Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Махамбет өлеңдеріндегі көнеленген сөздердің мағынасы

Автор:   •  Февраль 17, 2019  •  Реферат  •  3,588 Слов (15 Страниц)  •  1,898 Просмотры

Страница 1 из 15

Махамбет өлеңдеріндегі көнеленген сөздердің мағынасы

Махамбет – халқын сүйген, халық мұңын жырлаған, елім деп еңіреген ақын. Оның жырлары ерлік пен өрліктен өрілген. Махамбет Өтемісұлы ел тәуелсіздігі мен ұлт болашағы жолындағы күрес арқылы адамзат өркениетінің дамуына үлес қосып, қазақ патриотизмін әлемге паш етті. Махамбет ел ісіне ерте араласқан ақын. Ал жорық үстінде туған жалынды жырлары қазақ тілінің күш-қуатын, қадір-қасиетін аша түсті. Оның өлеңдері бабаларымыздың тәуелсіздікке деген ұлы сенімі мен олар сөйлеген көне сөздерін ұрпағына жеткізді.

Уақыт озған сайын сөздің мән-мағынасы да алмасады, өзгереді. Қоғамның дамуы сөзге көлеңкесін түсіреді, әсер етеді. Бабасы сөйлеген сөзді ұрпағы түсінбесе, Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, «Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады».Сондықтан тіліміздегі сөздердің мағынасын түсініп, қажетімізге жарату, оны қолдану үлкен міндет. Қазақта сөз саптау деген тіркес бар. Ол көне жазба ескерткіштері тілінде «сав», «саб», «сап» түрінде айтылған екен. Ал қазіргі ханты-манси тілдерінде «сав» сөз сөйлеу деген ұғым білдіреді. Сөз саптай білуге жаттығу үшін көне сөздер сырына үңілейік. Махамбет өлеңдерінде мағынасы күңгірт тартқан көне сөздер өте көп.

«Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны» өлеңінде

Еділдің бойы ен тоғай

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім,- деген жолдар бар. Осы шумақтағы «мал» сөзінің мағынасын былай қарау керек. Мал-қазақтың байлығы. Мал- араб тілінде «байлық, жеке меншік дүние» деген мағына беретін сөз.

«Мұнар күн» өлеңінде

«Бұландай ерді кескен күн...

Буулы теңді шешкен күн,- дейді.

Қазақтың ақын –жазушылары бұлан, құлан, тарпаң бейнелерін мықтылықтың , қайсарлықтың, бас имейтін өрліктің рәмізі ретінде бағалаған. Бұлан –бұғы тектес ірі жануар. Еркіндік, азаттық үшін күрескен Исатайды бұланға теңеген.

«Мұнар күн» өлеңінде тағы мынадай

«Біздің ер Исатай өлген күн!

Он сан байтақ бүлген күн» деген өлең қатарлары бар.

Ертедегі қазақ тілінде бүлу деген етістік болған. «Он сан ноғай бүлгенде», «ноғайлы елің бүледі» деген тіркестер ноғайлы одағының ыдырап, тозу кезеңі тұсында айтылып, көне жырлар арқылы бізге жеткен. Бұл жерде Исатай қаза болған күні көтерілістің де ыдырап, ойрандалғанын айтып тұр.

«Әй, Махамбет, жолдасым» өлеңінде

Ауыр әскер қол ертіп,

Жасқұсқа барып кіргенде,

Арыстандай ақырған

Айбатыма шыдамай

Хан баласы жылады-ай!- дейді.

Ауыр – салмаққа, қиындыққа қатысты айтылатын сын есім. Бұл жерде «саны көп әскер» деген мағынаны білдіреді. Ал «Қызғыш құс» өлеңін білмейтін қазақ жоқ. Қызғыш. Өте ерте заманда қыз «сараң, қызғаншақ» деген мағына беретін сөз екен, ғыш – құс сөзінің дыбыстық өзгеріске ұшыраған түрі. Алғашқыда қыз құс түрінде айтылған да «қызғаншақ құс»деген ұғым берген.

«Жалған дүние» өлеңінде

...

Скачать:   txt (13.8 Kb)   pdf (41.1 Kb)   docx (11.7 Kb)  
Продолжить читать еще 14 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club