Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар және биостатистика

Автор:   •  Апрель 14, 2019  •  Статья  •  658 Слов (3 Страниц)  •  822 Просмотры

Страница 1 из 3

Ғылыми жетекші: Аға оқытушы Канапина З.Е.

Факультет: Жалпы медицина

Кафедра: Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар және биостатистика

Ғылыми жұмыстың мақсаты: Ақпаратты қорғаудың маңызын түсіндіре және түрлерін баяндай отырып, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі туралы мәлімет беру және ақпаратты  биологиялық тәсілдер арқылы қорғау жолдарын көрсете келе қауіпсіздік жүйесінің медицинадағы маңыздылығына тоқталу.

Ақпараттық қауіпсіздік - ақпараттың қол жетімділігін, тұтастығын және құпиялылығын қамтамасыз ететін процесс.

Ақпараттық қауіпсіздік - ақпараттың рұқсатсыз таралуына, пайдаланылуына, өзгертілуіне немесе жойылуына жол бермеуді қамтамасыз ететін шаралар жиыны.

Ақпаратты қорғаудың басты міндеті мемлекеттік және коммерциялық құпияларды, құнды құжаттарды қорғау болып табылады.

Ақпаратты қорғаудың түрлері:

  • Стандартты қорғау
  • Бағдарламалық қорғау
  • Криптографиялық қорғау
  • Биометриялық қорғау

Ақпараттық қорғаудың стандартты түрлері дегеніміз - ол әртүрлі құпия сөз немесе әртүрлі шектеу қою арқылы ақпаратты қорғау болып табылады.

         Бағдарламалық қорғаныс – бұл әртүрлі вирус түрлерінен (троян, компьютерлік құрттар, стелс т.б.) арнайы  бағдарламалар (Kaspersky, Eset32, Avast т.б.) арқылы қорғау болып табылады.

         Криптографиялық қорғау - бөтен адамдарға оқуға мүмкіндік бермейтіндей түрлендіру әдісімен ақпаратты қорғау болып табылады.

Криптография – (kryptos-құпиялы, logos-ғылым) ең ежелгі әдіс болып саналады себебі ежелгі өркениеттің өзінде-ақ ақпаратты әртүрлі символдар арқылы жасырын жеткізген.

Биометриялық қорғау - жеке тұлғаның биометриялық өлшемдеріне негізделіп жасалады. Олар саусақ таңбасы, көздің нұрлы қабығының суреті, адам дауысы мен іс-қимылдары.

Негізіен бұл технология биометриялық мәліметтерге байланысты 2 топқа бөлінеді.

  1. Статикалық биометрлік өлшем – оған саусақ таңбасы, қолдың геометриясы, көздің нұрлы қабығының суреті кіреді.
  2. Биометриялық динамикалық өлшем - оған дауыс ырғағы, қолтаңба, құпия сөзді айту мәнері кіреді.

Бұл әдіс тәжірибе жүзінде бірдей жұмыс жасайды. Ол барлық биометриялық өлшемдерді  көшіріп сақтап алады, оның дәлдігін жоғарылату мақсатында кейде бірнеше рет идентификация жасауды талап етеді.

Биометриялық әдістің қолданылуы 4 сатыдан тұрады:

  1. Ақпаратты жазып немесе көшіріп сақтау.
  2. Бірегей ақпаратты жинақтап, биометриялық үлгіге айналдыру.
  3. Сақталған үлгіні салыстыру.
  4. Жүйе ақпараттың дәлдігін, дұрыстығын анықтап, шешім шығарады.

Бұл технологияның ең кең тараған әдісі саусақ таңбасы арқылы тану. Ол сенімді және тиімді, қолжетімді биометриялық әдіс. Бұл әдіс саусақтардағы таңбаның бірегейлігіне негізделген. Арнайы сканер немесе сенсор арқылы алынған саусақ таңбасы сандық кодқа айналады және бұрын енгізілген мәліметпен салыстырылады. Идентификациялаудың осы әдісінің сенімділігі бірдей саусақ ізін құрудың мүмкін еместігі болып табылады. Әр адамның барлық саусақтарының іздері бірегей және егіздердің арасында да ерекшеленеді. Саусақ іздері адамда өмір бойы өзгермейді. Егер саусақтардың біреуі зақымдалған болса, сәйкестендіру үшін «резервтік» саусақ іздерін қолдануға болады, оны әдетте, пайдаланушы тіркеу кезінде биометриялық жүйеге енгізіледі.

...

Скачать:   txt (9.9 Kb)   pdf (127.7 Kb)   docx (10.8 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club