Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

"Әдебиет танытқыш" еңбегінің қазақ әдебиеттануындағы орны

Автор:   •  Апрель 25, 2023  •  Статья  •  1,482 Слов (6 Страниц)  •  290 Просмотры

Страница 1 из 6

Серік Айшуақ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Филология факультетінің 2-курс магистранты

«ӘДЕБИЕТ ТАНЫТҚЫШТЫҢ» ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТТАНУЫНДАҒЫ ОРНЫ

Аннотация. Мақалада қазақ тіл білімі мен әдебиеттануының негізін салушы А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегінің зерттелу тарихы және қазақ әдебиеттануындағы орны мен маңызы қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде А.Байтұрсынұлының 1926 жарық көрген «Әдебиет танытқыш» еңбегі және ғалымдардың жекелген зерттеулері алынды.

Түйін сөздер: Ахмет Байтұрсынұлы, «Әдебиет танытқыш», әдебиеттану, әдеби-теориялық ұғымдар.

Қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымын негіздеуші, реформатор ғалым, әдістемеші А.Байтұрсынұлының 1926 жылы қазақ әдебиеттануының темірқазығына айналған «Әдебиет танытқыш» еңбегі Қызылордада жарық көрген. «Әдебиет танытқыш» еңбегі – сөз өнерінің алғашқы баспалдағы болған жүйелі зерттеу. Бұл еңбектің зерттеуге алынып, қарастырыла бастауы ғалым есімінің ақталуымен тығыз байланысты. Себебі 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшыраған алаш арысының еңбектеріне  тыйым салынған еді.  1988 жылы 4-қарашада М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов есімдерімен бірге ғалым аты ақталып, мұралары да көпшілікпен қауышты. Еңбектің тарихы қазақ әдебиеттану ғылымы жолының бастауында тұрғанын көрсетедң. Ғалым Ж.Смағұлов қазақ әдебиеттану ғылымының тарихын былайша жүйелейді: «Бірінші кезең – қазақ әдебиеттану ғылымының тарихи алғы шарттардан тұратын арғы бастаулары, яғни тарих алдындағы дәуірі. Бұл ежелгі дәуір әдебиетінен бастап, XX ғасырға дейінгі уақыт аралығына созылды. Екінші кезең – қазақ әдебиеттану ғылымының туу дәуірі. Ол – 1900-1940-жылдар арасында жүзеге асты. Үшінші кезең – қалыптасу дәуірі. Бұл 1941-1970 жылдар аралығын қамтиды» [1, 6-б.].

Пікірді негізге алсақ, қазақ әдебиеттануының туу кезеңіндегі көрнекті орын алатын еңбек – «Әдебиет танытқыш». XX ғасырдың басындағы сыншылдық ой-пікірлер, мерзімді басылымдардың артуы, кітап басу ісі, сол кезеңдегі орын алған оқиғалардың еңбектің жарыққа шығуына тікелей әсері бар. Тарихи өзгерістердің бірі ретінде ҚазАПП-тың құрылып, көркем әдебиетті дамыту шараларының жүргізілуі де аталған зерттеудің жазылып, жариялануында назардан тыс қалмауы Ж.Смағұловтың еңбегінен танылады. Осы тұста   А.Байтұрсынұлының шығармашылық ғұмырбаянында 1926 «Әліпби», «Жаңа құрал» (Қызылорда), «Сауат ашқыш», «Ересектерге арналған әліппе (Орынбор, Семей), «23 жоқтау» (Мәскеу), «Әдебиет танытқышпен» бірге жарық көрген.    

«Әдебиет танытқыш» еңбегі 1926 жылы алғашқы Қызылорда (Ташкент) қалаларындағы басылымынан кейін 1989 жылы М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тарапынан С.Дәуітов пен Ә.Шәріповтың құрастыруымен «А.Байтұрсынов шығармалары: Өлеңдер, аудармалар, зерттеулер» атты жинақ қазіргі қазақ әрпінде жарық көрген. Аталған еңбектің аңдатуын жазған Қазақ ССР Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі Ш.Сәтбаева «Әдебиет танытқышқа» қатысты пайымды пікірін білдіреді: «Көркем сөздің әр компоненттерін сөз еткенде «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Алпамыс» жырларынан даналық, шешендік, тапқырлық сөздер қазынасынан, айтыстардан, ертегілерден ойын дәл жеткізу үшін мысалдар, деректер келтіреді. Қазақ жырауларының мұрасын А.Байтұрсынұлының еркін де терең білетіні осы еңбегінде айқын көрінеді...» [2, 11-б.]. Ал 1991 жылы академик Р.Нұрғалиев құрастыруымен «Ақ жол: Өлеңдер мен тәржімелер, публицистикалық мақалалары» атты жинақта оқулық екінші рет қайта басылады. Ғалым Р.Нұрғалиев «Алып бәйтерек» атты алғы сөзінде: «Профессор Бейсенбай Кенжебаев сынды сырты жуас, момын көрінгенімен, іштей берік, қазақ әдебиеттану ғылымында тарихи мектепті негіздеген батыр ойлы ғалым өз шәкірттерінің біріне: «Мынау Ақаң жазған «Әдебиет танытқыш», әдебиет теориясы. Мен 40 жыл сақтадым. Сенің диссертацияңа байғазы болсын. Қалған уақытта сен сақта. Бірақ байқа. Уақыты жетпей айқайласаң, таяқ жейсің. Аруақтың киесі ұрып, кесапаты тиюі мүмкін. Шарапаты тиетін уақыт келер. Ол күнді мен көрпеспін. Сендер көресіңдер» деген ұстазынан зерттеуінің көрімдігі ретінде алғанынан, еңбек тарихына қатысты дерек келтірген еді [3, 5-б.]. Сондай-ақ еңбек жайында Р.Нұрғали: «Өнер тарауларын сәулет (архитектура), сымбат (скульптура), кескін (живопись), әуез (музыка), сөз (әдебиет) өнері деп даралап, әрқайсысына дәлді анықтама беруінен, сөз жоқ, неміс ғалымы Лессингтің әйгілі «Лаокоон» трактатымен таныстықты байқауға болар еді. Сол сияқты әдебиет тектерін таратқанда, ішкі ғалам (субьективті әлем), тиіс ғалам, түйіс ғалам (обьективті әлем) ұғымдарын пайдалану ескідегі Аристотель, кейінгі Гегель, бергідегі Белинский, Веселовский концепцияларын еске түсіреді» деп баға берген [4, 33-б.]. Ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышы» еңбегінің өзі әдебиетті таныту, асыл сөздің теориясын түсіндірген еңбектің алғашқысы екеніне ғалымдар тарапынан баға берілген.

...

Скачать:   txt (21.4 Kb)   pdf (138.9 Kb)   docx (16 Kb)  
Продолжить читать еще 5 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club