Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі
Автор: Sarimova0308 • Март 28, 2019 • Лекция • 2,032 Слов (9 Страниц) • 2,125 Просмотры
Сабақ жоспары
Саримова Асель Талгатовна
Мағжан Жұмабаев атындағы Петропавл гуманитарлық колледжі
Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
Бөлімі | Күндізгі |
Мамандығы | 0101000 ««Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» |
Курс | І |
Топ | ДВ-1-18 |
Пән | Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі |
Оқытушы | Саримова Асель Талғатқызы |
Сабақтың тақырыбы | Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстырудың әдістері. Әдістердің жалпы сипаттамасы |
Сабақтың түрі | Аралас (дәріс, практика) |
Сабақтың мақсаты | Білімділік: зерттелетін пәнге қызығушылықты қалыптастыру, мектепке дейінгі жастағы балаларды экологиялық тәрбиелеу туралы білімді қалыптастыру, сондай-ақ экологиялық білім алудың әртүрлі әдістерін практикада қолдану мүмкіндігі. Дамытушылық: логикалық жүйелі дағдыларды дамыту, сабақта зерттелген материалды жүйелеу; теориялық материалмен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, психикалық операцияларды жүзеге асыру және олардың нәтижелерін ауызша және жазбаша түрде ресімдеу, экологиялық білім беру үшін мектепке дейінгі білім беруде қолданылатын әдістердің мазмұнын талдау. Тәрбиелеушілік: балаларды табиғатпен таныстыру арқылы адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбие беруді жүзеге асыру. |
Сабақтың көрнекілігі | Компьютер, мультимедиялық проектор, экран, таратпа материалдар, слайдтар, видео. |
Технология, әдіс-тәсілдер | Топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау, ми шабуылы, сұрақ-жауап, «Фишбоун» тәсілі, сергіту сәті, «Көрші» шаттық шеңбері; өзара әрекеттесу, өзара оқыту, топтық технология, , оқытуды бағалау және оқытуға баға беру, АКТ пайдалану. |
Пәнаралық байланыс | Педагогика, психология, өзін-өзі тану, ағылшын тілі |
Сабақ барысы:
Сәлеметсіздер ме? Сіздерді бүгінгі сабағымда көргеніме қуаныштымын. Қазір бізде «Балаларды табиғатпен және экология негіздерімен таныстыру әдістемесі» пәні. Студенттерді түгендеу.
- Бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын топтың ахуалын қалыптастыру үшін, бір бірімізге жақсы көңіл күй сыйлау үшін орнымыздан тұрып бір бірімізбен амандасып алайық.
Психологиялық ахуал туғызу
«Көрші»
Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.
Нұсқаулық:
Оң жақтағы көршіңмен қол алысып амандас,
Сол жақтағы көршіңмен құлақ арқылы амандас,
Оң жақтағы көршіңмен шынтақ арқылы амандас,
Сол жақ көршіңмен табан арқылы амандас,
Оң жақ көршіңмен тізе арқылы амандас,
Сол жақ көршіңмен мұрын арқылы амандас.
Оң жақтағы көршіңе бір жыми,
Сол жақтағы көршіңе бір жыми
Көршіңді оң жақтан құшақта,
Көршіңді сол жақтан құшақта.
- Балалар, бүгінгі біздің сабағымызды мен біздің көшбасшымыз, елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзінен бастағым келіп отыр. Экранға назар аударыңыздар.
«Бүгінгі заман білектің емес, білімнің заманы дегенді ескерсек, заман талабына сай дайындалған мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі сапалы білім мен саналы тәрбие алған шәкірттерінде болмақ»
деп айтып кеткендей келешек ұрпақтың тәрбиесі мына болашақ тәрбиеші сіздердің қолдарыңызда. Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақсат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе білетін азамат тәрбиелеу.
- Көріп отырғандарыңыздай біз бүгін топ болып жұмыс жасаймыз. Қазір мен сіздерге мына гүлді ұсынғым келіп отыр. Әрбір студент өзіне ұнаған гүл жапырағын алыңыздар. Сіздер ұнатқан түстеріңізді таңдаған болатынсыздар. Күнделікті өмірде біз аса мән бере бермейтін «түстердің» адам психологиясына айтарлықтай ықпалы бар. Олай болса назар аударыңыздар, сіз таңдаған түстерге қысқаша мінездеме:
Қызыл түс - адамның энергияға толы екенін көрсетеді. Өмірлік күшті, белсенділікті, нәтиже, сәттілікке қол жеткізу үшін барлық мүмкін болған талпынысты, бейімділікті, албырттықты, жеңіске деген жігерді, құлшынысты білдіреді. Бұл түсті таңдағандар - кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын, күрескер, батыл адамдар.
...