Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Фольклор. Балалар фольклоры

Автор:   •  Ноябрь 21, 2023  •  Лекция  •  3,369 Слов (14 Страниц)  •  111 Просмотры

Страница 1 из 14

Лекциялық кешен

№1 дәріс тықырыбы:

Фольклор. Балалар фольклоры

Мақсаты: Балаларға арналған ауыз әдебиеті түрлерінің көркемдік ерекшелігімен таныстыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Балаларға арналған  фольклор түрлері.

2. Фольклорлық шығармаларда кездесетін көркемдегіш құралдар (теңеу, эпитет, литота, гипербола, пейзаж, т.с.с.).

3. Балаларға арналған фольклор түрлерінің идеялық-эстетикалық табиғаты.  

4. Халық ауыз әдебиетінің балаларға арналған түрлері.

5. Қазақстандағы ХІХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік жағдай.

Бала халық поэзиясымен өседі. Ауыз әдебиетінің балаларға арналған түрлері бала тәрбиесінде маңызы зор.

        Халық ауыз әдебиетін балалар сүйіп оқиды,қызыға тыңдайды, халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар да ата-анасының, апа-ағаларының айтуы,оқып беруі бойынша ертеден-ақ таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жаңылтпаш сөздер, мақал мен мәтелдер, өтірік өлеңдер- бәріде баланы қызықтырып, оларды мәз-мәйрам етеді. Сөз өнерінің әдемі кестелері оладың сөздік қорын байытып,бірден бірге мағыналы да мәнді сөйлеуге жаттықтыра береді. Тек,бұл емес, халықтық шығармалар ішіндегі әржақты айқын образ, оқиға барысының қызықты бола беруі, әдемі қисын, жақсы ұйқас бәріде балаларды қуантып, әсер беріп, ойын шыңдап отырады.

        Бастауыш мектептегі жасөспірімдер мен орталау және орта мектеп оқушылары батырлық жырларды аса сүйсініп, оның ішіндегі жағымды кейіпкерлерге еліктей отырып, қызыға оқиды.

        Балалар әдебиетін жасаған – халық. Адамға баласынан жақын, баласынан артық еш нәрсе болмаған. Халық еш нәрсені де өзінін баласынан жоғары бағалаған емес. Сондықтан халық ең алғаш өзінің жақсы ойын, жақсы қиялын өлен етіп, ән етіп тұнғыш рет баласына арнаған. Жас нәрестенің дүниеге келуін, қуаныш еткен. Баланы жұбату, ойнату, тәрбиелеу, оның алдына неше алуан тілек мақсаттар қою өленмен жырмен, көркем сөзбен айтылған.

           Қай ұлтта болмасын халық ауыз әдебиетінде ең алғаш пайда болған, ең тұңғыш айтылған өлен, жыр, әңгімелер балаларға арналған. Өйткені, баланы өз өмірінің жалғасы деп ұққан.

      Ерте кезде қазақ халқында бала тәрбиелеуге арналған қоғамдық орын: ясли, балалар бақшасы, мектеп болмаса да, тәрбиені балаларына бесікте жатқан кезінен бастап ақ халықтық жырлармен әңгіме, ертегілер арқылы бере бастаған.

      Халық ауыз әдебиетін балалар сүйіп оқиды, қызыға тындайды, Халықтық шығармалармен мектеп жасына дейінгі балалар да ата-анасының, апа-ағаларының айтуы, оқып беруі бойынша ертеден-ақ таныс бола бастайды. Бесік жыры, хайуанаттар айтысы, ертегілер, жұмбақтар мен жанылтпаш сөздер, мақал мен мәтелдер, өтірік өлендер – бәрі де баланы қызықтырып, оларды мәз мейрам етеді.

      Халықтық шығармалардың балаларға тигізетін тәрбиелік әсері ұшан теңіз. Халықтық шығарма балаларды адам баласының өткен ғасырлардағы тарихи өмір, тұрмыс, әдет-салты, күн көрісі, шаруашылық экономикасы мәдениетімен таныстырып отырады. Халық тәрбиесі баланың жас басынан көпшіл, ынтымақшыл, сый-сипат көрсете білетін өнегелі адам болуын көздеген, баладан адамгершілік қасиетті талап еткен. Баланы күту, бағу, тәрбиелеу, әлпештеп ақ бесікке салу, оның мәңгілік қамқоршысы болу – ата-ананың борышты да, басты міндеті деп бағалаған. Бала туғанда шілдехана жасау, жас нәрестенің дүниеге келуін қуаныш ету, оны өздеріне бақыт санау жалпы халықтық салтқа, әдетке айналған. Бала ата-ананың бауыр еті, жүрегі деп бағалаған.

       Көшпелі тұрмыстың ауыр жағдайына байланысты неше алуан қиын-қыстау жағдайларды бастарынан кешіріп, тек қана мал бағумен күнелткен. Басқа кәсіпті, өнер-білімді білмеген. Сондықтан қазақ халқы бала жұбатса да, ойнатса да, еркелетіп сүйсе де немесе оның жақсы қасиеттерін бағалағысы келсе де өзі кәсіп еткен малдардың ерекше жақсы қасиеттеріне, көркем тұлғасы мен көрінісіне тенеп айтатын болған. «Қошақаным», «құлыным», «бота көзім», «ақ маралым», «ақ тайлағым», «ақ тоқтым», «марқа қозым» деп отыратын болған. Сонғы кезде таңқы мұрын баласын «талпақ танауым» дейтіндер де болды.

...

Скачать:   txt (45.5 Kb)   pdf (134.7 Kb)   docx (20.3 Kb)  
Продолжить читать еще 13 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club