Көне дәуірдегі қола балталар
Автор: pmusilmankul • Март 15, 2019 • Доклад • 906 Слов (4 Страниц) • 709 Просмотры
П.Б. МҰСЫРМАНҚҰЛ
Гуманитарлық ғылымдар магистрі
Кіші ғылыми қызметкері
ҚР Ұлттық музейі.
Көне дәуірдегі қола балталар
Бүгінгі таңда «Мәңгілік ел» ұстанымын ту еткен Қазақ елі талай ғасырлар бойы түрлі тарихи сәттерді басынан өткерді. Тәуелсіз Қазақстанның халқы – біздер, бейбіт заманда ұлттық мемлекетіміздің темірқазығы Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі мерекесін тойладық. Бұл тәуелсіздік талай замандардан өрілген, бабаларымыз «ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен» жасаған ерліктерінің арқасында келді.
Ықылым заманнан қазақ жерін мекен еткен тайпалар мен мемлекеттердің Ұлы далада қалыптасқан әскери өнері мен өзіндік қару-жарақ үлгілері болғанының айқын дәлелі ретінде – археологиялық зерттеулер нәтижесінде табылған түрлі жәдігерлерді айтуға болады. Біздің бабаларымыз ІІ мыңжылдықтың ортасы мен І мыңжылдықтың басында қалдырған жәдігерлер зор және бай тарихи мәнге ие. Олар көне металлургтер мен шеберлердің қолынан шыққан қайталанбас мәдени мұраларымыз - найзалар мен жебелер, соғыс балталары мен қанжар-қылыштар, сауыт-саймандар және басқалары. Аталған заттар көбіне көмбелер мен өзге де ғұрыптық кешендерден табылған.
Б.з.д. ХІІ-ІХ ғғ. кейінгі қола дәуірінде Еуразия даласында кең таралып, темір дәуіріне жалғасатын құралдардың бірі – қола балталар. Мақаламызда кездейсоқ және көмбелерден табылған қола балталардың сипаттамасы, таралу аймағы мен пайдалану ерекшеліктеріне тоқталып, талдаймыз.
Қазақстан жеріндегі көмбелерден табылған қола бұйымдар арасында дүмі шығыңқы ұңғылы балталар Жетісудағы қола құю өндірісі мен қару-жарақ жасау мәдениетінің даму деңгейінің айғағы. К. Ақышевтың еңбегінде сипатталған қола балталар Түріксіб, Новоалексеевка көмбелерінен табылған болатын. Қос балтаның ұзындығы 25-28 см аралығы, ұңғы бөлігі 5-6 см, қыры саптау бөлігі сыртында ұзынша тік сызықтармен бедерлене жасалған. Аталған балталарды К. Ақышев ерте темір дәуіріне жатады деген тұжырым жасаған болатын [1, 106-108]. Алайда, кейін бұл көмбе жәдігерлерін қайта қарастырып Е.Е. Кузьмина, Н.А. Аванесова қоладан жасалған соғыс балталары да қола дәуірімен мерзімделетіндігін айтты [2, 489]. Жоғарыда аталған қола балталарға ұқсас жәдігерлер Алматы маңындағы Андреевка көмбесінен де белгілі. Соғыс балтасы - бір қырлы, ұңғысы жұмырланып, шырша бейнелі сызықтармен бедерленген. Балта басының ұзындығы 22 см, саптауға арналған жұмыр ұңғы тұсы 7 см [3, 14].
Сондай ақ, соғыс балталары Жетісумен жапсарлас аймақтарда кеңінен таралған. Қырғызстан жерінен соңғы жылдары кездейсоқ қола бұйымдары біршама табыла бастады. Солардың ішінде екі қола балтаны ерекше атап өтуге болады. Олар да сыртқы бейнесі бойынша Жетісу балталарына ұқсас. Балталардың жалпы ұзындықтары 20-23 см аралығы болса, қыры – 4,7 - 4,8 см, саптау ұңғысының диаметрлері 4-8 см аралығы. Бірінің саптау бөлігінің сырқы жағы ұзынша тік сызықты бедерлермен, ал екіншісі – шырша тәріздес сызықтармен өрнектелген. [4, 92-94]. Қырғызстандық ғалымдар мұндай балталардың Шығыс Қазақстанмен шектесетін, Тарбағатай тауының оңтүстік жоталарымен жалғасатын Шығыс Түркістан аумағындағы Теченга жерінен табылғандығын, және олардың өте ұқсас екендігін, айырмашылықтары бедерлерінен ғана байқауға болатындығын атап көрсетті (Сурет 1). Теченга балталарындағы сызықтар жоғарыдан төмен қарай бейнеленген [2, 486].
Еуразия даласынан б.з.д. ІІ мыңжылдықтың соңында кең таралған қоладан жасалған соғыс балталарын сыртқы бейнелері жоғарыда сипаттап өткеніміздей тік сызықтар, төменнен жоғары қаратыла қиғаш сызықтар және шырша бейнесіндегі сызықтар арқылы бедерленген. Шырша тәріздес сызықтармен бедерленген балталардағы бейнелер де әр түрлі болып келеді. Олар, ұзын және қысқа қиғаш сызықтар бейнеліп, сызық сандарымен де ерекшеленеді. Қола балталар қарапайымнан басталап, күрделі әрлеумен жалғасады.
Жоғарыда қарастырғанымыздай қола балталардың таралуы және олар өте ұқсастықтарына назар аударар болсақ, яғни, Тянь-Шань аймағы мен Жетісудан, Шығыс Түркістан (Синьцзян) мен Алтай аймақтарынан табылымдардың кездесуі кездейсоқтық емес. Мұны белгілі бір мәдени кеңістік ретінде қарастырған жөн. Бұл пікірді бұған дейін қола балталар мәселесіне тоқталған ғалымдардың еңбектеріне сүйеніп, С.С. Иванов өз мақаласында арнайы көрсеткен [4, 97]. Ресейлік ғалымдар, біз қарастырып отырған қола балталардың ұқсастары Новосібір аймағынан табылғандығын айта келе, қоладан жасалған соғыс балаталарының түрлі типтері Орал мен Енисей аралығында көптеп таралған деген пікірді білдірген [5, 464]. Біздің ойымызша қола балталар - далалық аймақтарда ІІ мыңжылдықтың ортасынан бастап, ең мықты қару түрлерінің біріне айналып, шығысқа таралған.
...