Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақ тілі пәнінен негізгі орта білім беру курсы бойынша

Автор:   •  Июнь 4, 2018  •  Доклад  •  3,143 Слов (13 Страниц)  •  1,021 Просмотры

Страница 1 из 13

Қарағанды - 2018

Қазақ тілі пәнінен негізгі орта білім беру курсы бойынша

емтихан материалдарын құрастыру және емтихан өткізу үшін түсіндірме жазба

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығымен бекітілген (09.02.2018ж өзгертулер және толықтырулар енгізілген) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің ережесіне» сәйкес негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру - білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады.

Оқыту орыс тілінде жүргізілетін қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан материалдары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы

№1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына және оқу бағдарламасына сәйкес әзірленді.

9-сыныпқа арналған қазақ тілі пәнінен мемлекеттік емтихан материалдарының мазмұнын іріктеуде қатысымдық-әрекеттік, қатысымдық- функционалдық, функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, ұлттық ерекшеліктерді ескеру, оқу материалдары мазмұнының аутенттілігі (түпнұсқалылығы), шындық өмірге сәйкестігі, оқушының тілді білу деңгейіне сай келуі, білім мазмұнының жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қабілетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын көрсете білуіне бағытталған оқыту ұстанымдары басшылыққа алынды.

Емтихан билеттері тапсырмаларының 9-сыныпта игеруге берілген курстың білім мазмұны бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтау мен меңгеру деңгейлерін анықтауда маңызы зор.

Мақсаты: оқушылардың білімдерін тиянақтау, тақырыптарды меңгеру деңгейлерін анықтау, тілдесім дағдысы арқылы сөздік қорларын тексеру және жазылым дағдысы бойынша теориялық білімдерін анықтау.

Тапсырмалардың құрылымы мен мазмұны:

1-сұрақ – оқылым дағдысы

2-сұрақ – тілдесім дағдысы

3-сұрақ – жазылым дағдысы

Тапсырмалар мазмұны бойынша оқылым, тілдесім, жазылым дағдыларын қамтиды. Берілген мәтіндерді тек мазмұндап қана қоймай, сұрақ құрастырып, берілген тақырып бойынша өз ойларын айтады.

Оқушылардың ауызша жауабын бағалау көрсеткіші: жауаптың дұрыстығы, негізділігі, дербестігі, толықтығы.

Қателер: қойылған сұраққа қате жауап; қойылған сұраққа жауап бере алмау немесе мұғалімнің көмегінсіз тапсырманы орындай алмау; тапсырманы дұрыс орындаған жағдайда оны толық жеткізіп, түсіндіре алмау.

Кемшіліктер: қойылған сұраққа толық әрі нақты жауап бермеу; дұрыс жауап берген жағдайда өздігінен т олық дұрыс жеткізе алмау.

«5» (өте жақсы) деген баға қойылады, егер оқушы:

тілдесім дағдысы бойынша айтылымы 2-3 минуттан кем емес, сөйлемдерінің арасында логикалық байланыс бар, идиомалық тіркестерді, мақал-мәтелдер мен нақыл сөздерді қолданатын, сөздерді дұрыс айтатын, емтихан алушының сұрақтарына еркін жауап бере отырып, салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолдана алса, әрі мәтінді толық мазмұндап, сөздерді анық айтса; оқылым дағдысы бойынша мәтінді логикалық тәртіпте, оның ішіндегі тарихи кезеңдер мен деректерге ерекше мән беріп, жаңаша айтып берсе, әрі емтихан тапсырушы мәтінді тек дайын үлгіде ғана айтып бермей, перифраз қолданып, кейбір сөздерге қосымша анықтама берсе,сөздерді нақты айтып, емтихан алушының қосымша сұрақтарына еркін жауап берсе;

жазылым дағдысы бойынша грамматикалық ережені жатқа біліп, сөйлем құрастыра алса, талдаудың түрін жетік меңгергенін дәлелдеп, шығармашылық қабілетін көрсете

...

Скачать:   txt (45.1 Kb)   pdf (161.1 Kb)   docx (29.1 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club