Ерте дәуірдегі мектеп және тәрбие
Автор: Madina Sarsembina • Октябрь 17, 2020 • Реферат • 1,059 Слов (5 Страниц) • 487 Просмотры
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Ерте дәуірдегі мектеп және тәрбие
Орындаған: Сарсембина М.Ж. Тексерген:PhD.,аға-оқытушы Алимбекова А.А. |
Алматы, 2019
Мазмұны
- Педагогика ғылымы зерттейтін мәселелер........................................................................................................3
- Педагогика ғылымының анықтамалары мен міндеттері........................................................................................................3
- Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.......................................................................................................3
- Таяу және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттердегі Шумер тәлім-тәрбиесі. Ежелгі Месопатия, Египет мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарын сипаттаңыз......................................................................................................4
- Палестина және Израиль-Иудей патшалығындағы оқу мазмұнын ашып беріңіз..............................................................................................................4
- Ежелгі Қытай және Үндістандағы білім жүйесінің ұқсастығы. Конфуций педагогикалық идеяларының мәні мен мазмұны...........................................................................................................4
- Эллиндік дәуірдегі және ежелгі Римдегі мектептер мен білім мазмұндарын сипаттаңыз..............................................................................5
- Қорытынды ..................................................................................................6
- Пайдаланған әдебиеттер.............................................................................7
- Педагогика ғылымы зерттейтін мәселелер
Педагогика-бұл ғылым және басқа да ғылымдар сияқты, оның өз зерттеу пәні, демек, белгілі ғылыми тану саласы бар. Кез-келген ғылымның қалыптасуы мен дамуы әруақытта да қоғамның практикалық қажеттілігінен туындайды. Педагогиканың пайда болуы болашақ өсіп келе жатқан ұрпақты өмірге даярлауда қоғамның қажеттілігі болып табылады.
Тарихы тұрғыдан педагогика бала тәрбиесі туралы ғылым ретінде қалыптасты [1].
Педагогика ғылымы баланың ой-өрісін, оқу дағдысын, психикалық даму жүйесіндегі мәселелрді зерттейді. Оларды зерттей отырып, білім жүйесіне деген жаңа идеологиялық көзқарастарды енгізеді.
2.Педагогика ғылымының анықтамалары мен міндеттері
Педагогика туралы еңбектерде, педагогикалық оқулықтарда,анықтамалар мен энцеклопедиялық басылымдарда педагогика ғылымына пән ретінде бір-біріне ұқсамайтын әртүрлі анықтамалар беруді кездестіруге болады: педагогика-тәрбие туралы ғылым; педагогика-жас ұрпақты тәрбиелеу туралы ғылым; педагогика-адам тәрбиесі туралы ғылым; педагогика-жас ұрпақты тәрбиелеу және оқыту туралы ғылым.
Уақыт өте бұл анықтамалар нақтыланып, оның мәні кеңейіп, қазіргі кезеңге дейін сақталған-ды. «Педагогика-адам қалыптастырудың арнайы ұйымдасқан, мақсатты және біржүйелі қызметі, тәрбиенің, білім берудің және оқытудың мазмұны, түрлері және әдістері туралы ғылым» [1; 9].
Педагогика ғылымының міндеті-инновациялық үрдістердің теориялық, әдіснамалық негіздерін, теория мен практиканың тиімді байланыстарын зерттеу және практикалық қызметпен байланысын талдау [1;13].
Педагогика ғылымының ең басты міндеті балаға міндеттелген тәрбие менбілімді, оқыту мен басқару саласындағы заңдылықты нақты ашып көрсету.
3.Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика ғылымы адам туралы басқа ғылымдардан оқшауланып дамымайды. Ғалымдардың педагогикалық жаңалықтары көп жағдайда ғылымаралық байланыстың нәтижесінде дүниеге келеді. Педагогика ғылымының басқа адам туралы ғылымдармен қиылысқан жерінде жаңалықтар ашылады.
Педагогика адам өміріне қатысты барлық ғылым саласымен тығыз байланысты.
4.Таяу және Қиыр Шығыс ежелгі мемлекеттердегі Шумер тәлім-тәрбиесі.Ежелгі Месопатия, Египет мектептеріндегі оқу-тәрбие жұмыстарын сипаттаңыз.
...