Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қоғамдағы рөлі.

Автор:   •  Март 31, 2023  •  Эссе  •  2,264 Слов (10 Страниц)  •  566 Просмотры

Страница 1 из 10

                                                         

                                                        Эссе                                                                                                                 Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қоғамдағы рөлі.

Қазіргі кезең жалпы ақпараттандыру заманы болып табылады. Ақпараттан- дыру заманында кез-келген саланы, жалпы күнделікті өмірді ақпараттық технологияларсыз елестету мүмкін емес. Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде ол,  мемлекеттің, қоғамның, тіпті отбасының басты ресурсына айналып отыр.Жалпы осындай процестердің нәтижесінде қоғамда, “ақпараттық қоғам”, “ақпараттық әлеуметтену”, “ақпараттық-коммуникациялық технологиялар” сынды ұғымдар пайда болды.                                                                                          Ақпараттық қоғам-ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдалану негізінде ақпараттық үдерістер жүзеге асатын қоғам,ал ақпараттық ресурстар барлық халықтың ауқымына қолжетімді болып табылады.Ақпараттық әлеументтену ұғымы, “тұлғаның қарқынды дамуы және де қоғамнан шеттеліп қалмауы керек”, деген мағынада қолданылады.                                             Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (қысқартылған түрі АКТ)-бұл есептеу техникасы құрылғыларын, сондай-ақ телекоммуникация құралдарын қолданып жүзеге асырылатын ақпараттармен өзара әрекеттесу үрдістері мен әдістері. АКТ-ақпараттарды түрлендіруге және өңдеуге бағытталған технология.                                                                                                                Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қазірі таңда біздің өміріміздің басты құрамдас бөлігіне айналып отыр.Теледидар көру, компьютерде жұмыс жасау, ғаламторда отыру, смартфонды пайдалану, әлеуметтік желілерді пайдалану осының барлығы АКТ-ның құрамдас бөліктері болып табылады. АКТ-ның негізі болып табылатын, теледидар, радио, компьютер, смартфон, интернет, әлеуметтік желілер қоғам мүшесінің мінез-құлық үлгісіне, қызығушылықтарына және құндылықтарына әсер ете алады. Осыған байланысты соңғы кездері тұлғалық және дәстүрлі отбасылық құндылықтар сипаты өзгеруде. Бұл өз кезегінде ақпараттық коммуникациялық технологиялардың теріс жағын көрсетеді, яғни тек адами құндылықтардың өте үлкен өзгеріске түсіп жатқанын көрсетеді.                                                   Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың қазіргі таңда қоғамдағы  рөлі өте маңызды. Мәселен, АКТ-ның басты көрінісі ретінде, халыққа қызмет көрсету орталықтарын атап өтуге болады. Олардың басты қызметі, жергілікті халықты ақпаратпен қамтамасыз ету, мәселен: түрлі категориялар бойынша халықтың құжаттарын жасау, өңдеу, байланыстыру және т.б. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды тікелей қолданатын  бұл мекеменің басты артықшылығы: тұлғаның уақытын, энергиясын материалдық және физиологиялық тұрғыдан барынша үнемдеу. Және нақты принципте жұмыс жасау.                                                                                                               Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар- ақпараттың қайнар көзі. Мұнда тұлға өзінің қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына қарай өте көп ақпараттарды, керек мәліметтерді ала алады. Ақпараттық-коммуникациялық технолгиялар- қоғамдағы басты коммуникация құралы.                                                               Жалпы менің ойымша, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қоғамның кез-келген мүшесі пайдаланады.Мейлі ол, мектеп оқушысы, студент, жұмысшы немесе тіпті қарт адам болсын. Сол себепті де менің жалпы өз ойым, бізге танымдық сипаттағы бағдарламалар, сайттар, форумдар санын арттыру қажет.Ол міндетті түрде ана тіліміз-қазақ тілінде болуы керек. Білім, ғылым, мәдениет саласындағы өте қажетті, маңызды контенттер жасалуына назар аударылуы тиіс. Ұлттық әдебиетімізді,тарихымызды, болмысымызды, әдет-ғұрып, салт-сананы қайта жаңғыртатын  жобалардың көп болғанын қалаймын. Және осы айтылған ұсыныстардың мемлекеттік дәрежеде орындалып, күнделікті өмірде қолданыста болуына жағдай жасалса деймін.                                                                                                                            Қазіргі жаһандану кезеңінде ақпараттық коммуникациялық технологиялар қоғамның  әлеуметтік үдерістерінің динамикасына тікелей әсер етіп отыр.Ақпараттық коммуникациялық технологиялар-бізді қоғаммен байланыстыпушы қоғам. Және біздің басты міндетіміз- ақпараттарды дұрыс пайдану болып табылады. Бізді қоршап тұрған ақпараттық коммуникациялық технологиялардың қоғамдағы рөлін негіздеу әлі де болса маңызды мәселелердің бірі болып отыр.

...

Скачать:   txt (12 Kb)   pdf (87.4 Kb)   docx (9.9 Kb)  
Продолжить читать еще 9 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club