Ерте дәуірдегі, орта ғасыр және ояну дәуіріндегі эстетика
Автор: Balzhan12_kz • Сентябрь 27, 2022 • Реферат • 392 Слов (2 Страниц) • 310 Просмотры
Тақырып: Ерте дәуірдегі, орта ғасыр және ояну дәуіріндегі эстетика.
Сұрақтар:
1. Сөз өнері жайлы пайымдаулар.
2. Ежелгі үнді, иран сөз өнерінің үлгілері.
3. Антикалық әлем, көне Грекия ойшылдарының ой-толғамдары.
Жауап:
1 Сөз өнері - әдебиет, және ол өнердің бір түрі. Сөз өнері туралы пайымдаулар өте көп. Жалпы ана тілімізде әдебиет деген сөздің түп төркіні арабша атаудан шыққан, “сөз”, “асыл сөз” деген мағына береді.Бұл сөз өнері қазақта қанша қадірлі болса, өзге елдеде тура біздегідей құнды болып саналады. Сөз өнері туралы пайымдаулар: Сөз әдебиеттің құрылыс материялы (Федин), Сөз өнері- өнер атаулының ең қиыны және күрделісі (Бальзак)
2. Ежелгі вавилондықтардың «Көрмегені жоқ кісі туралы» дастаны, үнді халқының «Махабхарата», «Рамаяна» сықылды б.э.д. 3-2 мыңыншы жылдардағы сөз өрнектерінің қазіргі көркемдік құны өз биігінде. Он тоғыз кітаптан тұратын «Илиада» мен «Одиссеяны» қосқанда сегіз есе артық «Махабхарата», он кітаптан тұратын «Ригведа» сияқты дастандардағы әсемдік жайлы толғамдар көп.
Сонымен қатар қызықты дерек айтқым келіп тұр . қазіргі кезде Ғаалымдар зерттеуі бойынша ежелгі үнді әдебиетінің қaлыптaсуы бaрысындa түркі мәдениетінің іздері көрініс тaбуымен қaтaр үнді мәдениеті мен өркениетінің дaмуынa үнді-еуропaлық, үнді-ирaндық емес, түркілік тaйпaлaрдың үлкен үлес қосқaндығы жaн-жaқты тaлдaуғa түсіп, қaрaстырылып жатыр.
Көп ғacырлық тaрихы бap түpкі және үнді әдеби бaйлaныстaрының сaбaқтaстығы – рухaни мәдениетіміздің өркендеу тaрихындa, әдебиеттің көркемдік дaмуындa өзіндік мaңызғa ие. Сон- дықтaн елдеp aрaсындaғы әдеби бaйлaныстaр мен оның қaлыптaсу тaрихын зерттеу жұмыстың ғылыми-теориялық тұpғыдaн кеңеюіне жол aшaтын дерек .
3 Ежелгі антикалық әлем,көне грекия ойшылдарының ой толғамы бойынша Эллада эстетикасының әлем әдебиетінен алар орны ерекше. Гректің әдемілік туралы ілімі Пифагор мен пифагор-шылардың дүниедегі зат атаулының түп мәнін саннан іздеген түсініктерінен шығады. Мысалы, музыка сазы үн шығаратын шектің ұзын-қысқалығына байланысты деп білген. Гераклит Эфесский толғамдарында диалектикалық түсінік бар. Оның ұғымындағы әдемілік – сапа. Әдемілік тек нақты, затты нәрсеге тән. Мысалы. Адам мен маймылды салыстырсақ, адам әлемі , адам мен құдайды салыстырсақ, құдай керемет. К.Маркс «тұңғыш энциклопедиялық ақыл иесі» атаған Демокрит
...