Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Использование STEAM-технологии на примере урока генетики и ее роль в современном образовании

Автор:   •  Июнь 27, 2022  •  Курсовая работа  •  3,033 Слов (13 Страниц)  •  470 Просмотры

Страница 1 из 13

ГЕНЕТИКАЛЫҚ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ STEАM-БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Абылқасым Мөлдір Бақбергенқызы, 7М01505-«Биология» 2 курс магистранты, Сартаева Ақмарал Алтынбековна б.ғ.к., қауымд.проф м.а., ғылыми жетекшісі Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Алматы қаласы abylkasym.moldir@mail.ru

Резюме. В статье рассматривается значение использования STEAM-технологии на примере урока генетики и ее роль в современном образовании

Summary. The article discusses the importance of using STEAM technology on the example of a genetics lesson and its role in modern education.

STEАM-білім беру - бұл 4 бағытта терең қолданбалы оқытуға бағыттаған оқыту әдістемелері мен бағдарламалары. STEAM: S- science; T- technology; E- engineering; A-art; M-mathematics. Бұл пәндерді оқытудағы кешенді тәсіл білім алушыларға жаңа білімді жақсы меңгеруге көмектеседі. STEAM-білім беру оқушыға айналасындағы қиын және өте қызықты әлемді оның барлық алуан түрлілігінде түсінуге мүмкіндік беретін білім салаларының өзара байланысы мен тығыз әрекеті. STEAM білім алушыларды пәнаралық және қолданбалы тәсілдерді қолдана отырып оқыту идеясына негізделген. Бес пәннің әрқайсысын жеке үйренудің орнына, STEAM оларды бірыңғай оқыту схемасына біріктіреді.

STEАM-оқытудың ерекшеліктері: пәндер бойынша емес, «тақырыптар» бойынша интеграцияланған оқыту, нақты өмірде ғылыми-техникалық білімді қолдану, сыни ойлау және проблемаларды шешу дағдыларын дамыту; белсенді қарым-қатынас және топтық жұмыс сонымен қатар келесі кезеңдерді қамтитын жобаларға креативті және инновациялық тәсілдерді: сұрақ (тапсырма); талқылау; дизайн; тестілеу; дамуды қамтиды [1].

STEАM іс-шараларының арқасында оқушылар қазір оқып жатқан пәндерін өздерінің және бүкіл әлемнің болашағына қалай енетінін көре алады. STEАM-оқыту оқушыларды ақпараттық қоғамдағы [pic 1]өмірге дайындауға бағытталған. Сабақтардағы ақыл-ой жүктемесі неғұрлым жоғары болса, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы соғұрлым әлсіз болады. Нақты өмірлік жағдайлармен байланысты міндеттер балалардың қызығушылығын және мәселені шешуге деген ұмтылысын тудырады, өйткені мұндай қабілет болашақта нақты өмірде пайдалы болуы мүмкін. Генетикаға деген қызығушылық STEАM технологиясын қолдануға көмектеседі. Генетика сабағында пәндердің байланысын айқын көрсететін есептерді шешу қажет. Мұғалім тапсырманы тұтас қабылдауды қалыптастырып, бір сабақта алған білімді, дағдыларды және басқа пәнге көшу қабілетін түсіндіруі маңызды. Генетика тақырыбына сәйкес генетика мен математикадан кіріктірілген сабақ өткізу арқылы, оқушылар арнайы лексиканы қолдана отырып, мен қызықты фактілерді дайындайды [2].

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштік заңдылықтары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дигибридті будандастыру

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары

9.2.4.3 дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерін дәлелдеу және есептер шығару;

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Генетикалық түсініктерді, символдарды және терминологияны біледі;

Көпшілігі: Генетиканың дамуы мен қалыптасуындағы Менделдің зерттеулерін біледі;

Кейбірі: Дигибридті будандастыру бойынша есептерді шығарады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы Сабақтың басы

7 мин

  • Ұйымдастыру кезеңі
  • Сәлемдесу. Сыныпта психологиялық ахуал туғызу.

«Атмосфера орнату» әдісі бойынша стикерге осы сабақтан не күтетінін жаздыру арқылы сыныпта ынтамақтастық атмосферасын қалыптастыру. (2 мин)

  • Білім алушылармен бірлесіп сабақ тақырыбы мен мақсатын айқындау.
  • Білім алушыларды бағалау парағы арқылы балл жинаумен бағалау (max 15)

«Миға шабуыл»

Білім алушылар тақырыпқа байланысты бейнебаян көреді (5 мин)

Стикер

Бағалау парағы

Презентация https://youtu.be

/vYneUU6cTH

0

Сабақтың ортасы

30 мин

STEAM технологиясы

1)        «Science»

Берілген анықтама бойынша дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздерімен танысады. (6 мин)

Дигибридті будандастыру

Ата-ана формалары бір-бірінен екі жұп белгі бойынша айырмашылық жасайтын будандастыру типі

Интерактивті тақта

Дескриптор:

-Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері туралы біледі; (3 балл)

Презентация

2) «Technology»

Білім алушылар проблемалық сұрақтарға жауап береді. (6 мин)

  • Дигибридті будандастыру кезінде неше генотиптік және фенотиптік ағзалар тобы болуы мүмкін?
  • Мейоз кезінде хромосомалар әрекетінің қандай ерекшелігі белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы негізінде жатқаны туралы не айтуға болады.

Дескриптор:

- Дигибридті будандастырудың маңыздылығын, «ажырау» заңы туралы біледі. (3 балл)

3)        «Engineering»

Білім алушылар Пеннет торындағы бос орындарды толтырады. (6 мин)

ААВВ        AAВb        AaBB        AaBb

Презентация

ААВВ

AAВb

AaBB

AaBb

Дескриптор:

- Пеннет торын толтырады; (9 балл)

4)        «Art»

Графикалық көрсетілімдер негізінде суреттің негізгі идеясын анықтап, өзара талдайды. (6 мин)

[pic 2] [pic 3]

Дескриптор:

- Генетика, Мендель заңы, будандастыру туралы анықтама береді; (3 балл)

5)        «Мathemathics»

Дигибридті будандастыруға қатысты есептер шығарады. (6 мин)

  1. Егер адамның бұйра шашы тік шашынан, ал қара түсті шашы ашық түстен басым болса, келесі ұрпақ қандай болуы ықтимал?
  2. Әкесі-дигетерозиготалы, қара, бұйра шашты, анасы- рецессивті дигомозигота.
  3. Әкесі-рецессивті дигетерозиготалы, ал анасы- дигетерозиготалы.

Дескриптор:

  • «Берілгенін» дұрыс құрастыра алады; (1 балл)
  • Ата-аналардың, гаметалардың, F1 гибридтерінің генотипі мен таңбаларын дұрыс белгілейді; (1 балл)

Jamboard тақтасында жұмыс https://jamboar d.google.com/d

/1rJDFlQWBQ

BjGr6HNN9pb c6IngW85twxq GH5a99jLMn Q/viewer?f=0 Кесте Презентация

[pic 4]

...

Скачать:   txt (46.4 Kb)   pdf (267.7 Kb)   docx (604.5 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club