Кiшi мектеп жасындаfы балаларда ойлауды дамыту және тәрбиелеу жолы
Автор: Zarina.ssh • Июнь 3, 2023 • Реферат • 1,695 Слов (7 Страниц) • 156 Просмотры
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДА ОЙЛАУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕЛЕУ ЖОЛЫ
№1 Алматы қазақ мемлекеттік
гуманитарлық- педагогтік колледжінің
41 «Б» топ білім алушысы Шәріпхан Зарина Аманжолқызы
Ғылыми жетекшісі: Нурдавлетова Зауреш Нурсеятовна
Психология мамандығы бойынша әлеуметтік ғылымдарының магистрі
Педагогика және психология кафедра меңгерушісі
Түйіндеме
Мақалада кіші мектеп жасындағы балаларда ойлауды дамытудың психологиялық ерекшеліктері, тәрбиелеуде педагогикалық бағыттың жолдары қарастырылған. Мектепте кіші мектеп жасындағы балада оқу-тәрбие үрдісінде ойлау операцияларының формалары, түрлері, ойлау тәсілдері, баланың ойлауын дамыту және тәрбиелеу бағыттары анықталған. Балада ойлауды дамыту және тәрбиелеуге бірнеше әдістемелік жұмыстар жүргізілген.
Кілт сөздер: Аналогия, индукция, дедукция, анализдеу, синтездеу, жалпылау, нақтылау.
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қоғам дамуында жас ұрпақ білімі мен тәрбиесіне, дамуына үлкен мән беру қажет. әсіресе, кіші мектеп жасындағы балалардың білім алу және таным процесстерінің дамуы өзекті мәселе. Кіші мектеп жасындағы баланың таным процесстері қарқынды түрде дамиды. Бұл жастағы балалардың дамуында таным процесстердің дұрыс дамуы өте маңызды. Солардың бірі- ойлау. Ойлау- баланың өмірінде, сабағында айтарлықтай зор орын алады. Сондықтанда, мектеп бағдарламасы, баланың білім алып қана қоймай, психикалық процесстерінің дұрыс дамуына жағдай жасайды.
Ойлау процессі әр балада әртүрлі дамиды. Бірдеуде ерте, біреуде кеш дамуы мүмкін. Ал, мектеп бағдарламасының талабы, жалпы балаға бірди қойылған. Яғни, сабақ беру барысында, осы тұста қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл, баланың сабақ үлгерімінің нашарлауына, қоғаммен байланысына әсер етеді. Балада эмоциональды тұрғыда қиындықтар болуы мүмкін.
Ойлау- балада сабақ өту барысында, білім алуға, білім алушылармен алған білімдеріне кері байланыс жасауға, пәндер арасындағы байланысты сақтауға көмектеседі. Алынған білім ойлау процессі арқылы жүргізіледі. Сол себепті, оқушылардың бұл тұсын дамыту үшін, қосымша жұмыстар жүргізіледі.
Ғылыми жұмыстың өзектілігіндегі өзара қарыма - қайшылыққа байланысты:
- қоғам дамуының артуынан, білім беру жүйесіндегі үнемі жаңашылдық және шығармашыл, белсенді,дербес тұлғаны қалыптастыру.
- білім беруде кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау қабілеттерін дамыту үшін жасалатын жұмыстарының артуы және баланы икемділікке, бірізді жұмыс жасауға бейімдеу.
- мектептегі оқу- тәрбие беру жұмысындағы өзгешеліктер және ойлауды тәрбиелеудегі бағыт.
Зерттеу жұмысының мақсаты: кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауын дамытуға арналған әдіс- тәсілдерді негізге ала отырып, ойлауды дамытуға және тәрбиелеуге тиімді жолдарды анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауын дамыту мен тәрбиелеудегі қиындықтарды анықтау.
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауының ерекшеліктерін анықтау.
1 және 4 сынып оқушыларын ала отырып, ойлау деңгейлерін анықтай отырып, тұжырым шығару.
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауын дамытуға және тәрбиелеуге арналған тиімді жолдарды ұсыну.
Зерттеу ғылыми (гипотеза) болжамы: Қазіргі психологиялық- педагогикалық оқыту бағдарламаларын қолданатын болсақ, онда кіші мектеп жасындағы балалардың ойлау процессінің дамыуна ықпал етеді.
Зерттеу әдістері: психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді теориялық талдау, педагогикалық тәжірибені зерттеу.
Адам күн сайын бір іс- әрекеттің болсын шешімін іздейді. Шешімді табу үшін жүйелі түрде ойланады. Мысалы, жолда «А нүктесінен Б нүктесіне қалай жетемін?», мектепте «қиын тапсырманы қалай шешемін?», күнделікті «қандай киім кисем болады?». осылайша адамзат үнемі мәселелердің шешімін іздеуге талпыныс жасайды. Адам ойлану арқылы өзіне таныс емес, бейтаныс ақпарат көзін ашуы мүмкін. Қазіргі таңда дамыған жоғары технологиялар, телефондар, роботтар, ұшақ пен зымырандар автордың жұмыс жасау барысында жүйелі және бірізді ойлануынан шықты. Бұның барлығы да ойлау процесі арқылы жүргізіледі.
...