Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Сандық логистика: бәсекеге қабілетті нарық үшін өте маңызды

Автор:   •  Июнь 10, 2018  •  Статья  •  1,783 Слов (8 Страниц)  •  815 Просмотры

Страница 1 из 8

Сандық логистика: бәсекеге қабілетті нарық үшін өте маңызды

Кeнжeбaй Жaнeттa Жaнaбaйқызы

әль-Фapaби атындағы ҚазҰУ, ЭжБЖМ

лoгиcтикa, 3 курс студенті

Ғылыми жетекші:

Есенжігітова Райгүл Ғазымбекқызы

Біз логистикалық операциялар мен стратегияларға динамикалық және түбегейлі өзгеру кезеңіне кірістік. 1990-шы жылдарда көптеген компаниялар логистикалық құзыреттіліктерінің жылдам жетілуін байқағанымен, бірқатар күштер, әсіресе Интернеттің пайда болуы байланыс және ынтымақтастыққа әлеуетті компаниялардың логистикалық стратегияларын, үрдістер мен жүйелерді жасау тәсілдерін түбегейлі өзгертті. Нәтижесінде, осы жаңа парадигманы қолдайтын компаниялар миллиондаған доллар операциялық шығындарды өтей алады, жеткізілімдер тізбегін біріктіруге қол жеткізе алады және клиенттердің назарын аудару арқылы нарықтың қуатын арттырады.

Сандық логистика- білім жүйесінің негізі. Сандық архитектураны оңтайландыру үшін ең озық техникалық құралдарды жасау қажет. Мамандарға экономиканың жаңа сапасына және тасымалданатын объектілердің қозғалысын басқаруға арналған деректердің үлкен көлемін құрайтын сандық технологияларды білуі қажет. Жеткізілім мен таратуды басқаруды оңтайландыру үшін барлық сандық технологияларды біріктіру арқылы  сандық макро және микро-логистикадағы жүк жіберушілер мен тұтынушылардың  қажеттілігін қамтамасыз етуде цифрлық кеңістікті негізгі құрал ретінде алу қажет. Сандық технологиялар, сонымен бірге, өндіріс шығындарын оңтайландыруға, деректердің жоғары көлемімен жүйе секторларындағы критерийлер бойынша артықшылықтарды жасауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар цифрлық технологияны қолдану өмірлік циклдің барлық деңгейлерінде шығынды минимизациялауға байланысты өтпелі және табысты нарықтың жалпы жұмыс істеуіне синергетикалық әсер етеді.

Еуропаның әртүрлі секторларындағы компаниялар, тұтастай алғанда, бизнес модельдерін цифрландыру және олардың жеткізу тізбегін басқару (SCM) үшін едәуір инвестиция жасайды. «DHL» сияқты ірі логистикалық-дистрибьютивті компаниясы тауарлар мен қызметтерді жеткізуде тәуекелдерді барынша азайтатын үлкен деректерге сүйенетінін мәлімдеген, алайда қызметкерлермен жұмыс жасаған кездегі деректерді жинау балдық сынақтарға негізделіп қызметкерлердің жұмыс қарқындылығын 25 пайызға арттырған. Мысалы, «DB Schenker»  компаниясы логистикалық жабдықтаушылық  сандық мобильділік зертханасына, сондай-ақ күшті жүк бизнесімен айналысатын авиакомпанияларды инвестициялайды, ал «Lufthansa» және «Emirates» сияқты логистикалық компаниялары, өз клиенттеріне деректерді жинауды қамтитын қағазсыз электрондық тасымалды кеңейтуді. Мұхит тасымалдаушылары мен «Kuehne + Nagel» сияқты экспедиторлар INTTRA-ның мұхиттық жүк платформасын электронды төлемдер үшін пайдаланады, ал «Amazon» және «Alibaba» жаһандық бөлшек сатушылар тауарларды өңдеуге арналған робототехникаға, жеткізілімге арналған ұшақтарға және активтерді жеңіл жеткізу қызметтерін оңтайландыруға арналған жаңа қосымшаларға инвестициялап, өз қызметтерін потенциалды өрбіту үстінде. Сол себепті Қазақстан компаниялары шетел тәжірибесіне көбірек сүйенсе, дамуға сандық жүйе үлкен әсер беретін еді.

Логистикалық сандық қызметтерді жеткізушілерді және бөлшек сатушыларды бақылауда байқауға болады, олар SCM-ді цифрландырған кезде өндіруші компанияларда да байқалады. «BMW» автомобилі толығымен цифрландырылған зауытқа жетуге және кіріктірілген бөліктерге арналған динамикалық деректерді талдауға негізделген жеткізу-тізбегіндегі сегменттеуге қол жеткізуде. Компания 2015 жылдың мамыр айында Мюнхенде аяқталған логистика, мобильділік, ақпараттық технологиялар және жабдықтау тізбегін басқару бойынша 15-ші Халықаралық сауда жәрмеңкесіне қатысты, бас мердігер Стефан Раммель «DVZ» индустриалдық журналына: «Логистикалық адамдар қайда кездеседі, олар әрдайым сандарды талқылайды»-дейді.

...

Скачать:   txt (28 Kb)   pdf (529.2 Kb)   docx (510.2 Kb)  
Продолжить читать еще 7 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club