Абайдың “Сегіз аяқ” өлеңіндегі ақын сынаған мінездерді бүгінгі қоғаммен салыстырып жаз
Автор: Anar Egizbaeva • Октябрь 8, 2021 • Эссе • 631 Слов (3 Страниц) • 17,914 Просмотры
Абайдың “Сегіз аяқ” өлеңіндегі ақын сынаған мінездерді бүгінгі қоғаммен салыстырып жаз
Абай шығармалары – заман сайын жасаратын, уақыт өткен сайын қоғамға пайдасын тигізбей қоймайтын еңбектерге толы. Соған бір дәлел: “Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық Аздырар адам баласын.”-деп бастау алатын өлең жолдары. Ұлы ақынның “Сегіз аяқ” өлеңі осыдан бір жарым ғасыр бұрын жазылғанмен, көтерген мәселелері қай ұлт, қай қоғам, қай заман болмасын көңіл аударарлық дүниелер екендігін мойындаймыз.
“Біріңді, қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бәрі бос.”- деген өлең қатарлары Абай атамыздың “Сегіз аяқта” сөз қылған уайымдарының бірі. Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Демек адамның күні адаммен. Асылында адам өмір сүру үшін бірнеше қажеттіліктер бар. Сонын бірі – адам. Бұл тұжырымдар жайдан-жай айтылмаған. Өмір сүру формуламыз қоғаммен байланысты болса, сонын ішінде бақытты өмір сүру үшін ол қоғамды дос, бауыр етіп көру керек екендігін Абай сан жылдар бұрын жазып кетті. “Сегіз аяқ” өлеңінің шыққан заманы да осындай қоғамды қажет етті. Абай Құнанбайұлы бір-бірімізді бауыр етіп, бөлінбей, жауласпай бірлікте болғанда ғана қазақ ұлтына келген тығырықтан оңай шығатынымызды ескерткен еді. Келтірілген бұл екі қатарды түсіне қабыл алсақ, біз тек қана тығырықтан шығып қана қоймай, ұлттық дәстүрімізді, дінімізді, ділімізде жақсы дәрежеде сақтап қалар едік.
...