“Шоқан Уәлиханов” фильміндегі негізгі ой иірімдері
Автор: eskhat • Декабрь 28, 2017 • Доклад • 983 Слов (4 Страниц) • 1,242 Просмотры
“Шоқан Уәлиханов” фильміндегі негізгі ой иірімдері
“Ең әділ төреші уақыт деген” күндер жылжып заман талабы өзгерсе де,Тарих толқынында кімнің есімі алтын әріппен қаларын уақыт көрсетеді. Оны заман көші күн сайын айқындап сараламақ. Біз сөз етіп отырған ұлы көсем осы атқа лайық тұлғалардың бірі ,ағартушы Шоқан Уәлиханов. Аз ғұмырында мәңгі өшпестей із қалдырған, қайсар ерлердің бірі. Жан дүниемді тағы бір мәрте сусындатқан, «Шоқан Уәлиханов» тарихи киносы көрген қауымға тереңнен ой салмай қоймады. Көрермен қатарын көбейткен, Шоқанның батылдығы, өршіл рухы, жүректі шымырлатып терең бойлады. Бұл фильмде шоқанның елге деген шексіз махаббаты, сағыныш- аңсары, батырдың өршіл рухы арқылы беріліп отырады. Мұнда Г.И.Потанин сияқты интеллегенция өкілі образы да лайықты берілген. Тарихтағы орыс халқы жайлы шындықтар да айтайтылып-өтеді. Г.И.Потанин бір еңбегінде Шақан жайлы былай деген, . "Бізден жасы кіші болса да, өзімізбен салыстырғанда, ол үлкен сықылды еді де, біздер оған қарағанда бала тәрізді едік, өзінің бізден артық білетіндігін не біздерден білімі жағынан жоғарлылығын білдіруге тырыспаса да, жай әңгіменің өзінде-ақ, оның білімінің бізден артықтығы танылып қалатын. Жалпы жолдастарына, соның ішінде маған, ол еріксіз "Еуропаға ашқан терезе" сықылды болды", – деп жазады Г.И.Потанин. . Өзінің ажалын қызыл көз күшіктен, қанды ауыз көкжалға айналатынын сезген Шоқан, сол дәуірдің ащы шындығын ашып айтып, сұм жылдардың ақиқатын аңдатты. Сондағы арысымыздың сөзі терең толғандырған-еді. «Сәкенің сұлу мұртын жұлған, Бейімбеттің артынан тепкен өз қазағымыз екен ғой. Оларды атуға, дарға асуға бұйрық берген шығар, бірақ, мұртын жұл, артынан теп деп ешкім бұйырған жоқ еді ғой! «Оян қазақ!» деп зарлап өткен өз тектілерінің мұртын жұлып, артынан тебетіндей мәңгүрт халге қалай түстіңдер, қалай құлдырадыңдар, дала толған кешегі асылдар мен батырлардың ұрпақтары-ау! Неге оянбайсыңдар?! Ғасырға созылған бұл не деген ұйқы?!- деп трагедия шарықтау шыңына шығып,бабалар жолын бүгінгі ұрпақтарға айтып тұрғандай. ардақты азаматтың өршіл отты сөздері лаулап жан айқайы шыққанда, көрген жан ерксіз тебіреніп ауыр күрсініп, бір теңселгендей күйге тап боласың. Менде осындай жалынды Шоқанның халқы үшін күйінген, патриотизмін
...