Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі

Автор:   •  Май 17, 2018  •  Курсовая работа  •  7,832 Слов (32 Страниц)  •  857 Просмотры

Страница 1 из 32

Кіріспе

Тақырыптың өзектiлiгi. Қазiргi өскелең өмiр талаптарына сай жастарға бiлiм және тәрбие беру, оларды жан-жақты дамыту қоғам алдында тұрған басты мiндеттердiң бiрi. Бiлiм беру – бұл қоғам мүшелерiнiң адамгершiлiк, интеллектуалдық мәдени дамуының жоғары деңгейiн және кәсiби бiлiктiлiгiн қамтамасыз етуге бағыттал£ан тәрбие беру мен оқытудың үздiксiз процесi.

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi – рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Мемлекеттік білім беру мекемелерін немесе олардың жекелеген сатыларын бітірген адамдарға білім беру министірлігі белгілеген үлгіден олардың білім алғандығын куәландыратын құжат беріледі. Мемлекеттік емес білім беру мекемелерін бітірген адамдарға мұндай құжат осы мекемелер берген білім мемлекеттік стандартқа сай болған жағдайда беріледі. Білім беру мекемелерін бітіргені туралы құжаттарды (атестаттар, дипломдар және басқалар) нострификациялау және білім беру министірлігі белгілеген тәртіп бойынша жүргізіледі.

Білім жүйесінде қалаған деңгейдегі басқару қатынастары тәрбиелік қызметті де атқарады. Тәрбиленушілерді басқарушы болып есеп беретін педагог – тәрбиелешілер оларға жетекшілік етеді, ал, тәрбиеленушілер осы жетекшілік қатынастарды пайдалы ұғымдар ретінде игереді, яғни тәрбиелік қызметтің орындалып жатқаны. Осыдан, да басшының, тәрбиешінің мұғалімнің моралдық, әдептілік кейпіне жоғарғы талаптар қойылады. Кәсіби іс – әрекетті әр қилы деңгейде тең басқару – бұлда педагогикалық жүйелердің өз алдына ерекшелігі. Өз тұлғасын қалыптастыру барысындағы оқушы іс – әрекеттің тәрбиешінің бір өзі басқармайды, бұған бірнеше пән мұғалімдері, сынып жетекшісі, басқада ықпал жасайтын қызметткерлері араласады. Сондай – ақ, пән мұғалімдердің, сынып басшыларының қызметтеріне мектеп директордың оқу, тәрбие және сыныптан тыс жұмыстар бойынша орынбасарлары әкімшілік басқару жүргізеді. Мұғалімдер бір уақытта бірнеше қызмет атқарады ол – сынып басшысы, пән мұғалімі, әдістемелік бірлестік мүшесі. Мектеп көп тарапты байланысқа ие. Оның жұмысы ата – аналар мен қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік мекемелер мен қатынастар негізінде атқарылып барады.

Курстық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуына теориялық талдау жасау. Даму болашағына  болжам жасау.

Курстық жұмыстың міндеттері:

  • Білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуын анықтау;
  • Білім беру жүйесінің құрылымы мен мазмұнын қарастыру;
  • Білім беру жүйесінің қазіргі жағдайын талдау;
  • Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің даму болашағы бағалау.

Зерттеудің объектісі -  Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің даму перспективасы.

        Зерттеу пәні - Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамытудың жолдары.

Зерттеу әдістері: әдебиеттерді теориялық талдау жасау, орта мектептердің оқу-әдістемелік құжаттарын талдау, зерттеу мәселесі бойынша озық педагогикалық іс-тәжірибелермен танысып үйрену, талдау және қорыту.

...

Скачать:   txt (117.8 Kb)   pdf (342 Kb)   docx (51.6 Kb)  
Продолжить читать еще 31 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club