Essays.club - Получите бесплатные рефераты, курсовые работы и научные статьи
Поиск

Мектеп кітапханасы

Автор:   •  Ноябрь 8, 2020  •  Доклад  •  619 Слов (3 Страниц)  •  260 Просмотры

Страница 1 из 3

7Мектеп кітапханасы мұғалімдерге және оқушыларға арналған ақпараттық орталық. Біздің кітапхананың мақсаты: оқушыларды, мұғалімдерді және басқа дәрежедегі оқырмандарды оқу-тәрбие процесстерімен, өздігінен білім алу және ақпараттық-библиографиялық жазбалармен қамтамасыз ету және бастауыш буыннан бастап, ары қарай барлық дамыту кезеңдерде оқушыларды ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.  Мектеп кітапханасы барлық қызметімен оқушыларды ылғи өздігінен білім алуға баулиды, ойдағысын дамытуға, ойланып оқуға, оқырмандар өздері ақпаратты іздеп табуға үйретуге тырысады және қандай қиын ақпарат болса да өздігінен жұмыс істеп, осының бәрі оқырмандың білім алуын қалыптастырады.                                                                               Мектеп кітапханасы биылғы 2017-2018 жылында өз жұмысын бастап кетті.Мектебіміздің кітапханасы жылдан-жылға жаңа оқулықтармен білім бөлімі арқылы толықтырылып отырады.Соның дәлелі биылғы оқу жылында да 2-ші,5-ші, 7-ші, сыныптарға (жаңартылған оқу бағдарламасымен) оқулықтар білім бөлімі арқылы  келіп түсті.Биыл кітап қорымызға  4052 кітап  қосылып,  кітапханамыздың қорының саны 23115 болды.Оның ішінде оқулықтар саны 10995. Көркем әдебиеттер 12120 дана, электрондық оқулықтар 32 дана. 280 аудио таспалармен қамтылған.  1-11 сыныптар арасында оқулықтар таратылып, оқушылар оқулықтармен толықтай қамтылды.Мектебімізде  1-ші, 3-ші ,6-шы  сыныптардың оқулықтар саны аз.Оның себебі былтыр 1 сыныпта оқушылар саны 62 болса, биылғы оқу жылында оқушы саны  72 болды. 1-ші сыныптың оқулықтарының жетіспеуіне байланысты , басқа мектептердің кітапханашыларымен байланыста болып, жетіспейтін оқулықтарды сұрап, оқушыларға бердім.Атап айтар болсақ, Жангелдин орта мектебінен 2 комплекты ,Айшуақ негізгі мектебінен 3 комплекты .Тоғыз орта мектебінен 2 комплекты 1-сыныптарға оқулықтар алынды.6-сыныптың оқушыларына да оқулықтар  Жангелдин  орта мектебінен алынды.                        Қазіргі таңда мектебіміздің кітапханасына бастауыш сынып оқушыларының қызығушылығы басым. (Атап айтар болсақ 2 -а сынып оқушылары  сынып жетекшісі Нұрадинова Айнагүл  және де 2-б сынып , 3-а,3-ә,3-б сынып оқушылары)    және де жоғары сынып оқушылары да кітапханамен тығыз байланыста. Бүгінгі кітапханамызда оқу залы бар. Оқу залында көпшілік шаралар, дәрістер өткізіледі. Оқырмандардан ұсыныс қабылданып, қордағы материалдар ұсынылады. Кітапхананың оқу залында даталы күндерге байланысты және дәріс өткізу барысында көмек ретінде кітап көрмелері мен ұсыныстық әдебиеттер тізімі жасалады.

...

Скачать:   txt (7.7 Kb)   pdf (49.2 Kb)   docx (8.6 Kb)  
Продолжить читать еще 2 страниц(ы) »
Доступно только на Essays.club