Балаларды ерте дамыту әдістемесі
Автор: azhado85 • Декабрь 3, 2020 • Лекция • 761 Слов (4 Страниц) • 1,179 Просмотры
Қайырлы күн, білім алушы студенттер!
«Балаларды ерте дамыту әдістемесі» пәні бойынша оқу практикасы
Тобы: ББ-Б-19
Уақыты: 02.12.2020ж
Әдіскер: Сахиева Молдир Ерназаровна
Электронды қор:
http://rc-dd.kz/page/read/Metodologiya.html?lang=kz
https://ust.kz/word/balaqailar_mektebi-202473.html
Негізгі әдебиет:
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі «Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы «Балақайлар мектебі» мектепалды даярлық қысқа мерзімді курстарын ұйымдастыру» Әдістемелік ұсынымдар, Нұр-Сұлтан 2020.
«БАЛАҚАЙЛАР МЕКТЕБІ» КУРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
МАЗМҰНЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
«Қатынас» білім беру саласы
Міндеттері:
- айналасындағы адамдармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын
қалыптастыру;
- қазақ халқының және басқа халықтардың салт-дәстүрлерін, мәдениетін
құметтеуге тәрбиелеу;
- әрекеттердің алуан түрлі нысандары мен түрлерінде ауызша сөйлеуді
дамыту;
- ойынды, биді қолдана отырып, көркем бейнені құруда шығармашылық
дербестікті дамыту.
«Сөйлеуді дамыту» ҰОҚ:
•коммуникативті –тілдік, артикуляциялық дағдыларды дамыту;
ересектермен және құрдастарымен өзара әрекетте мінез-құлық
мәдениетін қалыптастыру;
•сөздік қорын байыту;
•тілдің грамматикалық құрылымын қалыптастыру;
•балалар көркем әдебиетінің шығармаларымен танысу арқылы
ауызша байланыстырып сөйлеуді дамыту;
•мәнерлеп оқу және мазмұндау, тілдік этикет біліктері мен дағдыларын
қалыптастыру;
•театрландырылған ойын әрекеті, жаттығу ойындары, имитациялық -
ойындар, драматизация арқылы балалардың жеке шығармашылық
қабілеттерін дамыту;
Күтілетін нәтижелер:
- барлық дыбыстарды айта алады;
- артикуляциясы бойынша ұқсас оқшауланған дауысты дыбыстарды
ажырату;
- сөздерге дыбыстық талдау жасайды;
- алуан түрлі заттарды жалпылайды және сипаттайды;
- қоршаған орта туралы түсінігі бар;
- негізгі ойды дұрыс жеткізе алады;
- әңгімелерді бірізді айтып береді;
- әңгіменің жалғасы мен соңын құрастырады.
«Сауат ашу негіздері» ҰОҚ
Міндеттері:
•«Сөз» және «дыбыс» терминдері туралы бастапқы түсініктерін
қалыптастыру.
•дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;
•балаларды сөздегі дыбыстардың бірізділігін белгілеуге үйрету, қатаң
және ұяң дауыссыздарды ажырата алу;
•дыбыстық құрылымы әртүрлі үш дыбысты сөздерге дыбыстық талдау
жасауға, дыбыстардың айтылу және дыбысталу ерекшеліктерін
талдауға үйрету;
Қолды жазуға дайындау.
•жазу кезінде арқаны және қолдарды дұрыс ұстау ережелерімен
таныстыру.
•ұзын және қысқа таяқшалар мен ирек сызықтарды жазуға жаттықтыру
арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту.
Штрих салуға үйрету;
•заттардың, әріптердің, бас әріптердің элементтерінің бейнелерін сала
білуге,
...