Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Зердесінде ауытқушылық бар балалардың ұсақ саусақ бұлшық еттерін дамыту

Автор:   •  Апрель 29, 2020  •  Реферат  •  3,102 Слов (13 Страниц)  •  557 Просмотры

Страница 1 из 13

Олигофренопедагогикадан   семинар:

Зердесінде  ауытқушылық  бар  балалардың ұсақ  саусақ  бұлшық  еттерін  дамыту

Дефектолог:  Мухаметова А.М.

      Кішкентай  балақай,   ол  дүниені  қалай  танып  біледі?  Бала  өзін  қызықтырған   затты   қолымен  ұстап,  зейін    қойып  зерттейді.  Баланың   қолы  мен  саусақтарының   қимылдары   маңызды   дамыту   құрал  болып  саналады.   Бәрімізге  белгілі   жаңа   туылған   сәбі    әрқашан   саусақтарын    жинап,  жұдырық   етіп  ұстайды.  Ал  егер  оның  алақанына  саусағыңды  салсаң,  сәбі  саусақты  қатты  қысып  ұстап  алады.    Бірақ  бұл  қимылдарды   бала    рефлекторлық  деңгейде  орындайды,   себебі  оның  қимылдары  әлі  жоғары  жүйкелік   бақылау  жасай  алмайды.   Мидың дамуына  байланысты  ұстау  рефлексі  немесе  сезімі   қалыптасады. Баланың  ұстау   сезімі  дамыған  сайын,  оның   сезімдік  яғни  эмоционалдық  және   ойлау  қабілеттері   дамиды.     Себебі,  айналасындағы   заттарды  қабылдау   қолмен  ұстап,  сипау   арқылы жүзеге  асады.  Баланың  есте  сақтауын,  зейінін,  ойлауын,   сөйлеу  тілін  дамытуда   қолдың  ұсақ   бұлшық  еттерін  дамыту  өте  қажет.  Орыс  физиологы  В.М.  Бехтерев  өз  жұмыстарында   қолдың  жай   қимылдары  адам  ой-өрісін   демалдырып,  дыбыстарды  дұрыс   айтып,  тілін  дамытады   деп  дәлелдеген.  «Баланың  ақыл-ойы  оның  саусақтарының  ұшында. Ум  ребенка  находится на  кончиках  его  пальцев»-деп  айтқан  екен  ұлы  орыс  педагогы В.А. Сухомлинский.

Кинезиология-қимыл  арқылы  бас миды  дамыту  туралы  ғылым.
Кинезиология – наука о  развитии  головного  мозга  через  движение.

Қол  қимылдарының   адамның   бас  ми қыртысына  әсер  ететінін   біздің  эрамызға  дейінгі   ІІ  ғасырда   Қытайда  дәлелдеген.    Сол  заманның   мамандары   қол  және  саусақпен  жасалынған   әр  түрлі  жаттығулар  адамның   денесі  мен  ой-өрісінің   үйлесімділігін  қамтамасыз  етіп,  бас  ми  қыртысын  бір  қалыпта  ұстап  тұрады  деген.  

      Ақыл-ойы  дамымаған   балаларда  моторлық  аймағының  бұзылуы  көп байқалады.  Бұл  ұсақ  бұлшық  еттердің  қимыл  үйлесімділігінің  бұзылуы  мен  кемшіліктерінің  саусақ   бұлшық   еттерінің   дамымауынан, қол  басы   қимылының   тұрақсыздығынан  және  тағы  басқалардан  байқалады.  Осы  санаттағы  балаларға  тән   моторлық   қиындықтардың  салдарынан  жазба  сөйлеу   тіліне   үйретуде  өзіндік   қиындықтар  туындайды.   Оларда   жазу  техникасы,  сауаттылықтары  зардап  шегеді.  Зерде  дамуында  бұзылыстары  бар  төменгі   сынып  оқушыларының  жазулары  ерекше-қатты  басады,  әріптері  біркелкі,  бірдей  болмайды.  Олардың  кейбіреулері  қаламды   саусақтарымен  ұстауға  қиналады,  жұмысқа  дайындалуға  көп  уақыттары  кетеді,  сондықтан  барлық  оқушыларға  бірдей  берілетін  тапсырма  көлемін  ол  орындай  алмайды.  

   Зердесінде  бұзылыс бар  балаларға  тән   жоғарыда  көрсетілген  өзіндік  моторлық  қиындықтарға   байланысты   сауаттылыққа  үйретудің  дайындық   кезеңінен  бастап  қолдың  ұсақ  қимылын  дамыту  бойынша  мақсатты  бағытталған   қызметтің  қажеттілігі  өзекті  болады.

Саусақтардың  ұсақ  қимылын  дамыту  бойынша  түзету  жұмысында  балалардың  орындау  жылдамдығы  мен  сапасына  емес,  олардың  әрбір  тапсырманы  дұрыс   және  ыждағаттықпен  орындағанына   көңіл  аудару  керек.    

Ұсақ  моторика-  бұл  саусақ  және  алақанмен  жасалатын қимылдар.

Ірі  немесе  жалпы  моторика- қолмен  және  барлық  денемен  қимыл  жасау.

Жіңішке  моторика-  саусақтардың  ұсақ  бұлшық  еттерінің    дамуы,  яғни  аз  мөлшерде  ұсақ   қимылдарды  жасау  қабілеті.

Ұсақ  моториканы   дамыту   маңызы:  

-Бас  ми  қыртысының   жұмысын  жақсартады;

-Бас ми  қыртысындағы  сөйлеу   орталықтарын  дамытады;

-Бала  тілінің  дамуын  ынталадырады;  

-Артикуляциялық   қимылдардың  жақсаруына  себеп болады;  

-Қимыл  координациясы  мен  ырғақ   сезімін  дамытады;

-Баланың  танымдық  қызғушылығын  дамытады.

...

Скачать:   txt (23.8 Kb)   pdf (91.9 Kb)   docx (14.6 Kb)  
Продолжить читать еще 12 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club