Ақпараттық технологияларды қонақүйде пайдалану
Автор: Togzhan Azhikul • Март 17, 2018 • Доклад • 441 Слов (2 Страниц) • 1,357 Просмотры
Ақпараттық технологияларды қонақүйде пайдалану
Қазіргі дамыған заманда қонақжайлылық сферасын әр түрлі ақпараттық технологияларды қолданбай жұмыс атқарғандығын елестету қиын. Ақпараттық технологиясыз бір де бір қонақ үй өмір сүре алмайды деуге келеді. Дұрыс қолданылуы қонақ үйдің дамуына, оның табыстылығына, дұрыс басқаруына әсерін тигізеді.
Ақпараттық технологияларға мыналарды жатқызуға болады:
- құрылымдық кабельдік жүйе
- қонақ үйдегі телефон
- телевизия , интерактивті және төлем телевизия жүйесі
- интернет желісі wi-fi
- Қонақүй бағдарламалары, қонақүй басқару жүйесі (PMS), SPA және басқару жүйесі (POS);
- ERP жүйесі: калькуляция және жинақтау жүйесі, бухгалтерлік және қаржы жүйелерінде эквайринг
- қонақ үй сайты, онлайн брондау жүйесі
- есептік құралдар: сервер, компьютерлер, мейрамханалар терминалы;
- қонақ үйді видео бақылау
- Системды бақылау және қолжетімділік (СКУД) қонақ үй.
Қонақ үй шаруашылығы ақпараттық технологияның ішінде нөмірлерді онлайн брондау системасының дамуына көп көңіл бөледі.
Қонақ үйдің интернет сайттары арқылы қай жерде болсанызда, өзіңізге қажетті (бағасына, комфорттылығына, қызмет көрсету деңгейіне байланысты) қонақ үй таба аласыз.
Қонақ үйді онлайн брондаудың бірнеше типтері бар. Қонақ үйді таңдау кезінде ортақ сайттардан қарап таңдауға болады, мысалы booking.com, hotels.com, oktogo.ru және т.б. Бұл сайттар қонақ үйлермен келісімшарт орнатқан және онлайн сатудан белгілі пайызының мөлшерін алып отырады.
Келесі типіне тоқталатын болсақ қонақ үйлер мен мейрамханаларға арнайы жасалған брондау жүйесі ( 1 кесте)
1 кесте
Жүйенің характеристикасы
Брондау жүйесі | артықшылығы | кемшілігі |
Accor | - көп тілде жұмыс істеуі | Accor Group қа тіркелген қонақ үйлерді ғана іздеу |
Amadeus | - қала бойынша брондауға мүмкін қонақ үйлердің тізімі көрсетіледі -қонақ үйден визалық көмек көрсету | - міндетті түрде ағылшын тілін білу |
Tourico, GTA, MGHotels | - қала бойынша брондауға мүмкін қонақ үйлердің тізімі көрсетіледі - - басқа қонақ үйлермен бағаларды салыстыру | - орналасқанша 100% алдын ала төлем - визалық көмек көп жерде көрсетілмейді |
Номерді брондау үшін Facebook парақшасы арқылы тіркелу керек. Өзіңіздің аккаунтыңызды ашып тіркелген соң, өзіңізге керекті брондау жүйесі жайлы анықтамаларды көруге болады. Ақпарттық технологияның мүмкіншілігі арқылы өзіңізге қолайлы қонақ үй, бағасына, қызмет көрсету сапасына байланысты брон жасай аласыз. Қонақ үйді таңдаған соң бірнеше минуттардан кейін брон жасалынады.
...