Жарасқан Әбдірашев өлеңдеріндегі теңеулер, метафоралар, фразеологиялық тіркестер
Автор: Botas • Январь 28, 2022 • Реферат • 1,701 Слов (7 Страниц) • 523 Просмотры
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы ҚазҰПУ
С.Қирабаев атындағы қазақ тілі және әдебиеті кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: Жарасқан Әбдірашев өлеңдеріндегі теңеулер, метафоралар, фразеологиялық тіркестер
Орындаған: Ұйқасбаева А.
Қабылдаған: Ф.ғ.к., аға оқытушы Қасенов Е.
Алматы, 2019
ЖОСПАР:
Кіріспе бөлім:
1) Жарасқан Әбдірашев. Ол...
Негізгі бөлім:
1) Теңдесі жоқ өлеңдер
2) Тым ерекше теңеулер
Қорытынды бөлім:
1) «Жарасқанға бәрі жарасқан»
Туған жылым?
Соғыстан үш жыл кейін.
Куәліктегі төрт санды екі тармаққа сыйғызып, өмірбаянын өлеңмен өріп берген ақын жайында естуіңіз бар ма? Естімесеңіз, хабардар болыңыз.
Ол – «Соғыстан кейін туған» ұл.
Жарасқан Әбдірашев 1948 жылдың 7 наурызында Қызылорда облысы, Арал ауданы, Аманөткел ауылында дүниеге келген. 1954-1960 жылдары Ақшатау бөлімшесіндегі бастауыш, Арал қаласындағы Т.Г.Шевченко атындағы орта мектепте оқыған. 1963 жылы «Жақсықылыш» жұмысшылар кентіндегі орта мектептің 9-сыныбн тамамдап, Қазалы ауылшаруашылық техникумының механика факультетіне оқуға түскен. 14-15 жасар кезінде Арал аудандық «Толқын», Қазалы аудандық «Ленин туы», Қызылорда облыстық «Ленин жолы» газеттерінде тырнақалды өлеңдері, мақала, әңгіме, аудармалары жариялана бастады. 1965 жылы Қазақтың (қазіргі əл-Фараби атындағы) Мемлекеттік университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, 1969 жылы бітірген. Осы оқу орнының аспирантурасында сырттай оқыған.
Сонымен Жарасқан Әбдірашев кім?
Ол – лирик ақын. 21 жасында КСРО Жазушылар одағына мүшелікке қабылданған. Қазақстан Жазушылар одағының Мағжан Жұмабаев атындағы сыйлығына ие болды.
Ол - Жарасқан Әбдірашев – эпитафия жанрында өнімді еңбек етіп, бұл жанрды қазақ әдебиетіне орнықтырған ақын (эпитафия – құлпытасқа жазылған жазу және дүниеден өткен адамға шығарылған жоқтау). Аталған жанрда жазылған «Құлпытас» жинағы ұлттық поэзиямызға қосылған тың жаңалық болды.
Ол - эпигармма жанрында да өз қатарластары арасында ерекше еңбек етті (Эпиграмма – белгілі бір адамды, затты, болмыс-құбылысты әзіл тұрғысынан бағалайтын сатиралық поэзияның шағын жанры).
Ол – сатирик. Сатиралық өлеңдер – Жарасқан Әбдірашев шығармашылығында үлкен орынға ие. Сондай-ақ «Тамаша» ойын-сауық отауының бас редакторы ретінде көптеген сценарийлер жазып, көрермендердің көңілінен шыққан.
Ол – аудармашы. А.С.Пушкиннің, Поль Элюардың, А.Блоктың, беларусь ақыны Янка Купаланың, үнді қайраткері Р.Тагордың, палестин ақыны Муин Беистің шығармаларын кәсіби тұрғыда қазақ тіліне аударған.
Ол – сыншы. 1969-1970 жылдары «Қазақ әдебиет» газетінің сын бөлімін; 1970-1974 жылдары «Жалын» альманағының сын және поэзия бөлімін; 1974-1985 жылдары «Жұлдыз» журналының сын және библиография бөлімін басқарған кезеңде қазақ әдебиетінің көкейтесті мәселелерін тілге тиек еткен көптеген сыни еңбектер жазды. Әсіресе, «Жалын» альманағында істеген жылдарында «Тураби трибунасы» деген айдармен ащы шындыққа суарылған мақалалар жазып, «Әділсын Жұлдызұлы» деп қол қоятын еді.
Ол – балалар жазушысы. Балаларға арналған көптеген өлеңдер, мысалдар т.б. жазумен қатар Агния Барто, Корней Чуковский т.б. шетелдік танымал балалар жазушыларының шығармаларын аударып жас оқырмандарға ұсынған. Ақынның ұлы, белгілі режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Қаладан келген қыз» фильміне қаламгердің балалық, жастық шағы арқау болған.
Ол – қоғам қайраткері. Аграрлық партияның белді мүшесі ретінде ауыл тұрғындарының азаматтық, экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтары мен мүдделерін қорғау жолында қалам қарымымен қызмет етіп, қайраткер тұлғаға айналды.
...