Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесінің даму тенденциялары (Орал қаласы мысалында)
Автор: 110295 • Май 15, 2018 • Дипломная работа • 19,948 Слов (80 Страниц) • 1,592 Просмотры
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесінің даму тенденциялары (Орал қаласы мысалында)
Мазмұны
Кіріспе
І. Қазақстандағы білім беру жүйесінің негізгі даму тенденциялары
- Қазақстандағы білім беру жүйесінің қалыптасу тарихы
- Қазақстандағы білім беру саласындағы жаңа бағыттар
II. Батыс Қазақстан облысындағы білім беру жүйесінің дамуы
2.1 Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
2.2 Бастауыш және орта білім беру жүйесі
2.3 Кәсіптік білім беру жүйесі
2.4 Жоғары білім беру жүйесі және жоғарыдан кейінгі білім беру жүйесі
ІІІ. Орал қаласындағы білім беру жүйесінің қазіргі жағдайы және даму перспективалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Қай мемлекеттің де негізгі тірегі-асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар.
«Келешектің иесі-жастар», «Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұқсас келеді»-деп И.С.Кони айтпақшы, қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді.
Білім-қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құңдылық. Оның ең негізгі қызметі-адамның менталитетін, адамгершілігін, творчестволық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғышарты-білім беру жүйесінің Білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап береді.
Білім беру сатыларының сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беру басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, іргелендіру, гуманитарландыру және т.т.-білім беруі саласындағы мемлекеттік саясаттың мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері.
Білім жүйесін дамыту стратегиясының мақсаты-ұлттық білім моделін жасау.
Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты-адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, творчестволық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, ХХІ ғасырдың маманы-жаратылыстану мен менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез-келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі-жоғары білімде. Өйткені жоғары білім-үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы білім беру жүйесінің даму жолдарын талдау.
Дипломдық жұмыс нысаны – Орал қаласының білім беру жүйесі болып табылады.
Қойылған мақсатқа сай,келесі міндеттер іске асырылды:
- Жалпы Батыс Қазақстан облысы бойынша білім беру тенденцияларын анықтау;
- Орал қаласындағы мектепке дейінгі білім беру жүйесін зерттеу;
- Орал қаласындағы бастауыш білім беру жүйесін зерттеу;
- Орал қаласындағы орта білім беру жүйесін зерттеу;
- Орал қаласындағы кәсіптік және жоғары білім беру жүйесін зерттеу.
Диплом жұмысының зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың нәтижелері салыстырмалы талдау әдістері, бағалау, статистикалық, географиялық әдістерге негізделді.
Диплом жұмысының практикалық маңызы және жаңалығы. Білім беру жүйесінің дамуы барысында қазіргі таңдағы географиялық ерекшеліктерді тану, білім беру жүйесіндегі түрлі бағыттарды білу.
...