Ерте дәуірдегі, орта ғасыр және ояну дәуірі эстетикасын баяндау
Автор: malikusha001 • Сентябрь 16, 2021 • Реферат • 1,586 Слов (7 Страниц) • 1,644 Просмотры
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министірлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультет: Филология және әлем тілдері.
Мамандық : Қазақ филологиясы.
[pic 1]
2 семинар сабағы:
«Ерте дәуірдегі, орта ғасыр және ояну дәуірі эстетикасын баяндау»
Эстетика ғылымы (Ю.Борев «Эстетика» кітабынан)
Эстетика бастапқы кезде философия мен космогонияның бір бөлігі болып, ал кейін әлемнің тұтас бейнесін жасауға (грек натурфилософтары, пифагоршылар) қызмет етті. Эстетиканың философиядан бөлінуінің үдерісі (оның жеке ғылым болып бөлінуі) Сократтан бастау алған. Өйткені оған дейінгі ойшылдар эстетиканы космогонияның бір қыры ретінде ғана зерделеді. Ал Сократ болса, эстетикалық проблемалардың мәнін этикалықпен байланыстыра қарастырған алғашқылардың бірі еді. Аристотель пайымында эстетика – поэтика проблемалары мен табиғат, сұлулықтың жалпыфилософиялық проблемалары болса, ал Платон түсінігінде – өнерге мемлекеттік бақылау жасау мен оның (соңғысының) адам тәрбиесіндегі рөлінің проблемалары. Неміс философы А.Баумгартен «Эстетика» (1750–1758) еңбегінде бұл ғылымға күні бүгінге дейін атау болып келе жатқан терминді (гректің «με αίσθημα» (сезіммен қабылдау) етістігінен пайда болған) қолданысқа енгізді. Баумгартен: «Эстетиканың пәні – әлемді өнердің өзіне ғана тән жолымен және сезіммен тануы», – дейді. Логика рационалды (ақылмен) тану заңдылықтарын зерттеп, ақиқатқа қалай жетуді үйретеді; адам ақиқатты ақыл-ойдың ғана емес, сезімнің көмегімен де түсінеді. Сондықтан логикамен қатар сезімдік танымды зерттейтін, сұлулықты ұғынатын ғылым – эстетика болуға тиіс.
Эстетика – жалпыадамзаттық құндылықтардың, олардың дүниеге келуінің, болмысының қабылдауы мен баға беруінің, кез келген адамның, ең алдымен, өнердегі қызметі үдерісінде әлемді эстетикалық игерудің мейлінше жалпы қағидаларының мәні туралы, эстетикалықтың табиғаты мен оның болмыстағы әрі өнердегі алуантүрлілігі, шығармашылықтың мәні мен заңдылықтары, өнердің қабылдануы, қызмет етуі мен дамуы туралы философиялық ғылым.
Өнерді қабылдайтын бұқара үшін де қажет ғылым – эстетика. Сайып келгенде, өнерді қабылдауға тәрбиелейтін де – эстетика. Өнер – ең жоғарғы рухани әсерлердің бірі және ол адамды эстетикалық ләззатқа бөлейді. Өнер – рухани-тәжірибеге толы, ал эстетика – теориялық жағынан жалпыадамзаттық жайттарға назар аудартады. Ол – өзекті, өйткені өнер өзара келісімге келмесе, болашағы жоқ әлемде адамдардың бір-біріне жақындасуына ықпал етеді. Эстетика мен өнер – бүкіләлемдік мәдениеттің орталығы әрі адамзаттың гуманитарлық тәжірибесінің шоғыры.
«Бұрындары эстетика тек эстетикалық ләззат беретін өнермен ғана айналысты. Гректердің таңғажайып қасиеті – қылмыс, кісі өлтіру, сенбестік пен кез келген жаман әдет немесе әрекетті сұлулыққа айналдыра білгенінде еді», – дейді Шелли. Бұл шындық аңыздарда да керемет суреттеледі. Бүгінде эстетиканың кеңейтілген пәніне болмыстың эстетикалық сипаттары, адамның әлемді эстетикалық тұрғыдан игеруі, эстетикалық рецепция (өнерді және болмыстың эстетикалық сипаттарын қабылдау), шығарманың көркем мағынасын қабылдауы мен басқа да көптеген проблемалар енеді. Мұндай эстетикалық жүйе тек қана «әсемдікті» тұғыр ете алмайды, алайда оның ерекше маңызы сақталады: шығарма көркем тілде жазылуы керек және оқырман немесе көрерменге эстетикалық ләззат сыйлауға тиіс.
...