Арнайы мектепте білім беру
Автор: bateh • Сентябрь 6, 2019 • Доклад • 1,044 Слов (5 Страниц) • 565 Просмотры
Бүгінгі таңда білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне айналуда. Дүние жүзінде білімнің әлеуметтік рөлі артып, адамның болашағы оның алған білімінің сапасының көлеміне ,оның деңгейіне байланысты болатыны белгілі.
Тәуелсіз еліміздің ертеңі- білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған келелі мәселесі – білім беру, ғылымды дамыту.
Әрбір мемлекет қоғамында мүмкіндігі шектеулі балалар өмір сүріп, білім алып, тәрбиеленуде. Олар белгілі бір ортаға, қоғамға тәуелді. Мүмкінділігі шектеулі балалардың денсаулығын қадағалау дәрігерлердің қызметі болса, тәрбиеленуі ата-аналар құзырында, ал білім беру мен тәрбиені қатар ұйымдастыру мұғалімдердің міндеті.
Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау және танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тән құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3,5% мұрын арқылы, 1,5 сипап сезу арқылы, 1% дәм сезу ақылы танып біледі. Ал көру қабілеті бұзылған бала не істейді? Қоршаған ортаны қалай танып біледі? Осы орайда балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге және үйретуге ықпал ететін фактор – оқытушылар.
Мүмкіндігі шектеулі түрлі санаттағы балалар дамуындағы ауытқуды түзетуге түрлі жағдайлар жасауды талап етеді.
Арнайы мектептердің алдына қойған ең маңызды мақсат түзете – дамыту, яғни коррекциялық жұмысты жүйелі түрде жүргізіп, мүмкіндігі шектелген балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру және оның жан- жақты толыққанды дамуын қамтамасыз ету.Бұл мәселе кәсіби педагогикалық көмек көрсету негізінде шешіледі және мұғалімдер үшін аса маңызды үрдіс болып табылады.
Зағип балаларға білім беру , Брайль бойынша жазуға, оқуға үйрету арнайы мектептің негізгі компоненттерінң бірі болып табылады.Оқи және жаза алмау ақпараттық тапшылық пен қатар технологиялық қолайсыздық туғызады.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің әрбір тәсілінде мұғалім басты роль атқарады,ол- тәжірибе көзі.
Оқыту үрдісі- бұл педагог пен баланың өзара бірлескен әрекеті.Мұндай ұстанымды мүмкіндігі шектеулі баламен жұмыс жүргізетін әрбір педагог түсінуге, сезінуге, қабылдауға және басшылыққа алуға міндетті.Ал оқыту - сабақ арқылы іске асады.
Қазіргі заманғы сабақ жылдан-жылға түрленген,байытылған. Сабақ –көп қырлы, көп сырлы құбылыс,оның көптеген аспектілері бар. Мұғалімнің аса жауапты міндеттерінің бірі – оқушылардың әлеуметтік ортаға бейімделіп, алған білімдерін практикада пайдалана білуін қалыптастырып, дүниетанымын , жан- жақты түсініктерін дамыту. Ал қазіргі сабаққа қойылатын біріңғай дидактикалық талапқа қосымша арнайы мектептерде түзете- дамыту жұмыстарын жүргізудің маңызы зор.
1.Қазіргі сабаққа қойылатын біріңғай дидактикалық талапқа қосымша .
1.Сабақ коррекциялық-түзету педагогикасына сәйкес болу керек.
а)Сабақта қолайлы психологиялық атмосфера, іскерлік орта қалыптастыру.
ә)Мұғалім мен оқушылардың достық қарым -қатынасы оқушылардың тәртібіне қойылатын қатаң тәртіппен сәйкес келуі.
б)Өздерінің білім деңгейіне барабар,біртіндеп күрделене түсетін тапсырмалар берілген дұрыс.Сабақтың қарқыны оқушылардың біліктілігіне сәйкес болуы керек.
г).Оқушылардың тез шаршайтынын ескере отырып,барлық анализатордың іске қосылуын қамтамасыз етумен қатар олардың іс- әрекетін ауыстырып отыру: ауызша мен жазба жұмысты,жалпылама әңгімелесу мен өзіндік жұмысты,оқулықпен жұмысты видеожазбалармен және т.б.
1-4 сыныптарда сергіту демалысы мен көз жаттығуын жасату міндетті, қызықты ойын кезеңін енгізуге болады.5-12 сыныптарда көз жаттығуын жасату міндетті.
2.Сабаққа қойылатын
...