Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Табысты болу-адамның бәсекеге қабілетті болуының көрінісі

Автор:   •  Ноябрь 8, 2018  •  Эссе  •  438 Слов (2 Страниц)  •  9,152 Просмотры

Страница 1 из 2

          Табысты болу-адамның бәсекеге қабілетті болуының көрінісі

                      Кез-келген адам табысты, бәсекеге қабілетті болғысы келеді. Иманғали Тасмағанбетов бір сұхбатында «Табысты болу үшін жастар талапты болуы керек. Білімдерін сағат сайын шыңдап, отыруы қажет. Бір мектеп, бір университетпен шектелуді заман талабы көтермейді»- деген болатын. Иә, расыменде мектеп пен университеттен алған білім табысты болып бәсекеге қабілетті болуға аздық етеді. Оған өмірлік тәжірибе мен іздемпаздылық қажет. Менің ойымша адам белгілі бір  табысқа жету үшін ең алдымен алға қойған мақсаты болу керек. Содан кейін ол мақсатқа жету үшін, нақты жоспар құрылып, сол арқылы әрекет етіп, алға қарай қадамдар жасалуы қажет деп білемін. Егер  мол табысқа жетсең, онда сен бәсекеге қабілеттісің.  Бәсекеге қабілетті дегеніміз- сенімен таласқа түсіп жүрген  қарсыласыңмен терезеңнің тең болуы. Етшеңеден таршылық көрмей, қарсы тұра алатындығың. Бұл өмірде әрбір адам табысты болып, еш қиындықсыз өмір сүргісі келеді. Ол барлығымыздың өз қолымызда. Егер біз өз уақытымызды бақылап, бос өткізбесек табысты болуға бірінші қадам жазағанымыздың белгісі.

             Кейде табысқа жетуге, бақытты болуға ұмтылған кезіңізде, армандарыңыдың орындалмаған сәтінде қолымызды бір сілтеген кездер де аз емес. Дегенмен, өмір әрдайым алға ұмтылатындарды, берілмейтін қайсар жандарды ұнатады. Сондықтанда  өмірдің тосынсыйларына дайын болумыз керек. Мәселен, Томос Эдисон электр шамын жасап шығу үшін 10 000 рет қателеседі. Бірақ соңында діттеген мақсатына жетеді.  Сондықтан да , әрбір адам өз мақсатына күдікпен емес сеніммен қарауы керек.

               Егер сен табысты болғың келсе ақшаға бола жұмыс жасау ол үлкен қателік. Әркім өзіне ұнайтын іспен, бар ынтасымен айналысқан адам ғана табысты бола алады. Бұл ғылым жүзінде де дәлелденген. Қазіргі таңда бір ғана Алматы шаһарында жеке кәсібіңді ашуға, табысты болуға жетелейтін, 20-дан астам «бизнес» сыныптары жұмыс жасайды. Кез-келген адам осындай орындардан көмек ала алады. Ол жерге бару үшін сіздің қолыңызда табысқа жетудегі сызбаңыз, жоспарыңыз болса болғаны. Білікті мамандар сіздің кәсібіңіздің дөңгеленіп кетуіне көмектеседі.

...

Скачать:   txt (5 Kb)   pdf (64.1 Kb)   docx (11.5 Kb)  
Продолжить читать еще 1 страницу »
Доступно только на Essays.club