Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы ойларыңызды талдап жазыңыз
Автор: 20191020 • Апрель 7, 2021 • Эссе • 398 Слов (2 Страниц) • 1,464 Просмотры
№ 32. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңінің бүгінгі
жастар тәрбиесіне қатысты өзектілігі туралы
ойларыңызды талдап жазыңыз
Шортанбай Қанайұлы – XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихынан елеулі орын алатын, өзіндік сөз өрнегі бар ақын. Шортанбай Қанайұлы өз елінің тағдырын болжап, халқының басына түскен ауыртпалықтарды керемет жеткізіп жырлаған өз дәуірінің тамаша жырау – ақыны. Сондай ауыртпалықты жырлаған толғаулардың ішіндегі айтулысы «Зар заман» өлеңі деп ойлаймын. Шортанбай Қанайұлы осы өлеңінде келешекте қандай заман келетінін білгендей жазып қалдырған. «Зар заман» өлеңі қай заман үшін де маңызды саналатын түйткілді мәселелерге толы. Әсіресе, бүгінгі жастар тәрбиесіне қатысты аса өзекті ойларды көптеп кездестіреміз. Өлеңде ақын сол заманғы ұл мен қыздың жаман, жағымсыз қылықтарын жазады. Сондай қылықтар бүгінгі жастар арасында да кездесеме?
Өлеңде сол «Зар заманның» ұл – қызының сыпайылылық, кішіпейілділік тәрізді адамдық қасиеттерден алыстап бара жатқандығын айтады. Ал қазіргі таңда ұл – қыздардың өз ата-аналарына деген, үлкен кісіге деген құрмет азайып кеткендігінен анық байқауға болады. Мысалы, қазіргі жастар өз ата-аналарына «сен» деп сөйлеп, өз құрдастарындай сөйлеседі. Үлкендердің алдарына өтіп, жол бермей, кесіп өтеді. Менің ойымша, осылай жалғаса берсе, «атасы тұрып ұлы сөйлегеннен, анасы тұрып қызы сөйлегеннен без» дейтін ата-бабаларымыздың, халқымыздың ұлттық құндылықтарынан айырылып қалуымыз ғажап емес деп ойлаймын.
Сонымен қатар, өлеңде сол заманғы жастардың сауықшылдық, ойыншылық, ойынқұмарлық тәрізді татымсыз
...