Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

А.Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі ұлттық психологияның

Автор:   •  Октябрь 13, 2020  •  Сочинение  •  342 Слов (2 Страниц)  •  1,894 Просмотры

Страница 1 из 2

А.Байтұрсыновтың «Қазақ салты» өлеңіндегі ұлттық психологияның

көрінісін талдап жазыңыз.

Мен халқымды сүйемін. «Қазақ» десе ішкен асымды жерге қоюға да дайынмын. Әрине, күнделікті өмірде еліме, халқыма деген сүйіспеншілігімді білдірмеспін, дегенмен, халқымды жоғары қоямын, сыйлаймын, құрметтеймін. «Қазақтың баласы» болып туғаныма қуанып, сол атақты кір шалмаса екен деймін. Бірақ кейде, қазақтың қазаққа жаны ашымағанына налимын. «Күшіміз бірлікте» дейміз де, жақынды аяқтан шаламыз...

А.Байтұрсынұлы атамның «қазақ салты» өлеңін бір оқығаннан түсіну сәл қиындау. «Салт» сөзін дәстүрмен ұштастырғаны емес, әдет-ғұрыппен де таныстыру өлеңі емес. Бұл жерде халқымның сол замандағы өмір салтын баяндап жазған. Атамыз жазған теңеудің өзі көзіме жас, көңіліме мұң төндіреді.

«Еспесі жоқ қайықпен, кешпесі жоқ теңізді кешіп», ертеңгі күні түгілі бүгінгі күннен не күтерін білмеген, қайраң қазағым-ай... Біз- батыр елміз, біз- ақынбыз, жазушымыз, суретшіміз, әнші де бишіміз, қаламгерміз, дарабозбыз. Әлемнің барша жұртын жинап үйсе де, қазаққа жетер өнерпаз табылмас, ержүрек таласпас. Онда неге қалтыраған қайық мініп, табын тірей алмас күйге жеттік?! Ахмет атамыздың өлеңінен сол сұраққа жауап таба аламыз.

Жақынды қолдаудан, жақынды тыңдаудан алшақпыз. «Не болса да, сақтар, не болса да, көппен көреміз» деп, елдіктің-бірлікте екенін ұмыттық. Алдыға жарқын күн іздеп қарамадық. Сырды жайып, бүгінімізге риза болдық та, ақырында...

«Бір жеңнен қол, бір жерден сөз шықпады», мінеки осының кесірінен еліміз құрдымға түсуге жақын болды. Туғаныңмен ырылдасып, жақыныңмен жұлысып, елдің сырын өзгеге ақтартып, ердің құнын кетірсең, «сақтар» дегенің бола ма?! Мұндайға Құдай жақтаспас та, қарамас.

Ащы болса да, шындық сондай. Әркім өз күнін ойлап жүргенде, елдіктің қолдан кеткенін байқамады да. Бір-біріне қарап, «осындай өмір салты дұрыс» деген бұрыс психология қалыптасып, талай-талай қиындық басымыздан кешті. Бұл жерде ешкімге де күнә тақпаспыз. Қарын майды шіріткен өзіміз.

...

Скачать:   txt (4.7 Kb)   pdf (33.5 Kb)   docx (8.2 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club