымды жұмысты еліміздің білім беру жүйесінің көшбасшылары — Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері атқарып келеді. Мұнда өте білікті оқытушы және ғылыми құрам шоғырланған. Аталған мекемелер тарапынан оқыту, зерттеу және инновация мен оны іс жүзінде меңгеру салаларында ең алдыңғы қатарлы жетістіктер мен тәжірибелерге үнемі іздеу жүргізілуде. Қазақстанның жинақталған тәжірибесіне ыңғайлы, әлемдік ең жоғары үлгіге сәйкес келетін ұжымдық басқару жүйесі құрылуда. Бүгінгі таңда Елбасымыздың ерекше назар аударғанын ескере отырып, Білім және ғылым министрлігі Назарбаев Университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектептері тәжірибесін бүкіл Қазақстанның білім беру жүйесіне тарату үшін олардың жетістіктерін жалпыға білім беру үдерісіне енгізуде. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында назар аударған тағы бір маңызды мәселе — ол педагогтардың сапасы мен біліктілігін арттыру. «Қазақстан — 2030» Стратегиясында Елбасы: «Ел келешегі жас ұрпақ тәрбиесіне тікелей байланысты», — деп айрықша атап айтса, биылғы жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Елді жаңғырту стратегиясын іске асырудың табыстылығы, ең алдымен, қазақстандықтардың біліміне, әлеуметтік және дене болмысы, көңіл-күйлеріне байланысты», — деп білім беру саласын дамытудың қаншалықты маңызды екендігіне жұртшылықтың назарын аударды. Бұл орайда Н.Ә.Назарбаев мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу, 12 жылдық оқыту моделі, кәсіптік және техникалық білім беру, жоғарғы білім берудің сапасы, интеллектуалды мектептер, жаңа халықаралық университет сынды орындар алға қойылды. Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр. Өйткені, сапалы білім беру елімізді индустрияландырудың және инновациялық даму жолына түсірудің басты алғышарты болып табылады. Білімсіз қоғамда прогресс, жаңа өрлеу мүмкін емес. Н.Назарбаевтың сөзімен айтқанда, қазіргі уақыт адамзат биігін білекпен емес, біліммен бағындырудың заманы. Бүгінгі жас ұрпақ мұны анық сезініп, білім бұлағынан молынан сусындауға зейін қоюда. Жастар өз күш-жігерлерін, білімдерін тәуелсіз елінің гүлденуіне жұмсамақ. Елбасы қайсыбіреулердің қатаң сынына ұшыраған «Тілдердің үштұғырлығы» бағдарламасын ұсынды. Мұндағы негізгі мақсат — үшінші мыңжылдықта қарқыны жеделдей түскен жаһандану, шекара талғамайтын экономика-қаржы және, ақпарат, ағымдары заманында еңбек ресурстарының бәсекелестігін арттыру мәселесі көзделген болатын. Басқаша айтқанда, мұнда мемлекеттік тіл — қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі — орыс тілін және халықаралық тіл — ағылшын тілін халықтың неғұрлым көп бөлігінің меңгеруіне бағытталады. Осы жерде ерекше назар аударатын нәрсе, мемлекет басшысының «тілдердің үштұғырлығы» идеясын бүкіл ұлттық идея-деңгейіне көтеру қажет. Неге десеңіз, біріншіден, бұл идея халқымыздың болмысында ежелден-ақ бар «жеті жұрттың тілін біл» деген бағалау өлшеміне сай келеді; екіншіден, қазіргі бәсекеге негізделген өмірлік қағидалардың өзі, яғни жас ұрпақ буыннан осыны талап етіп отыр. Білімнің негізінде болашаққа деген шынайы сенім мен үкілі үміт, өз халқына деген ізет-құрмет пен қадір-қасиет жатқанын Елбасы жақсы түсінді. Ол тәрбие мен оқу-білімді егіз дүние ретінде қарастырып, тәрбие арқылы берілетін білімнің болашағы әрқашан баянды болатынын назарынан ешқашан тыс қалдырмады. Өркениет көшіне бет бұрған қыруар істің алатын арқауы болып есептелетін ғылыми-техникалық және экономикалық прогрестің негізгі қозғаушы күші білім десек, қателеспейміз. Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарындағы тәрбиенің негізгі мақсаты — жастардың бойында азаматтық пен қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін дәріптеуге, әлемдік және отандық мәдениет жетістіктерін оқып үйренуге, Конституцияға және қоғамға қарама-қайшы келетін әрекеттерге төзбеушілікке тәрбиелеу. Тәрбие қазіргі өзгермелі, сан салалы, көпмәдениетті, көпэтникалық үлкен өмірге енуге дайын қабілетті, тұлғаның дамуына бағытталған және рухани құндылықтарының негізінде құрылады. Тәрбие жұмысы — ол арнайы ұйымдастырылған қалыптастырушы үрдіс және ізгіліктілікті қабылдайтын, әлеуметтік құндылықтар мен азаматтық мінез-құлық үлгілері бола отырып, тек ғылыми негізделген тәрбие жүйесінің аясында ғана өзін іс жүзінде көрсетіп, өзін-өзі қалыптастырған тұлға үлгісіне жағдай жасайды. Қазіргі уақыт талабы жаңаша дүниелік көзқарас тұрғысынан жаңаша ойлап, шешім қабылдай алатын, креативті ойлау қабілеті дамыған тұлғаны, өз елі мен жерінің, туған тілінің жанашырын дайындауды міндеттеп отыр. Бұл міндет жаңа уақыт талаптарына төтеп бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті, ұлтжанды азамат тәрбиелеу ісінің өзектілігін алға тартады. Қазақ елінің әлемдік кеңістікте өз жолын таңдауы — әрбір қазақтың емін-еркін өмір сүруінің кепілі. Ол, сөзсіз, «ұрпақ қамы» деген ұғыммен үндеседі. Ел болу, мемлекет құру — сонау түркі заманынан бермен қарай желісі үзілмей келе жатқан ұлттық арман-аңсар. Ел болу — болашаққа ашылған даңғыл жол. Сол жолды ұлттық тәрбие арқылы жүруді үйренсек, ешкімнен кем болмайтынымыз анық. Ұлттық тәрбие — ұлттық сана-сезімі жоғары болашақ маман жастарды тәрбиелеуге негізделген білім беру жүйесінің құрамдас бөлігі. Мақсаты — ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын кемелді, ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу. Міндеті — мәдени-әлеуметтік өзгермелі жағдайдағы ұлттық тәрбиенің діңгегі — ана тілі болып қалатынын негіздеу; қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен ділін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеу рухында жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру; бүгінгі қазақ елінің индустриалдық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін жоғары парасатты ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу; білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету; қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру болып табылады. Тәрбиенің басты нысаны елдік сананы қалыптастырып, ұлттық рух пен ұлттық патриотизмді негіздеу, ұлтсыздықпен күресу болып табылады. Қазақстанды Отаным деп таныған әр азаматтың осыған өз әлінше үлес қосуы — бұның басты шарттарының бірі. Жастарға патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеяларын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан — 2030 " атты еңбегінің «Қазақстан мұраты» деп аталатын бөлімінде: «…біздің балаларымыз бен немерелеріміз… бабаларының игі дәстүрін сақтай отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. Олар бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» — деп, үлкен үміт артты. Болашақ жастардың қолында деген ұрандарды жиі айтып, елімізде осы мақсаттарда қолға алынып жатқан жобалар аз емес. Тек оны өз керегіне қарай пайдалану әрбір жастың құзырындағы жұмыс. Мемлекет тарапынан жасылынып жатқан бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалануға әрбір жастың өз ұмтылысы болуы тиіс. Өйткені, өмір, ағыны тоқтамақ емес, жастық шақтың да жарқ етіп өте шығары баршаға мәлім. Қашан да, болашағын алыстан бағамдайтын қазақ «қыстың қамын жаз ойла» демеуші ме еді… Ендеше, Қазақстанның жарқын болашағы үшін қандай да бір іс тыңдыруға міндетті екенімізді естен шығармайық! Ел ертеңi — бiлiмдi жастар. «Бұлақ көрсең көзiн аш» дегендей, қазақ жастарын бiлiмге бағыттайық. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстанның болашағы бүгiнгi жастар. Сiздер оларға қалай бiлiм берсеңiздер, Қазақстан сол-деңгейде болады» деп атап көрсеткен. Елiмiздiң болашағы жастардың еңбекқорлығына, талап-тiлегiне, арман-мұратына байланысты. Олар ата-бабаларымыздан мұра болып келе жатқан құндылықтарымызды, тарихи дәстүрлерiмiздi жаңғыртып, оны алға бастырып қана қоймай, экономикасын, ғылымын да дамытуға, жiгерлене ел үшiн еңбектенуге мiндеттi. Ендеше жастар еңбек жолына түскенде ғана қоғамын өрге бастыра алады. Отаншыл халық жастары болмаған елдiң болашағы қараңғы. Жаңа заман тәуелсiз ел мұраты — жастардың бiлiмi мен бiлiктiлiкке талпынып әрекеттенуiн, еңбектенiп өсуiн талап етiп отыр. «Елiңнiң ұлы болсаң, елiңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың мемлекетiн нығайтып, көркеюi жолында терiңдi төгiп еңбек ет. Жердiң де, елдiң де иесi екенiңдi ұмытпа», — дейдi Елбасы бiр сөзiнде. Сондықтан, жастарға бiлiм беретiн ұстаздар да ұлы мұрат жолында жалынды еңбек етуге даярмыз.

...

Скачать:   txt (85.2 Kb)   pdf (374.2 Kb)   docx (128 Kb)  
Продолжить читать еще 23 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club