Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Шетел тілі сабағында қолданатын интербелсенді әдістер

Автор:   •  Март 1, 2021  •  Курсовая работа  •  5,360 Слов (22 Страниц)  •  707 Просмотры

Страница 1 из 22

                              АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

«ГУМАНИТАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖ»МКҚК

Шетел тілі пәндер бірлестігі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

                                                                                                   Студент: М.Қ.Кәрім

   Мамандық: «Шетел тілі мұғалімі»

                                                                                    Тобы: 4 пая

                                                                                                   Жетекші: Хайрат Э.

Астана 2019

                                                      МАЗМҰНЫ

 КІРІСПЕ ............………………………………………………………….…

I. ШЕТ ТІЛДЕРІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

1.1. Интербелсенді әдіс және оның түрлері..................................................

1.2. Шетел тілі сабақтарында интербелсенді әдістің тиімділігі..................

II. ИНТЕРАКТИВТІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУ БОЙЫНША ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

2.1. Іс - тәжірибе кезіндегі шетел тілі сабағында төрт деңгейді анықтайтын тапсырмалар.....................................................................................................

2.2. Интербелсенді әдістерді қолдана отырып жасалған сабақ жоспары және олардың тиімді, тиімсіз жақтары......................................................................

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................................

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..................................................................................

ҚОСЫМША...................................................................................................

                                            КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Оқытудың интербелсенді технологияларын мұғалімдер сыныптағы оқушылардың білімі мен қабілетіне байланысты түрлендіре алады. Оқушылар жұппен немесе топпен жұмыс істей алады. Ең бастысы, мұғалім жақсы ұйымдастырушы болуы керек. Бұл технологияда оқушы мен оқушы немесе оқушы және мұғалім үнемі байланыста болады. Бұл оқушылардың сөйлеу тілін дамытуға, логикалық ойлауды жетілдіруге, білімді кеңейтуге ықпал етеді. Студенттердің тілдік дағдыларын жақсартуға мүмкіндік береді

   Зерттеу жұмысының мақсаты: Оқушылардың  оқу, жазу, сөйлеу, тыңдау дағдыларын интерактивті әдіспен дамыту жолдарын көрсету; және оларды сабақтың әр бөлігінде пайдаланудың нақты мысалдарын беру.

Зерттеу жұмысының міндеттері: 

1. Шетел тілі сабақтарында оқытудың интерактивті әдістерін әр сабақта қолдану;

2. Топтық, жұптық және өздік жұмыс арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырудың тиімді жолдарын табу;

 3. Оқушының белсенді субъект ретінде өзін – өзі өзектендіруге, өзін – өзі дамытуға мүмкіндік беретін педагогикалық жағдайды анықтау; 

Зерттеу жұмысының пәні: Мектепте шет тілін оқыту үдерісі.

Зерттеу жұмысының объектісі: Шет тілі сабақтарында оқытудың интерактивті әдістерін қолдану.

Зерттеу жұмысының әдістері: Талдау, бақылау, салыстыру әдістері.

Зерттеу жұмысының болжамы: Егер шет тілі сабақтарында интерактивті әдістерді оқыту жаңа теориялық тәсілдерге негізделген және дәлелденген болса, онда интерактивті әдістерді пайдалану білімді күшті, саналы, жеңіл меңгеруге негіз болып табылады.

Зерттеу жүмысының жаңашылдығы: Интерактивті оқыту барысында оқушыларды сабақта белсенді болуға, өз ойларын дұрыс білдіруге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталастар жүргізуге, онымен бірге талқылау үшін басқа да пікірлерді құрметтеуге үйретудің оңай жолдарын көрсету.

I. ШЕТ ТІЛДЕРІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

  1. Интербелсенді әдіс және оның түрлері

    ХХІ ғасыр – озық технологииялар ғасыры. Сондықтан білім беру жүйесінде жаңа технологияларды тиімді пайдалану заман талабы. Әсіресе шетел тілін үйренуде мұның пайдасы өте зор. Себебі тіл үйрену арқылы адам бүкіл бір ұлттың мәдениеті мен әлеуетін қатар үйренеді. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында интерактивті әдістер арқылы оқыту бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процесінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процесінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3 бап) белгілегендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, интерактивтік әдістер арқылы оқыту технологиясын енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады. Ел басымыздың жолдауында көрсеткендей қазіргі шәкірт ертеңгі күні әлем кеңістігене еркін ену үшін білім беру жүйесі халықаралық деңгейге көтерілуі керек. Сондықтан да ХХІ ғасырда ағылшын тілін үйрететін ұстаздарға қойылатын талаптар ауқымы үлкен.[1]

...

Скачать:   txt (63.4 Kb)   pdf (663 Kb)   docx (526.7 Kb)  
Продолжить читать еще 21 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club