Тіл дамыту әдістемесі –ғылыми түрде құрылуы
Автор: ainagul18 • Январь 15, 2018 • Курсовая работа • 7,218 Слов (29 Страниц) • 2,103 Просмотры
Тіл дамыту әдістемесі –ғылыми түрде құрылуы.
Жоспар
- Кіріспе
- Тіл дамыту әдістемесі –ғылыми түрде құрылуы.
- Балабақшада мәдени дыбысталу жұмысының мазмұны мен міндеті.
- Бала сөзінің дыбыстарының дұрыс дыбысталуын қалыптастыратын сабақ үлгілері (ересектер, даярлық топтары бойынша).
- Қорытынды
Баланың сөз қоры жеткілікті болғанда
ғана өз пікірін айтып, басқалардың
сөздерін дұрыс ұға алады.
Төлеген Тәжібаев
Кіріспе
Қазақстан - әлемдегі көп ұлтың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасап келе жатқан мемлекеттердің бірі. Осындай көп ұлтты мемлекеттердің ұлттық саясатының діңгегі, тәуелсіздіктің тірегі, барлық ұлтты біріктіруші басты факторы - мемлекеттік тіл болып табылады десек, біздің мемлекетіміздің барлық ұлтты біріктіруші басты факторы- қазақ тілі.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Бiз барша қазақстандықтарды бiрiктiрудiң басты факторы болып табылатын қазақ тiлiнiң одан әрi дамуы үшiн барлық күш-жiгерiмiздi салуымыз керек»,- деп айтып өткен болатын. Сондықтан да мемлекеттік тілді өз мәртебесіне сай қоғам өмірінің күллі салаларына енгізу, қолданыс аясын кеңейту- бүгінгі күннің өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр.
Мемлекеттік тілді оқытудың жаңа жолдарын іздеу қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге байланысты әр кезеңде өз дәрежесіне сай сұраныста болды. Елімізде бүгінгі күнге дейін мемлекеттік тілді үйретудің баршаға ортақ стандарты, тұжырымдамасы, бағдарламасы жасалынбағандықтан да тіл үйрету балабақшада өзгеше, мектепте бөлек, жоғары оқу орындарында басқаша, ересектерді оқытуда да әртүрлі бағыттар бойынша өткізілді. Әйтсе де, қазақ тілін оқыту, оның әдістемесін жетілдіру мәселесі күн тәртібінен түспей келді. Еліміздің алдына қойған мақсат-ұстанымдарына қарай 2011 жылдың 29 маусымында «Тiлдердi қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы» қабылданды.
Бұл бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілін сақтай отырып, ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде саналатын мемлекеттік тілді балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарында, мемлекеттік қызмет пен қоғамдық-саяси, әлеуметтік кәсіпкерлік саласында батыл қолданысқа енгізіп, қазақстандықтардың өмірлік қажеттілігіне айналдыру.
Құжатта: «Бағдарламаның бірінші бағытын іске асыру арқылы Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру көзделеді. Бұл жүйенің өзегінде үшқұрамды негіз бар - мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру, оқытудың инфрақұрылымын кеңейту және мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру», - деп көрсетілген.
Аталып отырған бағдарламаның басты ерекшелігі- оны балабақшадан бастап орта мектепте, ЖОО-ларда мемлекеттік тілді оқытудың үздіксіз жүйесін жасау, ал екінші ерекшелігі- барлық мемлекеттік қызметшілерге, сондай-ақ халықпен тікелей қоян- қолтық жұмыс істейтін кәсіп иелеріне мемлекеттік тілді белгілі бір дәрежеде білу мәселелері де көзделгендігінде болып отыр.
Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» мен «Балапан» бағдарламасын іске асыру міндеттерінде мектепке дейінгі ұйымдардың қолданысындағы бағдарламалардың мазмұнын жаңарту көзделген.
Мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік тілді үйрету жұмысына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы мектепке дейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспарларында айқындалған (ҚР БҒМ 2012 ж. 20 желтоқсандағы №557 бұйрығы).
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мемлекеттік тілді үйрету және дамыту Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (ҚР Үкіметінің 2012 ж 23 тамыздағы №1080 қаулысы) талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
...