Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқыш" еңбегінің маңызы

Автор:   •  Октябрь 9, 2020  •  Реферат  •  444 Слов (2 Страниц)  •  1,713 Просмотры

Страница 1 из 2

       Ахмет Байтұрсынұлының "Әдебиет танытқыш" еңбегінің маңызы.

  Жұмыста ірі энциклопедист ғалым , қазақ әдебиеттану ғылымындағы әдебиет теориясының негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының - сөз өнерінің теориялық сипаты жөніндегі тұжырымдары талқыланып отыр . Бұл шығарманың маңызына келетін болсақ,бұл шығарманы астарла зерттеген академик Зейнолла Қабдолов Әдебиет танытқыштың ең бір құнды жері деп , жекелеген әдеби - теориялық категориялардың этимологиясын , олардың мән - мағыналық жүгін төл әдебиетіміздің өз ішінен тапқандығын дөп баса айтады .

         Жұмыста ғалымның теориялық пайымдары негізінен ХХ ғасыр басындағы ресей және дүниежүзілік әдебиеттану ғылымының салалары талданады . Сонымен қатар , қазіргі әдебиеттану ғылымының теориялық және әдістемелік тәсілдері де бұл жұмыста қамтылды .

           Оқу барысында байқағаным  ғалымның сөз өнерін зерттеуге арналған әдістемелік ұстанымы басшылыққа алынды . Негізінен мұндай тәсілдің яғни , Әдебиет танытқыштағы жүйенің сақталу себебі - пән талабынан шығып отыр . Кітап басындағы Аңдату тарауындағы өнердің жүйесінен бастап , драманың қасиеттеріне дейінгі аралықта - А. Байтұрсынұлы сөз өнерінің ішкі спецификасын жан жақты аналитикалық талдаудың озық үлгісін көрсетеді .        Әдебиет танытқыштағы бұл зерттеу жүйесі бүгінгі күн талап тұрғысынан да шығып отыр .

         1989 жылы ғылыми айналысқа қайта оралған Әдебиет танытқыш ұлттық әдебиеттану ғылымында өзінің лайықты бағасын алып үлгерді . Мәселен , әдебиеттің Аристотель белгілеген негізгі үш тегін , яки жанрын грек тілінен түп - түгел қазақ тіліне ауыстырып алады да, әр жанрдың түрлерін өзіміздің төл әдебиетімізден іздейді . Мысалы , лириканың алғашқы үлгілерін қазақтың сонау тұрмыс - салт жырларынан іздеп табады . Сонда , ең жеңілі жоқтау - эпитафияға , мақтау - одаға , даттау - сатираға балама болып шыға келеді .

...

Скачать:   txt (5.3 Kb)   pdf (72.7 Kb)   docx (8 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club