Ақылбек Шаяхметтің өлеңдеріндегі тұрақты тіркестер
Автор: Bagzhan96 • Апрель 30, 2018 • Курсовая работа • 4,544 Слов (19 Страниц) • 1,126 Просмотры
МАЗМҰНЫ
І Кіріспе ........................................................................................................3-5
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Ақын Ақылбек Шаяхметтің өмір жолы................................................6-7
2.2 Ақын Ақылбек Шаяхметтің қолданысындағы
фразеологизмдердің берілу тәсілдері.........................................................8-13
2.3 Ақын қолданысындағы тұрақты тіркестердің түрлері.....................14-18
ІІІ Қорытынды...............................................................................................19
ІV Пайдаланған әдебиеттер тізімі...............................................................20
V Қосымша мәліметтер ...............................................................................20-28
Абстракт
Жұмыстың басты мақсаты: Ақылбек Шаяхметтің тұрақты тіркестерді қолданудағы ерекшелігін талдап ашу, тілдік табиғатын зерттеу.
Ақылбек Шаяхметтің өмірі мен шығармашылығына шолу жасай отырып, ақын шығармаларындағы тұрақты тіркестердің қазақ әдеби тілінің лексикасын, соның ішінде фразеологиясын байытудағы қосқан үлесін анықтау.
Қай халықтың болмасын өзімен бірге туып, бірге жасайтын көне мұрасы болып саналатын тілдік бірліктердің бірі – фразеологизмдер.
Фразеологизмдер – қолданысқа даяр тұратын көркем сөз құралы, қаламгер қолданысында түрленіп, ой айқындылығы мен дәлдігін, бейнелілігі мен айшықтылығын білдіретін ұлт тілінің ерекше көрінісі.
Халық тілінің құнарлы қабаты, айшықты сөз өнері сол халықтың көркем әдебиеті арқылы көрініс табады. Көркем шығарма – ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші. Көркем әдебиет тіліндегі көріктеуші бейнелі тәсіл, көркемдік нәр беретін, әсерлі ой, сезімге бөлейтін фразелогизмдер десек, сол фразеологизмдердің шығарма тілінде дайын күйінде де, авторлық өңдеумен өзгеріске түсіп қолданылуы да, ақынның өзіне тән стилін, әрі көркемдігін көрсетеді.
Жұмыстың нәтижесі және қорытындысы: Ақын Ақылбек Шаяхмет ұлттық тілдің бай қазынасы – сөздік құрамын шебер пайдаланып, әр сөзді, шумақты, тұтас мәтінін мәнерлі, өткір шебер тілмен өрнектеген және оларды белгілі бір стильдік мақсатпен ұтымды пайдаланған. Ақын тілінің лексикалық байлығы әр түрлі фразеологизмдер арқылы танылады. Шығарма тілінде кездесетін фразеологизмдердің басым көпшілігі ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер болып табылады. Сонымен қатар ақын авторлық фразеологизмдерді де қолданумен қатар, жалпыхалықтық тілдегі фразеологизмдерді де өзінше өңдеу арқылы шығарма ерекшелігін танытқан.
Ақын кез келген құбылысты, қимыл-әрекетті, шебер пайдаланған.
Шығарманы талдау барысында автор қолданысында эпитеттер мен теңеулер жиі ұшырайды. Ақын өлеңдерінде тұрақты тіркестер өте көп қолданыс тапқан. Авторлық өңдеу арқылы жасалған тұрақты тіркестер мен авторлық фразеологизмдер кейіпкер тілін, автор тілін танытудағы ерекшеліктері анықталды.
Ақын бейнелі фразеологизмдердің тұлғасын өзгертіп те, өзгертпей де еркін, орынды және молынан қолданады. Осылардың барлығы жағымды үстеме реңк береді. Бұдан ақынның тілдік ажарын, әсерлілігін, әрін арттыру мақсатындағы сөз саптау ерекшелігін көруге болады. Фразеологиялық қолданыстағы сөздер ақын тілінің ыңғайымен поэзияның өн бойына стильдік ажар жүктеп, ойды жан-жақты, әрі ықшамды сипаттауға мүмкіндік берген.
Абстракт
Актуальность проблемы заключается в раскрытии особенностей устойчивых словосочетаний, используемых поэтом Акылбекам Шаяхметом в его произведениях, в исследовании языковой природы фразеологизмов.
Цель работы: ознакомление с жизнью и творчеством поэта Акылбека Шаяхмета, определение научного вклада, внесенного Акылбеком Шаяхметом в обогащение лексики современного казахского литературного языка, в частности фразеологии современного казахского литературного языка.
...