Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің құндылық бағдарлары

Автор:   •  Январь 26, 2019  •  Курсовая работа  •  8,176 Слов (33 Страниц)  •  747 Просмотры

Страница 1 из 33

Тақырыбы: Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің құндылық бағдарлары

Мазмұны

Кіріспе………………………………………………………………………........…...3

1.Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің құндылық бағдарларының теориялық негізі 

1.1 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби мәнді сапаларын дамытудың маңызы.....................................................................................................5

1.2 Отандық және шет елдік зерттеулердегі құндылық бағдарларының мәселелері..................................................................................................................18

  1. Студенттердің құндылық бағдарларының сипаттамасы................................33

2. Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің құндылық бағдарларын зерттеу

  1. .1 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің құндылық бағдарларын эксперименттік зерттеудің  мақсаты, міндеті,әдістемелері және бағдарламасы

2.2 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерінің құндылық бағдарларын констатациялаушы  эксперимент арқылы зерттеу.........................................

2.3 Эксперимент нәтижелерін статистикалық талдау.........................................

Қорытынды .............................................................................................................

Пайданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «Қазақстан Республикасы жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы»мен «Қазақстан Республикасы жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетілген [1]. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс. 

Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдай жасау» ˗ деп атап көрсетілген [2].  

 Құндылық бағдарлар мәселесінің ерекше көкейкестілігі қазіргі жағдайларда жүзеге асады, себебі, қоғам дамуының дағдарыс кезеңдерінде көптеген іргелі құндылықтарды үлкен әлеуметік аумақта және сондай-ақ индивидуалды сана деңгейінде бағалау және мағыналау қажеттілігі өсіп келеді.  Қоғамда адамдарды біріктіріп қана қоймай, оларға өмір сүру мағынасын ұсынуға қабілетті идеялардың қарқынды ізденісі бақылануда. Болашақ мамандардың тұлғалық қасиеттерінің дамуында құндылықтық бағдарлардың тигізетін әсерін бір сөзбен айту оңай емес.

      Құндылық  мәселесінің әртүрлі аспектілерін ғалымдар зерттеді. Мысалы: жеке тұлғаның құндылықтарға бағдарлануы теориялық практикалық негіздерін И.Д. Багаева,   З.И. Васильева,    Г.К. Нұрғалиева, адамгершілік құндылықтарды және жастардың құндылық бағдарын әлеуметтік тұрғыдан В.Я. Ядов, Б.Ф. Ломов ,А.А.Бейсенбаева қарастырған [3].

Сонымен  қатар, ұлттық құндылықтарды танып білу, меңгеру және ұлттық мәдениеттің қалыптасу негіздері ағартушылар Ш. Уәлиханов,                    Ы. Алтынсарин , А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов , А. Байтұрсыновтың    рухани мұраларынан  бастау алады [4].

Философтар мен мәдениеттанушылар  Т. Ғабитов ,  Ғ. Есім,   Д. Кішібеков, Б. Ерасов , Қ. Әбішев, С. Нұрматов және т.б. құндылықтардың  әлеуметтік-философиялық мәнін айқындаған [5].

     Құндылық бағдардың  қалыптасуының  теориялық  негізін Т. Парсонс,    Р.Б. Перри, А.В. Кирьякова,   Н.Г. Казакина,А.И. Титаренко,    Л.С. Рубинштейн,    В.Н. Мясищев,    Д.Н. Узнадзе қарастырған [6].

        Болашақ мұғалімдерді даярлау мәселесі Н.В.Кузьмина, И.К.Журавлев, М.Н.Скаткин, А.А. Вербицкий, А.С. Границкая т.б. ғалымдардың  еңбектерінде талданған [7]. Ал болашақ мұғалімдерді дидактикалық және әдістемелік тұрғыдан дайындауды біздің отандық  ғалымдар А.Е. Әбілқасымова, Б. Баймұханов, Т.С. Сабыров, М.Ж. Жадрина, С.А. Жолдасбекова, Ә.А. Молдажанова, С.С. Маусымбаев, А. Нұғысова, Д. Рахымбек, Қ.Ж. Қарақұлов, Б. Қасқатаева және т.б; сонымен қатар,  болашақ мамандарды дайындаудағы біртұтас педагогикалық үдерістің теориясы мен практикасы, жоғары мектеп дидактикасының дамуын Н.Д. Хмель, А.А. Бейсенбаева, Е. Жұматаева, С.Т. Каргин, А.С. Қарбаева, К.С. Успанов және т.б; мұғалімнің зерттеушілік мәдениетін, шығармашылық ізденісін қалыптастыруын Ш.Т. Таубаева, Б.А. Тұрғынбаева, Е.И. Бурдина,  Н.А. Шамельханова және т.б. ғалымдар зерттегенін Ш.Т. Таубаева өз еңбегінде көрсетеді. Сонымен қатар, Ш.Т. Таубаева еліміздегі бастауыш білім берудің әдіснамалық, технологиялық, дидактикалық және әдістемелік аспектілерін Қ.Аймағанбетова, Ш.Х. Құрманалина, Т.Қ. Оспанов, Қ. Меңдаяқова, Ә.С. Әмірова, Қ.А. Сарбасова және т.б.; бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау, бастауыш білім беру мен бастауыш сынып мұғалімін даярлаудың тарихы мен дамуын Р.К. Бекмағамбетова, Қ.Т. Ыбыраимжанов, Б.М. Қосанов, Ш.Майғаранова  және т.б. ғалымдардың зерттегін өз еңбегінде көрсетіп отыр [8] .  

...

Скачать:   txt (125.9 Kb)   pdf (523.5 Kb)   docx (159.4 Kb)  
Продолжить читать еще 32 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club