Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Жайық өзенінің теңізге жалғасқан ауданының гидрометрологиялық жағдайы

Автор:   •  Май 10, 2018  •  Реферат  •  17,822 Слов (72 Страниц)  •  1,098 Просмотры

Страница 1 из 72

      Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Жайық өзені- Каспий бассейніндегі бірден- бір ірі балық шаруашылық суқоймасы. Тек қана бұл өзен бассейнінің суының тқменгі ағысынан ағып кетуі реттелмеген, бұл жерде балықтардың табиғи уылдырық шашуы толықтай сақталған. Онда мекендейтін бағалы бекіре балық түрлері аулайтын кәсіптік объект болвп табылады.

 Қазіргі уақытта жоғары назар жоғары коэффективті басқарылатын балық шаруашылығына көңіл бөлген. Бірақ Жайық- Каспийй бассейніндегі балық тағамдарының артуына паразитологиялық фактор кедергі келтіреді. Қазіргі кездегі жағдайда антропогеннің әсерінен табиғи суқоймалардың эпизоотиялық ситуациясы орташа төмендеді, нәтежиесінде «паразит- иесі жүйесінің тепе-теңдігі бұзылады, зардаптары алдын-ала анықталмады, кәсіптік балықтүрлерінің саны қауіпті паразиттік ауруға шалдығуынан бұзылады, олардың көпшілігі жойылады. Бұл жағдай балықтар санының кенет төмендеуіне себеп болады және негізінен балық шаруашылығының дамуына кедергі келтіреді. Биологиялық ресурстардыңсақталуына көбінесе празитологиялық факторжәне балықтардың қауіпті қоздырғыштардан инвазиялық ауруға шалдығуы кедергі келтіреді. Жайық өзен бассейнінің  паразитологиялық ситуациясын зерттеу соңғы уақытқа дейін назар аударылмай келеді. Көптеген паразит қоздырғыштары балық арқылы адамдар мен жануарларға жұғады, олардың денсаулығына потенциальды қауіпті. Сондықтан да балықтардың празитофаунасын қазіргі кезде зерттеу қажет.[pic 1]

  Негізгі көрсетілген жұмыстың мақсаты осы заманғы қазіргі толық кәсіптік балық түрлерінің әр түрлі паразит және паразитофаунасы түрлерінің жағдайы. Осыған байланысты мынадай міндеттері бар:

  1. Жайық өзенінің төменгі ағысындағы балықтардың паразиттерінің санын, олардың таралуын, түрлерін анықтау.
  2. Бекіре тұқымдас балықтардың паразитофаунасын анықтау.
  3. Балықтардың паразитофаунасың жастық өзгерісін және әр түрлі мезгілдерде тіршілік етуіне байланысты оның құрамын анықтау. Олардың иесінің қоректік заттарын пайдалануына және миграциясына байланысты анықтау.
  4. Жайық өзенінің төменгі ағысының балықтардың эпизоотологиялық, эпидемиологиялық жағдайларын анықтау.

             Ғылыми жаңалықтар. Жайық өзенінің төменгі ағысындағы балықтардың паразиттерінің қазіргі кездегі түрлерінің құрамы анықталды. Әсіресе ауланатын құнда балық түрлерінің паразитофаунасы экологиялық жағдайларына байланысты паразиттік жағдайлары көрсетілді. Ең алғаш постодиплостомоз қоздырғышы Posthodiplostomum cuticola анықталды.

Қазақстанның балықтарының паразиттеріне жаңа 6 түр енгізілді. Ал Жайық өзенінің төменгі ағысындағы балықтарда  27 түрі, ал паразиттерінің 10 түрі жаңа иелерде пайда болатындығы дәлелденген. Соның ішінде балық шаруашылығында ең үлкен зиян келтіретін қоздырғыштар диплостомоз, постодиплостомоз, кариофиллез, кавиоз, лепторинхоидоз, помфоринхоз паразиттері балықтардың негізгі паразиті болып табылады.

 Жұмыстың практикалық маңызы.  Осы алынған зерттеулердің нәтежиесінде  празиттік организмдердің биологиясы мен экологиясын қосымша құрал ретінде пайдалануға болады. Осы материалдар арқылы Жааййық өзенінің төменгі ағысындағы балықтардың жағдайларына, паразиттік өзгергіштігіне бақылау жүргізуге, сыртқы ортаның антропогендік процестердің жағдайларына, деградациясынабақылау жүргізге болады. Осы бақылаудан алынған мәліметтерде негізінен биологиялық негіз ретінде қарастыра отырып, паразитарлық қауіпті аурулардың түрлерін құнды балықтардың түрлерінен арылту жұмыстарын қарастыруға болады.

Бақылау жұмыстарына мына жұмыстар қарастырылады:

  1. Жайық өзенінің төменгі ағысындағы балықтардың паразиттерінің түрлік өзгергіштері.
  2. Ауланатын құнды балықтардың паразитофаунасы және оның қоршаған ортадағы экологиялық факторлары.
  3. Негізгі балықтардың паразиттерінің қоздырғыштары және оның эпидемиелогиялық жағдайы.

 


   І. Жайық өзенінің теңізге жалғасқан ауданының гидрометрологиялық     жағдайы

    Жайық өзені Орал тауы оңтүстік сілемдері (Орал-Тау жотасы) әлем мұхитының  деңгейінен 640 м биіктігінен басталады. Ол Ресей Федерациясы аймағын, Қазақстанның Республикасының  Батыс Қазақстан, Атырау облыстарынан өтеді. Өзеннің ұзындығы - 2534 км. Қазақстан Республикасы ішінде - 1084 км.  Суды жинау көлемі – 220 мың км². Су сақтағыш, алқап, арна сипаттары бойынша Жайық өзенін 3-ке бөледі (ағыстар): жоғарғы, орта және төменгі.
   Басында өзен оңтүстікке Орск қаласына дейін ағады. Бұл жоғары ағыс болып саналады. Содан соң кенет батысқа бұрылады. Ендік бағытта 850 км Орал қаласына дейін (орта ағыс), қайтадан оңтүстікке бұрылады, осы бағытты Каспий теңізіне дейін сақтайды(төменгі ағыс,аралығы 840 км.).
   Орск қаласынан басталардағы, жоғарғы ағыс шегінде, өзен солтүстіктен оңтүстікке меридионалдық бағытта Оралдың шығыс баурайы бойы енсіз алқапта, ізбестерден салынған құздар арасынан ағады. Ең терең жерлері - 3 м.Өзеннің бұл жері таулы сипатта болады.
   Орск қаласынан 70 км жерде Ириклин су торабы салынған . Бұл бөген Жайық өзенінің деңгейін 30 метрден астамға көтереді. Көктемгі тасқын кезінде толып, Ириклин бөгені жыл бойы біртіндеп өз көлемінің, шамамен жартысын өзенге береді.
    Орск қаласынан Орал қаласына дейін өзен кең алқапта орташа ағыста ағады. Енсіз таулы табалдырықты жерлері сирек кездеседі. Өзен тегіс саяз жерлерге айналады.
    Орынбор қаласы аумағында Жайық өзеніне ең ірі оң тармағы Сақмар ағады . Оның ұзындығы 761 км, алқап көлемі 29,1 мың км. Сақмар алабын көп қарлы және тармақтанған өзен жүйесі бар орман жабады. Тек Орынбор облысы шеңберінде Сақмарға құйылатын 290 өзен саналады. Сақмардың су айдауы Оралдан шамамен 1,5-2,0 рет артық, одан қалыпты ағуымен және көктемгі тасқынының ұзақтылығымен ерекшеленеді, сонымен қатар Жайық өзенінің режиміне маңызды өзгерістер енгізеді.
    Орал қаласынан жоғарыда Жайық өзеніне сол жағынан Елек өзені ағады, оның ұзындығы 730 км. Орал қаласы маңында Жайық өзеніне 2 сала – Шаған мен Барбастау өзендері құяды. Төменгі ағысында Жайық өзені Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары аумағынан Каспий теңізі маңы ойпатынан өтеді,бұнда үш табиғи аймақтан өтеді: дала, шөлейтті- дала және шөл.
    Даланың аймақ ұзындығы 250 км Батыс Қазақстан облысында солтүстік жағында орналасқан. Бұл аймақтың оңтүстік шекарасы Жайық өзен бойы Чапаев ауылы жанынан өтеді. Әрі қарай оңтүстікке 220 км шөл-дала аймағы созылып жатыр. Ол Каспий теңізі ойпатының солтүстік бетінен Батыс Қазақстан облысының Чапаев , Атырау облысының Индер ауылдары аралығында белдеулей өтеді. Индерден теңізге дейін шөл аймағы ені 400км-ге созылады.
  Жайықтың төменгі ағысының тереңдігі, жыл сайын көктемгі судың көтерілуінен өзен арнасының шайылуына қарай, барынша қалыпты. Көктемде тасқында судың көтерілу деңгейі сабадан 3-7 м-ге асады. Фарватер бойындағы Жайықтың орта тереңдігі сабасында (саяздар мен шұңқырларсыз) 3-5 м құрайды.
   Жайық өзенінің тағы бір ерекшелігі, оның  төменгі ағысында салалары жоқ. Сондықтан су деңгейінің түсуі немесе көтерілуі жоғары жақтан келетін су мөлшеріне байланысты болады. Жайық өзенінің басталуында жер бетінің деңгейі 637м биікте, ал Каспий теңізіне құяр жері – теңіз деңгейінен 27-28 метр төмен жатыр.Сондықтан Жайық өзені арнасының құлау бұрышы әрбір шақырым сайын 30 см. төмендеп отырады. Ал көршілес жатқан Еділ өзенінің құлау бұрышының деңгейі Жайықтан 4 есе аз. Осы құлау деңгейінің салыстырмалы биіктері үлкен болғандықтан, күз кезінде су ағысының жылдамдығы сағатына 4-5 шақырым болса, ал көктемгі су тасыған шағында 10 шықырымғы дейін жетеді.

...

Скачать:   txt (250.5 Kb)   pdf (604.2 Kb)   docx (88.8 Kb)  
Продолжить читать еще 71 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club