Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінде кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары

Автор:   •  Октябрь 22, 2022  •  Реферат  •  4,982 Слов (20 Страниц)  •  782 Просмотры

Страница 1 из 20

Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

Реферат

Тақырыбы: «Қазақстан дамуының қазіргі кезеңінде кәсіби тұлғаның құндылықтары мен бағдарлары»

Мамандық: B018         "Екі шет тілі"

    орындаған:                                                 Аимбетова А.Б, 1 курс студенті

      тексерген:                                               Аубакирова Н.К

                                                                          аға оқытушы

Костанай, 2022

Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................................................................3

1. Құндылық және құндылыққа бағдар....................................................................................4-5

1.1 Тұлғаның қалыптасу бағыттары.........................................................................................6-7

1.2 Бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, сананың ашықтығы, ұлттық сәйкестік.......................9

1.3 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы......................10-12

2. Негізгі бөлім.............................................................................................................................12

2.1  Тұлғаның кəсіби дамуының психологиялық ерекшеліктері.......................................12-13

2.2  Психология ғылымдарында бәсекеге қабілеттіліктің анықталуы мен мәндік сипаттамасы............................................................................................................................14-15

Қорытынды..................................................................................................................................16

Пайданылған әдебиеттер тізімі..................................................................................................17

Кіріспе

 Мәселенің өзектілігі. Қазіргі кезде Қазақстан азаматтары рухани жаңғыру және ділді жаңаша қалыптастыру заманында өмір сүруде. Сондықтан терең білімділік пен жоғары деңгейдегі интеллектуалдылыққа талаптардың арта түсуі тұлғалық қасиеттерінің заманға сай дамуымен шарттасады. Жалпы, қашанда тұлға дамуы және оның іс-әрекеттегі жетістіктері, табыстылығы өзара байланысты қарастырылады. Жеке даралық дәріптелетін қоғамда бәсекеге қабілеттілік аса құнды тұлғалық қасиет қатарында. Қазіргі қазақстандық қоғамда да бұл қасиеттің маңызы артуда. Ал, мемлекеттік деңгейде қазақстандық қоғамның жаңаша дамуындағы басты фактор ретінде тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі өзекті мәселе болып қойыла бастады. Президент Н.Ә. Назарбаев (2017) қоғамдық сананың жаңғыруындағы басты бағыт ретінде тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі бойынша міндеттерді шешуді атайды. Сонда, тұлғаның бәсекеге қабілеттілігі Қазақстан Республикасының ұлттық идеясына айналды деуге болады. Тұлғаның бәсекеге қабілеттілігіндегі психологиялық мазмұн қабілеттілікті зерттеудің, оның психологиялық мазмұнын ашып, сипаттаудың және осы орайда мақсат-бағдарлы дамытудың ғылыми-теориялық негіздерін жүйелеу мен психологиялық тәжірибесін қордаландыру қажет. Ал, бәсекеге қабілеттіліктің психологиялық мазмұнын анықтап, зерттеуге әдіснамалық бағдар болатын әлемдік ғылымда теориялар, эмпирикалық зерттеулерден алынған мәліметтер мен бірқатар тәжірибелік жұмыстар бар. Оған қоса, бүгінгі таңда біздің қазақстандық қоғамда кез келген тұлғаның, мысалы, кәсіби білім беру жүйесінде болашақ мамандардың бәсекеге қабілеттігін дамытудың психологиялық-педагогикалық алғышарттары да жеткілікті. Шын мәнінде, кімнің «бірінші», «тұңғыш» болғысы келмейді? Себебі, басқалардан озық шығу ортада құрметке кенеліп, мақтаныш сезімімен, материалдық пайдамен бақытты өмір сүрудің кепілі сияқты. Ал, мұның басқа жағы да бар. Әлбетте, бәсекеге қабілетті тұлға ортаның өзіне, ісіне, тұрмыс-жағдайына деген қызғаныш, жеккөру сезімдерінің туындап, өршуіне себепкер де болады. Сондықтан, тек біздің көпшілдікті ұлықтайтын қоғамда ғана емес, батыс мәдениетінде де бәсекеге қабілеттілікті әрі «жағымды» («жақсы») деп дәріптейді де, екінші жағынан, «жағымсыз» («жаман») деп жақтырмайды да.

...

Скачать:   txt (75.2 Kb)   pdf (192.9 Kb)   docx (36.5 Kb)  
Продолжить читать еще 19 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club