Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Білім беру процесін ізгілендіру технологиясы

Автор:   •  Январь 31, 2022  •  Лекция  •  548 Слов (3 Страниц)  •  1,026 Просмотры

Страница 1 из 3

Білім беру процесін ізгілендіру технологиясы

Қазіргі кезде «қоғамдық дамудың әр қилы кезеңдерінде туындалатын сұрақтарға толық жауап беруге дайын тұлға қажет» деген пікірге жауап іздеу күн тәртібінен түспеуі тиіс.

Бұл бағытта мектептің алатын орны бөлек. Өзінің атқаратын қызметі жағынан мектеп қоғамдық сананы қалыптастырады және қоғамда болып жатқан өзгерістерге өзінің қомақты үлесін қосады. Бұл жөнінде ресейлік педагог-ғалым Л.А.Обухова былай дейді: «Білім беру-теңдік пен демократияға ықпалын тигізуші ең маңызды әлеуметтік институт. Білім арқылы мәдениет беріледі және өзгереді, әлеуметтік статустар мен міндеттер жасалады және жаңғыртылады».

Сонымен, білім беру процесінде ізгілік көзқарасты қоғамдық өзгерту, даму мәселесі туындап отыр. Білімнің ізгілендірілуі білім берудегі жаңа бағыттарды айқындайды: оқушылардың белсенділігін арттыру, білімнің өзі үшін қажеттігін сезіндіру, оқу ісінде демократиялық көзқарастың орын алуы, оқушыны әрекет субъектісі деп тану және т.б. Білім беруді ізгілендіру адамның жеке тұлға ретінде дамуына бағытталған. Олай болса, оқу-тәрбие процесінің объектісі де, субъектісі де адам болуы керек, ал ізгілендіру субъектінің дамуына бағытталады.

Білім беруді ізгілендіру процесі білімнің, ғылымның ізгілендіру мәніне, «ол адамдарға бақыт, рахат әкеле ме немесе жоқ па?» деген сұрауларға жауап іздейді. Ол сауалға ізгіліктің құрамындағы қоғамдық бағыттар мен оның мазмұнын айқындау арқылы жауап береміз.

Тұлғаның құндылығына қамқорлық, құрмет көрсету –тұлғаның экономикалық, әлеуметтік, рухани талғамдарын қанағаттандыру. Адам- жасөспірім жан-жақты дамытушы тұлға. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Тұлғаның құндылығын сақтау мен қорғау...» деп айтылған.

Адам –тұлғаның құқығын қорғаушы мен сақтаушы жан. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Қазақстан Республикасы азаматының сөз, сенім бостандығына және оларды еркін түрде білдіруге құқы бар», - делінген.

Адам тұлғасының қоғамдық теңсіздігіне және жеке тұлғаның ой-пікірін, білімін меңсінбеушілікке қарсы күрес жүргізу қажет. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Заң алдында бәріміз бірдейміз», - деп айтылған.

Зайырлы қоғам құру жолында адамға жеке тұлға ретінде дінді таңдау, кәсіп, мамандық таңдау еркіндігі берілген.

Мұнан мемлекет зайырлы деп аталуы үшін қажетті ең басты ізгілік қағидаларын айқын көруге болады:

  1. Дамыған азаматтық қоғам қалыптастыру;
  2. Барлық азаматтардың заң тұрғысынан теңдігін қамтамасыз ету;
  3. Құқықтық мемлекетте заң үстемдік етеді;
  4. Барлық азаматтарға қоғам алдында жауапкершілік жүктеледі.

Жоғарыдағы бағыттарды зерделей келе, біз білім беру жүйесін ізгілендірудің негізгі қағидаларын бөліп көрсеттік. Білім беру жүйесін ізгілендіру жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталғандықтан, білім беру жүйесінде оқушыны тұлға деп айырып айтады.

Білім беру процесін ізгілендірудің негізгі қағидалары:

  1. Тұлғаның сапалы білім алуын қамтамасыз ету;
  2. Тұлғаның білімін бағалауда әділеттілікті сақтау;
  3. Тұлғаға кәсіп, мамандық таңдауда мүмкіндік тудыру және еркіндік беру.

Білім беру процесінің ізгілік қағидаларының 3-жағдайын тікелей 1, 2-бағыттардың жемісі деуге болады. Яғни, білім беру процесінің нәтижесі тұлғаны кәсіп пен мамандық таңдауына әкелуі қажет.

...

Скачать:   txt (8.2 Kb)   pdf (70.7 Kb)   docx (9.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club